
- •Ұжымдық қорғаныс құралдары
- •1962 Жылдың ақпанның 16 нан 17 не қараған түні бір бірінен мүлдем тәуелсіз екі құбылыс сұмдық зардаптарға әкеліп соқты. 11-12 балл күші бар дауылды жел Солтүстік
- •Қызметтердің негізгі міндеттері:
- •Халықаралық террористiк iс-әрекет:
- •Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:
- •Әдебиеттер:
Қызметтердің негізгі міндеттері:
мал мен өсімдіктерді, ауылшаруашынық өнімдерін және өсімдік шаруашылығын, су көздері мен сумен жабдықтау жүйесін радиоактивтік, химиялық, бактериологиялык (биологиялық) зақымданудан қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру және орындау;
ветеринарлық және фитологиялық барлауды, зақымданған хайуанаттарды емдеуді ұйымдастыру;
зақымдалған хайуанаттарды амалсыз союды және оларды көмуді ұйымдастыру; егістікті, жайылымды және мал мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін залалсыздандыру;
ауылшаруашылығы өнімдері мен малды қауіпсіз аймаққа апаруды ұйымдастыру;
жем-шөп пен астықтың артық қорын жасау;
қызмет бөлімшелерін мақсат бойынша іс-әрекеттерге даярлата ұстау және оларды жеке құралмен, техникамен және мүлікпен қамсыздандыру;
дәрі-дәрмектердің, залалсыздандырғыш заттардың қорын жасау және де дер кезінде жаңарту;
төтенше жағдайдағы, зақымдану ошақтарындағы іс-әрекеттерге ауыл халқын оқытып-үйретуді ұйымдастыру және өткізу.
Шаруашылықтағы мал мен өсімдіктің зақымдалуын оқшауландыру және жою жұмыстары төтенше жағдай аймағында тікелей іс-әрекет ететін мал мен өсімдікті қорғау командасына (МӨҚК) жіктеледі, олар:
хайуанаттарға ветеринарлық көмек көрсетеді;
оларды көшіріп, қоныстандырады;
зақымданған хайуанаттарды, өсімдіктерді сынақтама тексерінен өткізеді, ескереді және зерттеу үшін зертханаға жеткізеді;
хайуанаттар нысандарына залалсыздандыру жүргізеді және зақымдалған хайуанаттарға ветеринарлық ем-дом жасайды;
улы химикаттар көмегімен зақымдалған егістіктерді залалсыздандырады.
Өсімдікке гамма - сәулелер мен бета – бөлшектері, әсіресе үстіңгі бетте жиналғандары зақымдағыштық әсер етеді. Бета - белшектерінің өткіш қасиеті шамалы болсада, олар өсімдіктің жапырақтары мен өсіп - өну органдарын зақымдауға толығымен жеткілікті. Өсімдіктерді зақымдаған кезде жұтылған до-задағы бета-сәулелерінің үлесі гамма - сәулелерінің үлесінен 10 - 20 рет артық. Өсімдіктердің дамуының ең алғашқы кезеңі, белсенді өсу аймағы, яғни бөлінетін жас клеткалар зардап шеккенде сәулеге өте сезімтал келеді, ал өсімдіктердің әрбір түрлері мен сорттарына әр түрлі радиоактивті сезімталдық тән. Осылайша астық тұқымдас өсімдіктер түтікке шығуы кезінде, бұршақ тұқымдастар бутонизация - гүлдену кезінде иондаушы радиацияның әсеріне өте сезімтал келеді. Өсімдіктердің тұқымдарының пісуі аяқталуы кезіндегі сәулеленуі өнім көлеміне әсер етпейді, өйткені олардың қалыптасуы бұл кезде іс жүзінде аяқталған. Алайда бұл жағдайда сәулеленудің үлкен дозасы кезінде астық, ішінара немесе толық өсу қабілетін жоғалтады.
Таблицада ауылшаруашылығы дақылдары мен ағаштар үшін сәулеленудің жойғыш дозасының көлемі келтірілген.
