
- •Ұжымдық қорғаныс құралдары
- •1962 Жылдың ақпанның 16 нан 17 не қараған түні бір бірінен мүлдем тәуелсіз екі құбылыс сұмдық зардаптарға әкеліп соқты. 11-12 балл күші бар дауылды жел Солтүстік
- •Қызметтердің негізгі міндеттері:
- •Халықаралық террористiк iс-әрекет:
- •Ланкестіктің бірнеше түрлері бар:
- •Әдебиеттер:
ДӘРІС №6
Тақырып: Төтенше жағдай аумағында құтқару және басқада шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру.
Жоспары:
-Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастыру негіздері;
-Құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды өткізу тәсілдері мен әдістері;
Жарақат алғандар мен ауруларды тасымалдау.
Негізгі түсініктер: құтқару, жарақат, зақымдау құралдары, эвакуациялау, дегазациялау, обсервация, карантин.
Заманауи зақымдау құралдары (ЗЗҚ) қолданылған ошақтарда құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізудің бірнеше ерекшеліктері бар. Олар бір-бірінен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жүргізілетін жұмыстар түрлеріне қарай ерекшеленеді. Бұнда басты рольді АҚ құралымдарының атқаратынын ескерген жөн. Олардың негізгі міндеттері адамдар мен материалдық құндылықтарды сақтау болып табылады. АҚ құрылымдары әрекеттерінің сипаты мен тәртібі бұл міндеттерді орындау кезінде ЗЗҚ түріне, қалыптасқан жағдайға, күштер мен құралдардың саны мен дайындық деңгейіне, жыл мезгілі мен тәулік уақытына, ауа-райы жағдайы мен басқа да факторларға байланысты болады. Көп жағдайда ҚБҚЖ жүргізу кезіндегі жетістіктер жетекші құрамның шеберлігіне байланысты болады. ҚБҚЖ жүргізу кезінде тиімді жетекшілік ету үшін бұл жұмыстардың сипаты мен көлемі, ШО аумақтарындағы күштер мен құралдарды дұрыс қолдануына қарай объектінің ерекшеліктері, жобасы мен құрылыстарының сипаттары, қорғаныс ғимараттары, сонымен қатар көлік магистральдары ескеріле отырып анықталады.
Ядролық зақымдану ошағында келесі құтқару және басқа да қауырт жұмыстардың келесі түрлері көп орындалады:
- уақытша өткелдерді жабдықтау;
- құлаған жасырыну ғимараттарын ашу және оларға ауаның өтуін қамтамасыз ету;
- адамдарды қираған немесе бір бөліктері құлаған ғимараттар мен құрылыстардан құтқару;
- жұмыстар жүргізілетін аумақтардағы өрттерді жою және сөндіру;
- ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларын нығайту немесе құлату;
- тіршілік қамтамсыз ету объектілеріндегі аварияларды жою.
Өткелдер құрамалар мен техниканың кедергісіз жұмыстардың жүргізілетін аумақтарына өтуі және қажетті маневрлер жасауын, сонымен қатар ол аумақтардан зардап шеккен адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. Өткелдерді жабдықтау кезіндегі негізгі жұмыстар көшелердегі 0,5 метрге дейінгі үйінділерді аршу немесе жер берімен тегістеу, өту жолында кедергі келтіріп тұрған металл және темір – бетон констукцияларды бөлшектеу немесе алып тастау, сонымен қатар жалаңаштанған арматураларды кесу және жою.
Құрылымдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына жету жолдарын инженерлік барлау арқылы анықтайды. Бұл жолдар шама-шарқынша қысқа болуы тиіс, дегенмен барлық жағдайда да құлаған көшелер мен жолдарды тазалайды.
Өтулер магистральды және жанама болуы мүмкін. Магистральды өтулер күштерді зақымдану ошағында жұмыстарды жүргізуге, сонымен қатар сол аумақтардан адамдарды эвакуациялауға жету үшін арналған. Жанама өтулер жұмыс жүргізілетін аумақтарға тікелей өтуі үшін арналады.
Қираған қорғаныс құрылыстарын аршу немесе қазып алу бойынша жұмыстардың құрамына кіру жолдарын қалпына келтіру және жұмыс алаңдарын дайындау, кіру жолдарындағы үйінділерді аршу, қорғаныс ғимаратының авариялық шығу жолдарының немесе қабырғаларын аршу, қабырғада ойық жасау, есікті ашу немесе есікте ойық жасау. Қорғаныс ғимараттарын аршу бойынша жұмыстар басталмас бұрын оған ауаның өтуін қамтамасыз ету керек. Аршу бойынша жұмыс ең алдымен авариялық және қосалқы шығу жолдарын үйінділерден тазартудан басталады.
