Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТД Багдарлама оку практика 2011-2012.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
245.76 Кб
Скачать
  1. Практиканың мақсаты мен міндеттері

Оқу-таныстыру практикасының мақсаты тыңдаушыларды кеден органдары қызметінің бағыттарымен, болашақ кәсіби қызметтеріндегі негізгі функцияларымен және міндеттерімен таныстыру болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін практика барысында мынадай міндеттер орындалуға тиіс:

  • оқу барысында тыңдаушылармен алынған теориялық білімдерін тексеру және бекіту;

  • кеден органының ұйымдастырушылық құрылымымен, оның негізгі функцияларымен танысу;

  • кеден органдары қызметін ұйымдастыруды қарастыру;

  • практика бойынша есепті, курстық жұмыстарды, ғылыми баяндамаларды дайындау үшін материалдарды жинау және жүйелеу;

  • Қазақстан Республикасының кедендік және өзге заңнамалар нормаларын қолдану бойынша тыңдаушылардың кәсіби дағдыларын құрау.

  1. Практикаға қатысушылардың құқықтық ережелері

3.1. Практика жетекшісінің (тәлімгердің) міндеттері

Кеден органынан оқу-таныстыру практика жетекшісі:

  • практиканы өтудің күнтізбелік жоспарына сәйкес тыңдаушының жұмысын ұйымдастыруға;

  • таңдаған мамандығы бойынша тыңдаушының орындайтын жұмысының сипаты мен ерекшеліктерін таныстыруға;

  • тыңдаушының Бағдарламаны сақтауына, практиканы өтудің күнтізбелік жоспарын және есептік құжаттарды уақытылы орындауына бақылауды күнделікті жүзеге асыруға;

  • тыңдаушының күнделігіне тексеріс жүргізуге;

  • тыңдаушының заңдылықты, қызметтік құпияны, тәртіпті және ішкі тәртіп ережелерін сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар қабылдауға;

  • тыңдаушылар жағынан бұзушылық фактілері туралы бөлімше бастығына жедел түрде баяндауға;

  • таңдаған мамандығы бойынша тыңдаушының кәсіптік дағдылары мен икемдерін қалыптастыруға және бекітуге;

  • тыңдаушының жеке және іскерлік қасиеттерін зерттеуге;

  • оқу-таныстыру практиканы өту қорытындысы бойынша тыңдаушыға алдын-ала бағасын қоюға;

  • практиканың нәтижесі бойынша оны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар даярлауға міндетті.

3.2. Тыңдаушының міндеттері

Оқу-таныстыру практикасынан өту барысында тыңдаушы:

  • осы бағдарламада көзделген тапсырмаларды толық көлемде және белгіленген мерзімде орындауға, күнделікті жасалған жұмыс нәтижелері туралы күнделік жүргізуге;

  • оқу-таныстыру практиканы өту орны бойынша кеден органдарында белгіленген еңбек күн тәртібін сақтауға;

  • жоғары қырағылық, ұйымдастырушылық, бастамашылық таныту, заңдылықты қатаң сақтауға;

  • кедендік органдары қызметіне қатысты бұйрықтарды, нұсқаулықтарды, шолуларды зерделеу;

  • ұжымның қоғамдық өміріне араласу, қызметтік және әскери дайындық, дене шынықтыру сабақтарына қатысуға;

  • практиканың тікелей жетекшісі (тәлімгері) алдында, жасалған жұмыс нәтижелері туралы күн сайын есеп беруге;

  • курстық жұмыстар, ғылыми баяндамалар жазу үшін кеден органының аумақтық бөлімшесінің кәсіби қызметі бойынша «ҚҚҮ», «Құпия» грифы бар материалдарды қоспағанда, нақты және практикалық материалдарды жинауды жүзеге асыруға міндетті.

  1. Практиканы өту тәртібі

Практиканың мазмұны және оны өткізу мерзімі 5В030400 – «Кеден ісі» мамандығы бойынша Оқу жұмыс жоспарымен белгіленеді. Азаматтық-құқықтық пәндер және кеден ісі кафедрасы практиканың тақырыптық жоспарын құрастырады және мазмұнын анықтайды.

Тыңдаушылар практиканы өтетін бөлімшелерге тыңдаушыларды жеке бөлуді кеден органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті басшысы іске асырады.

Тыңдаушылар практиканың алғашқы күні кеден органының аумақтық бөлімшелеріне келеді, онда қызмет басшыларының қатысуымен өтетін жедел отырыста құрылымдық бөлімшелер бойынша жеке бөлінеді. Тыңдаушылар кеден органының аумақтық бөлімшелерінде, алдағы жұмыс сипатымен, кеден органының құрылымымен, жұмыс күні тәртібімен танысып, сонан соң кеден органының аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен тәжірибелі тәлімгер-қызметкерге бекітіледі.

Практика уақытында тыңдаушылар практика өтіп жатқан аумақтық кеден органы басшысының қарамағында болады.

Тыңдаушылар үшін Бағдарламаға сәйкес практиканы өтудің жеке күнтізбелік жоспары құрылады (1 қосымша).

Тыңдаушылар күнделікті орындаған жұмыс нәтижелерін практиканы өту күнделігіне жазып отырады (2 қосымша).