Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
elektr jetegi.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.24 Mб
Скачать

3.6. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың механикалық сипаттамалары

Электрмеханикалық сипаттаманың тендеуі:

 = ,

мұндағы: R - якорь тізбегі мен қоздыру орама кедергілерінің қосынды кедергісі.

3.16-сурет. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың

жалғану сұлбасы.

3.17-сурет. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың магниттелу қисығы.

Тәуелсіз қоздырылатын қозғалтқышқа қарағанда тізбектей қоздырылатын қозғалтқышта магнит ағыны Ф токқа тәуелді.

Егер де магнит жүйенің канығуын есепке алмасақ, онда магнит ағыны мен токтың арасындағы тәуелділік сызықты деп есептеуге болады, яғни Ф = а І.

Бұл жағдайда қозғалтқыштың моменті

М = kФІ = αkI2 = mI2 (3.23)

3.18-сурет. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың механикалық сипаттамасы.

Бұрыштық жылдамдықтың теңдеуіне теңдеуден токтың мәнін қойсақ механикалық сипаттаманың формуласын табамыз:

= (3.24)

Бұдан шығатыны, егер де магниттік тізбек қаныққан болмаса, онда механикалық сипаттама қисық сызықпен көрсетіледі (3.19-сурет).

3.19-сурет. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқышының моменті мен бұрыштық жылдамдығының якорь тоғына тәуелділігі.

Табиғи механикалық сипаттамалар (3.24) теңдеумен тұрғызылған сипаттамалардан айырмашылығы болғандықтан сипаттамалар граф-аналиттік әдіспен тұрғызылады. Табиғи механикалық сипаттамалар, әдетте каталогтарда келтірілетін п – f(І) және М =Ψ(І) табиғи механикалық сипаттамалар арқылы тұрғызылады.

Жекелеген типті сериялы қозғалтқыштар үшін бұл сипаттамалар салыстырмалы бірлікте беріледі: ω* = ƒ(I*) және M* = Ψ(I*). Осындай әмбебап деп аталатын сипаттамалар 3.19-суретте көрсетілген.

Табиғи сипаттамаларды тұрғызу үшін келесі әдісті пайдаланайық.

Табиғи сипаттаманың теңдеуі:

ωт = U – I Rk / kФ,

мұндағы Rk= Rя+Rқо

немесе

ωт = U /kФ(1 – I Rқ / U) (3.25)

Егерде якорь тізбегіне қосымша кедергі Rр (реостат) қосылса, онда қозғалтқыш реостаттық сипаттамада жұмыс істейді, ол үшін

ω = (3.26)

осы теңдеуді (2.18) теңдеуге бөлсек:

осы арадан шығатыны:

ω =қ (3.27)

немесе салыстырмалы бірліктерде:

ω*= ω*k , (3.28)

мұндағы: R* = - якорь тізбегінің салыстырмалы бірліктеріндегі жасанды кедергі:

Rқ*= , *= , т*= , I*=

Реостаттық сипаттамаларды тұрғызу тәртібі мынандай:

Токтың I* кейбір мәнін алып, табиғи сипаттама арқылы ωс1*- ты табады. Содан кейін белгілі (3.28) теңдеуі бойынша R* = R1* , сондай-ақ I1*, бойынша белгісіз ω1* мәнін анықтаймыз. Дәл осы сияқты токтың I* басқа мәндерінен жылдамдықтың белгісіз ω2*, ω3* және т.б. керекті мәндерін анықтаймыз.

3.20-суретте тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың табиғи Rқ* және Rр* реостаттық сипаттамалары, көрсетілген әдіс бойынша тұрғызылған.

3.19-суреттегі келтірілген ω* = ƒ(I*) қисығын және электрмеханикалық сипаттамаларды пайдаланып қозғалтқыштың механикалық сипаттамаларын ω* = ƒ(М*) сипаттайтын қисықтарды оңай тұрғызуға болады.

3.20-сурет. Тізбектей қоздырылатын қозғалтқыштың табиғи және реостаттық электрмеханикалық сипаттамалары.

3.21-сурет. Тізбектей қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштың табиғи және реостаттық механикалық сипаттамалары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]