Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДӘРІС №6-10.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
880.64 Кб
Скачать

Халықаралық террористiк iс-әрекет:

террорист немесе террористiк ұйым бiреуден көп мемлекеттiң аумағында немесе бiреуден көп мемлекет мүдделерiне зиян келтiретiн;

бiр мемлекеттiң азаматтары басқа мемлекеттiң азаматтарына қатысты немесе басқа мемлекеттiң аумағында;

террорист те және терроризмнiң құрбаны да бiр мемлекеттiң немесе әртүрлi мемлекеттiң азаматтары болып табылған, бiрақ қылмыс осы мемлекеттер аумағының шегiнен тыс жерлерде жасалған жағдайда жүзеге асыратын террористiк іс-әрекет;

Әсер ету масштабына қарай терроризм ішкі (субъектілер – сол елдің азаматтары мен ұйымдары, актілердің зардабы сол елдің шекарасынан шықпайды) және халықаралық (бір мемлекеттің шекарасынан шығып кететін террористік қимыл) болып бөлінеді.

Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:

Ядролық лаңкестік – ядролық жарылғыш заттарды жару немесе онымен қорқыту, радиоактивті заттармен улау, ядролық нысандарды басып алу мақсатын көздейді. Қазір дүниенің 30 мемлекетінде 450-ге жуық ядролық объектілер, 100-деген ядролық реакторлар, он мыңдаған ядролық қарулар бар.

Хайджекин – ірі көлік құралдары: ұшақ, пойыз, автомобиль және кемелерді ұрлауды мақсат етеді. Бірінші әуе лаңкестік 1930 жылы жасалған. Лаңкестер тарапынан 1969 жылы 91, 1972 жылы 59 жолаушы ұшақтарына шабуыл жасалған. Тіпті, 1971 жылы қыркүйек айында 4 ұшақ лаңкестер тарапынан қиратылды.

Гиперлаңкестік – арнайы хакер тәсілдері бойынша компьютер басқару жүйесін иеленіп алу, компьютер вирустары арқылы интернет жүйесін істен шығару көзделеді.

Биолаңкестік – вирус, ұнтақ сияқты бактериялық қоспаларды пайдалана отырып лаңкестік әрекет жасау.

Химиялық лаңкестік – улаушы және тұншықтырушы газдарды лаңкестік мақсатқа пайдалану.

Ақпараттық лаңкестік деп теракт жасауға алып келетін мағлұматтарды БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдары) арқылы тарату, экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің өз техникалық мүмкіндіктерін басқаларға зиян тигізу үшін пайдалануды айтады.

«Экстремизм» деген терминнің өзі XX ғасырдың екінші жартысынан бастап қолданысқа енді. Экстремизм латынның extremus – крайний деген сөзінен шыққан. Ол «ең соңғы, төтенше» деген мағынаны білдіреді. Экстремизм баспасөзде лаңкестік деп аударылып жүр. Бұл өз мағынасын дәл беріп тұрған жоқ. Лаңкестік ұғымы ылаң салу, бүлік шығару, бұзақылық жасау деген ұғымға жақын келеді. Ал экстремизм – бұдан кеңірек ұғым. Оның өмірдегі көріністері терроризм, геноцид, этноцид, расизм болып табылады.

Әрине, экстремизмнің түрлерінің бәрі – терроризм, расизм, этноцид, геноцид – бәрі де күш қолдануға сүйенген. Шындығына келсек, күш қолданудың (насилие) екі түрі бар. Бірі – легитимді (заңды) түрі, екіншісі – заңсыз түрі. Бүл екінші топқа экстремизм жатады. Ал бірінші топқа легитимді түрде күш қолданатын мемлекет жатады. Оның күш қолдану институттары бар: әскер, полиция, қаржы, жол, көлік полициялары, қауіпсіздік органдары бар. Олар Конституцияға сай қоғамдық тәртіпті сақтау үшін заңды түрде, легитимді жолмен күш қолдануға, жазалау шараларын жүргізуге, адам құқықтарын шектеуге, бостандықтан айыруға заңды құзыретін пайдаланады. Экстремизм болса күш қолдануға заңды аттап өз бетінше барады.

Олардың әрекеті легитимді емес. Заңды аяққа басу, қоғамда қалыптасқан дәстүрлі тәртіп нормалары мен ережелерін бұзу қылмысқа жатады. Экстремистердің ісі – ауыр қылмыс болып табылады. Экстремизмнің бүгінгі таңда кең тараған түрі – терроризм.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]