Зақымданған аудаңдағы халықтың іс - әрекеті мен өзін - өзі ұстау тәртібін АҚ және ТЖ органдары билейді, олар радиациялық ахуалдың сипаты туралы хабарлап, не істеу керектігін түсіндіреді.
Өсімдіктің түрі |
Сәулелену дозасы (рад) |
Ағаштар пен өсімдіктердің түрлері |
Сәулелену дозасы (рад) |
Пияз |
1500 |
Кара бидай |
4350 |
Сұлы |
3300 |
Арпа |
4350 |
Жүгері |
4200 |
Бидай |
4500 |
қырыққабат |
12300 |
Бақша бұршағы |
4600 |
Қызанақ |
12400 |
Орамды карағайы |
1000 |
Күріш |
19600 |
Көгілдір шырша |
1020 |
Зығыр |
20700 |
Жапон бал қарағайы |
1250 |
Картоп |
12600 |
Буланғыш тұт |
1500 |
Қантты қы зылша |
13400 |
Қайың |
8000 |
Тисс |
800 |
Қызыл емен |
8000 |
|
|
Қызыл үйеңкі |
10000 |
Тоңазытқыштарда, ас үйдегі столдарда, шкафтарда, жертөледе, шыны және эмалданған ыдыста, полиэтилен қапшығында сақталынған азық - түлік пайдалануға жарамды.
Топырақ қыртыстарының астындағы тамырлы жемістер іс жүзіңде радионуклидпен ластанбайды.
Радиоактивті заттармен ластанған картопты, сәбізді және басқа тамырлы жемістерді мұқият жуып тазалаған жөн. Бұдан кейін қабығамен қоса 5мм қабатын кесіп, тамаққа пайдалануға болады. Азық - түліктің тек үстіңгі қабатымен ғана радиоакгивті зақымдауға ұшырайтындығын есте сақтаңыз. Үстіңгі қабатын алғаннан кейін немесе біршама уақыттан соң табиғи дезактивация салдарынан пайдалануға жарамды болады.
Жергілікті суаттардағы балық пен шаяндарды тамаққа пайдалануға болмайды. Зақымданған жайылымда жайылған малдың сүтін пайдаланбаған жөн. Ең жақсысы консервіленген сүтті пайдаланыңыз (құрғақ немесс койылтылған). Егер сіз сүтті ішуге жүрексінсеңіз, одан сүзбе әзірлеңіз, онда радиоактивті элементтер саны жүздеген есеге азайып, сары суда қалады. Сондықтан олар қаймақта аздау, кілегейде көбірек, ал сүтте шектен тыс. Тексерілмеген сүтті балаларға беруге болмайды. Егер майды табада шыжғырса, зиянды элементтер толығымен буланып ұшып кетеді.
Шошқа майын ең таза өнім деп санауға болады. Оның радионуклидті "итеріп шығаратын" биохимиялық ерекшелігі бар. Соядан жасалынған сорпаны Ісік ауруларына қарсы пайдаланылатын дәрі - дәрмектің қатарына батыл жатқызуға болады. Капустадан зақымдану белгілері — сұр жұлдызшаларды ажыратуға болатын жапырақтағы үш үстіңгі қабатын алып тастаған жөн. Түрлі - түсті капустаны, тошаланы, қызыл кара - қатты жемеген дұрыс — олар жылдам бүлінеді.
Алма пайдалы, өйткені онда ағаш пен жемісті радиоактивті әсерден қоргайтын темір бар. Жемес бұрын шамамен 5мм қабығын аршып, ортасын кесіп тастаған жөн. Қалғандарын батыл жеуге болады.
Жүзімді, мейізді, кептірілген өрікті сүйегін алып тастап көбірек жеген жақсы. Өйткені олардың құрамында радиоактивті элементтерді организмнен бөліп шығаруға қабілетті пигмент бар.
Жергілікті асханалардағы қызылшадан гөрі қызғылтым сәбізді жеген жақсы. Сәбізді әкелінген бойда тазартылмаған май қосып пайдаланған дұрыс, өйткені ол А витаминін бөліп шығарады. Зақымдалған сәбіз ақшылтымдау болады. Одан өрнекті сурет көрінеді.