Қираған жасырыну ғимараттарында қосалқы шығу жолдары болмаған жағдайда шығу жолдары немесе басқа да сыртқа шығуға ыңғайлы жерлерді аршу, сыртқы қабырғалардан сыртқа шығатын ойықтар жасау жұмыстары жүргізіледі.
Жасырыну ғимараттарының қабырғалардағы ойықтар арқылы компрессорлар, желдеткіштердің көмегімен және басқа да тәсілдер арқылы ауа беріледі.
Қираған үйінділер астынан адамдарды құтқару қысқа уақыттар ішінде қолмен немесе аз механизация құралдарын қолдану арқылы жүргізіледі. Зардап шеккендерді жоғарғы қабаттардан құтқару кезінде уақытша басқыштар, траптар және басқа да төменге түсуге ыңғайлы қондырғыларды қолданады. Аса көп қолданылатын жұмыс түрлері:
- ғимараттардың қабырғалары мен қалқаларды зардап шеккендерді шығару үшін жабдықтау;
- үсті мен қапталдарындағы үйінділерді зардап шеккендерді алып шығу үшін ыңғайлы етіп шығару;
- үйінді элементтерін бекіту арқылы жіңішке өту жолын жасау.
Өрттерді сөндіру бойынша жұмыстар ең алдымен өрттердің күштер мен құралдардың жұмыстарды жүргізу аумақтарына енуіне кедергі келтіретін аумақтарда жүргізіледі.
Үйінділердегі өрттерді сөндіру келесі тәсілдер арқылы жүргізілуі мүмкін: су құю, жанып жатқан құрылыстарды бөлшектеу және жану ошақтарын құм, топырақ, шлак және ұсақ бөлшекті қалдықтарды, сынықтарды тастау арқылы сөндіру. Өрттерді сөндіру кезіндегі жұмыстардың аса көп көлемі – қала ғимараттары мен ғимараттарының орта және аз қираған аумақтарында жүргізіледі.
Ядролық зақымдану ошағында қираған ғимараттардың элементі (қабырғалар, жабындықтар, тізбектер және т.б.) әлі құламаған, бірақ олардың жағдайы кез-келген уақытта бір заттардың әсерімен құлауы мүмкін болған. Сол себепті құтқару жұмыстарын бастамас бұрын ғимарат пен ғимараттардың жағдайларын мұқият қарап шығып, адамдарға қауіп төндіретін қабырғаларды, жабындықтарды құлату және нығайту арқылы қауіптерді жою іс-шараларын қабылдау керек.
Қабырғаларды (констукцияларды) қирату тростардың көмегімен жүргізіледі, бұл тростардың бір шеті қабырғаға (конструкцияларға) бекітіліп, екінші шеті тракторға, автокөліктер мен жүк көтергіштік шамасы 1 тоннадан кем емес шығырларға бекітіледі. Тростың ұзындығы қабырғаның екі биіктігінен кем болмауы тиіс.
Қабырғаны бекіту олардың құлауы жер төле бөлмелеріндегі және ғимараттардың тереңдетілген бөліктеріндегі, сонымен қатар көрші орналасқан ғимараттар мен құрылыстардағы жасырынушыларға және материалдық құндылықтарға қауіп төндіретін жағдайда жасалады. Қабырғаларды бекіту үшін бұрышқа 45-60 градуста көлденең орналастырылатын тіреулер, сондай-ақ бір жақты кермелер қолданылады.
Тіршілік қамтамасыз ету объектілеріндегі аварияны жоюдағы міндеттердің негізі жасырынушылар жиналған жертөлелер мен жасырыну ғимараттарының суға кетуі және газдануының алдын алу, сонымен қатар құтқару жұмыстарын табысты орындау үшін кедергі жасауы мүмкін себептерді жою болып табылады.
