Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elektr jetegi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.24 Mб
Скачать
    1. Жаттығулар

      1. Айналаңызда электр жетегі қолданылатын көптеген құрылғылар бар.Солардан жақсы білетін біреуін таңдап алып 1.1- суреттегі көрсетілген блоктарды, байланыстарды, техниканың көршілес облыстарымен және шекараларды тауып көріңіз.

      1. Электр жетегі құрамына ақпараттық арна (1.1-сурет) немесе энергия ағынын басқарушы кейбір жүйе енеді. Әдебиеттерде екі әртүрлі сөздерді кездестіруге болады: «Электр жетегін басқару сұлбасы» және «электр жетектің басқару сұлбасы». Бұл сөздер тең мағыналы ма? Қайсысы дәлірек?

      1. Күштік электроника саласындағы мамандар кей-кезде электр жетегі деп электрондық түрлендіргішті айтады. (1.1-сурет), электр машиналары саласындағы мамандар жиі электр жетегі деп «әлдебір нәрселер тіркелген» машинаны айтады. Осы анықтамаларға қандай түсініктемелер бересіз?

      1. Қазіргі заманғы электр жетегінің дамуының негізгі кезеңдерін көрсететін қысқаша реферат жазып құрастырыңыз.

    1. Түйін

Электр жетегі - электр механикалық (міндетті түрде), электрлік, механикалық түрлендіргіштердің және басқарушы (ақпараттық) бөлімдерден құралған жүйе, электр энергиясын механикалық энергияға және керісінше, басқарылатын түрлендіруді іске асырады, электрмен жабдықтау жүйесімен, жұмысшы машинасымен, жоғары деңгейлі басқару жүйесімен өзара әрекеттеседі.

Қуаты мен айналу жиілігінің диапазоны 1012 артылады.

Электр жетегі практика жүзінде технологиялардың барлық түрлерінде қолданылады, тек қана электрлік емес қозғалтқыштар пайдаланылатын салалар (авто көлік және с.с.) ғана бұған кірмейді.

Электр жетегі барлық өндірілетін электр энергиясының 70% артығын тұтынады.

2. Электр жетегі механикасының негізі

2.1. Қозғалыс теңдеуі

Қозғалтқыштың роторынан және онымен тікелей байланысқан жүктемеден-машинаның жұмысшы бөлігінен құралған ең қарапайым механикалық жүйені қарастырайық (2.1-сурет). Бұл жүйе толығымен нақтылы: атап айтқанда бір қатар сораптардың, желдеткіштердің, көптеген басқадай машиналардың механикалық бөлімі осылайша іске асырылған.

2.1-сурет. Механикалық бөлімнің моделі.

Суреттегі жүйеге екі момент түсірілген деп есептейік: бірі қозғалтқыш тудыратын электрмагниттік момент М, екіншісі жүктеме, механикалық бөлімдегі (үйкеліс) шығасылар тудыратын статикалық момент Мс әр бір моменттің өз мәні және бағыты бар. Жүйенің қозғалысы Ньютонның екінші заңымен анықталады:

(2.1)

мұндағы ω - бұрыштық жылдамдық; j жинақ инерция моменті;

(2.1) теңдеудің оң бөлімі , динамикалық момент болады. Ол, М және моменттердің алгебралық қосындысы нөлден басқа болғанда туындайды, динамикалық моменттің таңбасы мен мәні үдеуді анықтайды. яғни М және моменттері тең және қарсы бағытталған режимдер қалыптасқан немесе статикалық деп аталады, оларға , соның ішінде сәйкес келеді.

режимдер өтпелі немесе динамикалық деп аталады (үдеу, баяулау).

(2.1) теңдеудегі моменті практика жүзінде толығымен жүктеменің қасиеттерімен анықталады, ал М моментін тәуелсіз айнымалы шама ретінде қабылдауға болады, оны қозғалтқыш қалыптастырады. Бұрыштық жылдамдық - тәуелді айнымалы шама, динамикалық режимдерде кез-келген нақты жағдайлар үшін (2.1) теңдеуінің шешімінен анықталады, ал статикалық режимдерде мына шарт бойынша табылады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]