
- •Бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар
- •Мазмұны
- •Жалпы ережелер
- •Практиканың мақсаты мен міндеттері
- •Практикаға қатысушылардың құқықтық ережелері
- •3.1. Практика жетекшісінің (тәлімгердің) міндеттері
- •3.2. Тыңдаушының міндеттері
- •Практиканы өту тәртібі
- •Практиканың тақырыптық жоспары*
- •Практиканың мазмұны
- •6.1 Кедендік бақылау департаментінің (кеденнің, кеден бекеттің) жұмысын ұйымдастырумен жалпы танысу
- •6.2 Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы
- •6.3 Контрабандаға қарсы күрес басқармасы
- •6.4 Кедендік кірістер басқармасы
- •6.5 Пост-кедендік бақылау басқармасының (бөлімінің) жұмысын ұйымдастыру
- •6.6 Статистика және тәуекелді талдау бөлімінің жұмысын ұйымдастыру
- •6.7 Халықаралық қатынастар басқармасының жұмысын ұйымдастыру
- •6.8 Ақпараттық технологиялар және модернизациялау басқармасының жұмысын ұйымдастыру
- •6.9 «Энергетикалық» кеден бекетінің жұмысын ұйымдастыру
- •Есепті құрастыру және қорғау
- •1 Қосымша
- •5В030400 «Кеден ісі» мамандығының 2 курс тыңдаушысының
- •2 Қосымша
- •5В030400 «Кеден ісі» мамандығының 2 курс тыңдаушысының
- •3 Қосымша
- •Қазақстан республикасы экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі
- •(Қаржы полициясы)
- •Қаржы полициясы академиясы
- •4 Қосымша
- •5 Қосымша
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЛМЫСҚА ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС АГЕНТТІГІ
(ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ)
ҚАРЖЫ ПОЛИЦИЯСЫ АКАДЕМИЯСЫ
5В030400 «Кеден ісі» мамандығының
2 курс тыңдаушыларына арналған
оқу-таныстыру практикасынан өту бойынша
Бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар
Астана
2013
ҚҰРАСТЫРУШЫ:
Кеден ісі кафедрасының бастығы, э.ғ.к., қаржы полициясының полковнигі Н.Б. РУБЕНКОВА
Кеден ісі кафедрасының аға оқытушысы, қаржы полициясының капитаны М.О. ҚАСЫМОВА
Бағдарлама және әдістемелік нұсқаулар 5.03.005-2009 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Кәсіби практика. Негізгі ережелер» Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес оқу-таныстыру практикадан өту және есепті дайындау кезінде тыңдаушылар үшін бірдей және міндетті талаптарды, ережелер мен ұсыныстарды айқындайды.
Мазмұны
Жалпы ережелер
Практиканың мақсаты мен міндеттері
Практикаға қатысушылардың құқықтық ережелері
3.1. Практика жетекшісінің міндеттері
3.2. Тыңдаушының міндеттері
Практиканы өту тәртібі
Практиканың тақырыптық жоспары
Практиканың мазмұны
Есепті құрастыру және қорғау
Қосымшалар
Жалпы ережелер
Қаржы полициясы академиясының (бұдан әрі – Академия) «Кеден ісі» мамандығы тыңдаушыларының оқу-таныстыру практикасы (бұдан әрі – практика) кеден органдары үшін жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды бөлімі болып табылады.
Жоғары және жоғары оқу орынынан кейінгі білім беру факультеті тыңдаушыларының практикасын жоспарлау және ұйымдастыру 5В030400 «Кеден ісі» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес жүзеге асырылады. Практиканың мазмұны және оны өткізу уақыты 5В030400 «Кеден ісі» мамандығы бойынша 2 курс тыңдаушыларға арналған Оқу жұмыс жоспарымен және Оқу-таныстыру практиканы өту бойынша бағдарлама және әдістемелік нұсқаулармен (бұдан әрі – Бағдарлама) белгіленеді. Практика өту мерзімдерін, практика орындарын және кафедрадан практика жетекшісі көрсетіле отырып, тыңдаушыларды практикаға жіберу Академия бастығының бұйрығымен ресімделеді.
Тыңдаушылардың практикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде өткізіледі. Практиканы өту мәселелері кеден органының аумақтық бөлімшелеріндегі жедел отырыстарда талқыланады.
Академияның азаматтық-құқықтық пәндер және кеден ісі кафедрасы тыңдаушыларды практиканы өту тәртібімен таныстыру және кафедра талаптарына сәйкес есептерді құрастыру және қорғауы үшін тыңдаушыларға практикаға шығар алдында шолу конференциясын өткізеді.
Практикаға жалпы басшылық жасау кеден органының аумақтық бөлімшелерінің (практика өту орны бойынша) уәкілетті басшысына жүктеледі, оның бұйрығымен кеден органының қызметкерлері арасынан практиканың тікелей жетекшісі (тәлімгері) тағайындалады. Азаматтық-құқықтық пәндер және кеден ісі кафедрасының бастығымен есептерді құрастыру және қорғау бойынша әдістемелік көмек беру үшін профессорлық-оқытушылық құрамы арасынан практика жетекшісі тағайындалады.
Қызметтік тәртіпті немесе ішкі тәртіп ережелерін бұзған тыңдаушыларға, кеден органдарының аумақтық бөлімшелерінің уәкілетті басшылары тәртіптік шаралар қолдануы мүмкін. Тыңдаушыларды марапаттау немесе жазалау туралы бұйрық көшірмелері тыңдаушылардың жеке істеріне тіркеу үшін Академияға жіберіледі. Тыңдаушыларды белгіленген мерзімнен бұрын Академия басшылығының келісімінсіз Академия қарамағына жіберуге рұқсат берілмейді
Практиканың өту барысын бақылау Академияның азаматтық-құқықтық пәндер және кеден ісі кафедрасына жүктеледі.
Практика аяқталған соң, тыңдаушылар – есеп, ал тәлімгері – мінездеме дайындайды. Оны кеден органының аумақтық бөлімшелерінің уәкілетті басшысы бекітеді және елтаңбалы мөрмен куәландырады.
Мінездемеде:
бағдарламаның, практиканы өтудің күнтізбелік жоспарының толық және сапалы орындалуы;
тыңдаушының қызметтік міндеттерді орындауға дайындық деңгейі;
ұйымдастырушылық қабілеттерінің болуы, кеден ісі саласындағы нормативтік-құқықтық актілерді білуі және оларды жұмыста қолдана алуы;
аумақтық кеден органының құрылымдық бөлімшесі бастығының жетекшілігімен тыңдаушының өз бетінше орындаған жұмыс көлемі;
тыңдаушының моральдық-ерікті және іскерлік қасиеттері, тәртіптілігі, тындырымдылығы, жалпы және мәдени деңгейі;
бағдарламаны табысты орындауға септігін тигізген немесе кедергі келтірген жеке қасиеттері;
практика өту қорытындысы бойынша алдын ала бағасы бекітілген балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша қойылады (12 бет).
Кеден органының аумақтық бөлімшелерінде өткен практикасын аяқтағаннан кейін құрамына Академия өкілдері кіретін кеден органының аумақтық бөлімшесінің уәкілетті басшысының бұйрығымен тағайындалған комиссия алдында практика бойынша есептерін қорғау ұйымдастырылады.
Бағдарламаны орындамаған, теріс пікір немесе практика бойынша есеп қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алған тыңдаушылар Академиядан шығарылады.