Сиыр етін аз жеген жақсы. Майы көп шошқа еті пайдалы. Котлетті мүмкіндігінше жасамаған дұрыс. Өйткені әзірлеу барысында радионуклидтер тамақта калады. Тартылған етті әуелі қайнатып, сорпасын төгіп тастағаннан кейін жеуге болады. Дастархан мәзірінен дірілдек пен сорпаны алып тастағаны жөн. Қайнатылған жұмыртканы жеуге болмайды, өйткені қайнаған кезде қауыздағы рациоактивті стронций жұмыртқаның сарысына өтеді. Кофе мен какао организмде радионуклидті ұстап қалады. Ал көк шәй зиянды заттарды бөліп шығарады. Сәбіз - алма езбесін ішінара табиғи дәрі-дәрмекке жатқызуға болады.
Ұйықтардың алдында мүмкіндігінше зығыроттың, тікенді қара өріктің нәрін ішкен жаксы. Жалғыз бен сермене басқа өсімдіктерден гөрі радионуклидтерді жақсы сіңіреді. Жалпы сұйықты көп ішкен жақсы. Күніне үш рет ас қасықпен кызыл шарапты ішкен жақсы.
ДӘРІС №10
Тақырып: Терроризммен күресу жолдары.
Жоспары:
Терроризм, терроризм актiсi, террористiк ұйым, террористiк акция.
-ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.
-Терроризммен күресу жолдары.
Негізгі түсініктер терроризм, терроризм актiсi, ұйым, ҚР «Терроризмге қарсы күрес туралы» Заңы.
Соңғы жылдары құқықтық органдардың жұмыс бағытының бірі, ішкі және халықаралық терроризм болып анықталатын жаңа кертартпа күшпен күресу табылады.
Терроризм латынның «terra» деген сөзінен шыққан, аударғанда қорқыныш, зәресі ұшу деген мағынаны береді.
«Терроризмге қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заң Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы күрестің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін, мемлекеттік органдардың және меншік нысандарына қарамастан ұйымдардың қызмет тәртібін, сондай-ақ азаматтардың терроризмге қарсы күресті жүзеге асыруға байланысты құқықтарын, міндеттері мен кепілдіктерін белгілейді.
Терроризм – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террристік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын жұмыс.
Терроризм актiсi - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулi мүлiктiк зиян келтiру не қоғамға қауiптi зардаптар туындау қаупiн төндiретiн өзге де iс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай iс-әрекеттер қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру не Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттердiң немесе халықаралық ұйымдардың шешiм қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өмiріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өмiрiне оның мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында қастандық жасау.
Террористiк ұйым - террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзiнiң iс-әрекетiнде терроризмдi пайдалану мүмкіндігін мойындайтын ұйым. Ұйым, егер осы ұйымның басқарушы органдарының бiрiнiң келiсiмiмен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң бiрi террористiк іс-әрекеттi жүзеге асыратын болса, террористік ұйым деп танылады.
Террористiк акция - терроризм актiсiн не Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарында көзделген террористiк мақсаттарды қудалайтын өзге де қылмыстарды тiкелей жасау.
Террористік iс-әрекеттер - террористік сипаттағы қылмыстарды жасауға бағытталған және төменде аталған әрекеттердiң кез келгенiн қамтитын iс-әрекет:
терроризм идеологиясын тарату;
террористік акцияларды ұйымдастыру, жоспарлау, дайындау және жасау;
террористік акцияларды жасауға айдап салу, террористік мақсатта зорлық-зомбылық жасауға шақыру;
террористік акцияларды жасау мақсатымен әскерилендiрiлген заңсыз құрамаларды немесе қылмысты ұйымдарды құру, сондай-ақ оларға қатысу;
террористік акцияларға террористерді тарту, қаруландыру немесе пайдалану, сондай-ақ оларды террористік дағдыларға үйрету;
террористік ұйымдарды немесе террористерді қаржыландыру;
террористік әрекеттi дайындау мен жасауға жәрдемдесу;