Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elektr jetegi.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.24 Mб
Скачать

3.7. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының тежелу режимдеріндегі механикалық сипаттамалары

Тізбектей қоздырылатын ЭҚ тежеудің екі режимі болады: динамикалық тежеу және қарсы қосу арқылы тежеу. Динамикалық тежеудің сипаттамасы, қозғалтқыштық режим сипаттамаларының жалғасы ретінде теріс бұрыштық жылдамдық аймағындағы өтетін жалғасы болады. Бұл 3.22-суретте І және ІV квадранттарда өтетін сипаттамалармен көрсетілген.

Егер де жүкті қозғалту моменті электр қозғалтқыштың қысқа тұйықталу Мқ.т. моментінен үлкен болса ғана қарсы қосу арқылы тежеу мүмкін болады.

Якорға келтірілген кернеуді қарама-қарсы өзгерту арқылы қарсы қосу режимін құруға болады. Бұл жағдайда якорь тоғы өзгеріп, қоздыру токтың бағыты өзгермеуі керек. Кернеу қарама-қарсы өзгерту кезіндегі механикалық сипаттамалар 3.23-суретте келтірілген.

3.22-сурет. Әр түрлі режимдегі тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары.

3.23-сурет. Қарсы қосу арқылы тежеу режиміндегі тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары.

Динамикалық тежеу екі әдіспен жүргізіледі: өзін-өзі қоздыру және тәуелсіз қоздыру. Өзін-өзі қоздырып тежеу кезінде (3.24-сурет) қозғалтқыштың якорі және қоздыру орамасы желіден ажыратылып кедергіге (резисторға) жалғанады.

3.24-сурет. Өздігінен қоздырылатын динамикалық тежеу кезіндегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың қосылу сұлбасы.

Осындай жағдайлар үшін машинаның механикалық сипаттамалары 3.10-суреттегі II квадрантта келтірілген. Бұл тежеу әдісі кезінде бастапқыда өте үлкен өзін-өзі қоздыру болады, ол кедергі моментінің ырғақтауына апарады. Сол себептен механизмде қажетсіз соққылар туады. Осы себептен 3.25-суретте көрсетілген сұлба бойынша ЭҚ-тың тәуелсіз қоздырылатын динамикалық тежеу қолданылады.

3.25-сурет. Тәуелсіз қоздырылатын динамикалық тежеу кезіндегі тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың қосылу сұлбасы.

ЭҚ тәуелсіз қоздырылатын генератор ретінде жұмыс істегендіктен оның сипаттамасы тәуелсіз қоздырылатын ЭҚ динамикалық тежеу сипаттамасы сияқты болады. Бұл сипаттамалар сызықты болады және бәрі де координат басында қиылысады.

3.8. Тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың бұрыштық жылдамдығын магнит ағынын өзгерту арқылы реттеу

  (3.29)

(3.29) теңдеуден үш әр түрлі бұрыштық жылдамдықты реттейтін тәсілдер шығады:

а) қоздыру токты (магнит ағынын) өзгерту арқылы;

б) якорь тізбегінің кедергісін өзгерту арқылы (реостаттық);

в) қозғалтқыштың якорь кернеуін өзгерту арқылы.

а) кедергі арқылы

б) кернеу реттеуіші арқылы

3.26-сурет. Магнит ағынын өзгерту арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеуінің ЭЖ-нің сұлбалары.

ЭҚ-тың қоздыру орамасы қозғалтқыштың 2 - 2,5% қуатын тұтынады, сол себептен қоздыру токты өзгерту арқылы реттеу өте үнемді.

3.27-сурет. Қоздыру токты өзгерту жылдамдықты реттеудің электр механикалық сипаттамалары.

3.28-сурет. Қоздыру токты өзгерту арқылы бұрыштық жылдамдықты реттеудің механикалық сипаттамалары.

Бұл әдісті қолданғанда жылдамдық негізгі жылдамдықтан жоғары реттеледі, ал рұқсат етілетін момент гипербола заңы бойынша өзгереді және рұқсат етілетін қуат тұрақты болып қалады. = f(І) электрмеханикалық сипаттамаларға қоздыру тоғы өзгерген кезде, идеал бос жүрістің бұрыштық жылдамдығының әр түрлі мәндері сәйкес келеді, ол мына өрнекпен анықталады:

о (3.30)

3.27, 3.28-суреттерде Ф Фном кезде тәбиғи сипаттама үшін идеал бос жүрістің бұрыштық жылдамдығы о ордината өсінде көрсетілген.

Барлық электр механикалық сипаттамалар абцисса өсінің бір нүктесінде қиылысады. Бұл мынадан шығады, =0 кезде электрмеханикалық сипаттамасының теңдеу түрінен:

0 = ,

ал мұнан токты белгілесек: I I қт.

Механикалық сипаттамалар ординат биікте бір нүктеде қиылысады, себебі магнит ағыны азайғанда қысқа тұйықталу моментінде азаяды

Mқ.т.=kIқ.т. (3.31)

Реттеу диапазоны 5:1 ден 10:1-ге дейін болады.

Жылдамдық ырғақтылығын берілген диапазон шекте реттеу реостаттың саты санына тәуелді.

Бұрыштық жылдамдықтың тұрақтылығы жеткілікті жоғары болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]