Келесі іс-шаралар жүргізілуі мүмкін:
- су құбырлары желісінде - желілердің бұзылған немесе зақымдалған бөліктерін тартпалардың көмегімен қираған бөліктерге жақын жердегі құдықтардан сөндіру, артезиандық скважиналар мен насостық станацияларды жөндеу және қалпына келтіру; су жабдықтау пункттерін ұйымдастыру және жабдықтау; зақымдану ошағына су беру үшін уақытша насос станцияларын сақталып қалған және уақытша желілер бойынша құру;
орындарға жиналған суды суға кету қаупін жою үшін сорғылау;
- канализациялық желілерде – адамдар бар және жасырыну ғимараттарындағы жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіретін ағындық суларды бұру және сорғылау; арналық сулардың жер бетіне шығу орнын да сол мақсатпен төсеу;
- электрлік желілерде – барлық құлаған ғимараттардың желілерін токтан ажырату; қажет жағдайда елеусіз зақым алған электрлік қуаттандыру көздерін қалпына келтіру; қажет жағдайда уақытша электрлік желілерді төсеу;
- газбен және жылумен қамтамасыз ету желілерінде - бұзылған және қираған бөліктерді қажет жерлерде крандарды, тартпаларды, бұрандаларды жабу арқылы сөндіру; адамдарға қауіп төндіруші авариялардың алдын алу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Химиялық зақымдану ошағында келесі іс-шаралар жүргізіледі:
- зақымдану ошағын химиялық және медициналық барлау;
- ҚЗ зақымдалғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету және оларды емдеу мекемелеріне эвакуациялау;
- адамдарды санитарлық өңдеу және олардың киімдерін залалсыздандыру;
-ғимараттарды, жерді, техниканы дегазациялау.
Химиялық барлау зақымдану ошағының шектері мен оларды айналып өту жолдарын анықтап, белгілейді, жердің, ауаның және су көздерінің улану деңгейі мен сипатын белгілейді, ҚЗ аз концентрациясы бар бағыттар мен учаскелерді зақымдалған адамдарды шығару мен эвакуациялау үшін анықтайды. Одан әрі химиялық барлау бөлімшелері зақымдалған ауа концентрациясы мен оның бұлтының қозғалыс бағытына тұрақты бақылау жүргізеді.
Медициналық барлау зақымдалғандар санын және олардың жағдайын анықтайды, медициналық құрылымдардың орналасу және жайылу орнын және бөлмелерін анықтайды, жұмыс көлемін және жұмысты жүргізу үшін қажетті күштер мен құралдардың тиісті санын анықтайды.
Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде газқағар кию, антидот енгізу қажет және зардап шегушіге жасанды тыныс алғызу керек. Одан соң киім мен дененің ашық жерлеріндегі ҚЗ ізі мен тамшыларын арнайы сұйықтықпен өңдейді де, зардап шегушіні ЕПМ негізінде жел соқпайтын аумақтарда құрылатын медициналық пункттерге жібереді.
Бір мезгілде дегазациялық жұмыстар жүргізіледі. Ең алдымен зақымданғандарды эвакуациялау жолдары, адамдардың улану аумағынан шығу және өту жолдары дегазацияланады. Одан соң аса маңызды объектілердің аумақтары мен құрылыстары, сумен жабдықтау пункттері, қоймалар залалсыздандырылады.
Дегазация және дезинфекция дегазациялаушы ерітінділерді құю, дегазациялаушы заттарды себу, топырақ пен қардың уланған қабатын алып тастау жұмыстары арқылы жүргізіледі.
Дегазациялаушы заттарды құю және дезинфекция жұмыстары дегазациялық машиналардың және аспаптардың көмегімен жүргізіледі. Бұнда дегазациялаушы ерітінді әр жерге шашылады. Дегазациялауды заттарды себу дегазациялаушы аспаптар мен қондырғылар ілінген автокөліктердің көмегімен немесе қолмен жүргізіледі. Дегазиялаушы заттарды себу тәсілдері уланған жерлерді дезинфекциялау мақсатында да жүргізіледі.
Топырақтың немесе қардың уланған қабатын алып тастау арқылы жасалатын жергілікті дегазация және дезинфекция бульдозерлердің, скрептердің, грейдерлер және т.б. құралдардың көмегімен жасалынады. Қардың уланған қабатын алып тастау үшін қар тазартқыштар қолданылады.
Эвакуациялау жолдарын, өткелдерді және өту жолдарын дегазациялау үшін арнайы дегазациялық машиналармен қатар құм сепкіштер, құю-жуу машиналары және т.б. қолданылады. Қатты қабығы жоқ жердің және жолдардың учаскелерін дегазациялау үшін кейбір жол және ауылшаруашылық машиналары қолданылады.
ҚЗ улану ошағында жүргізілетін іс-шаралар қоздырғыштар мен оның қолданылу тәсіліне қарай екі кезеңде жүргізіледі.
Бірінші кезең – қоздырғыш түрін анықтағанға дейінгі кезең. Бұл кезеңде жалпы эпидемияға қарсы және эпизоотияға қарсы іс-шаралар: карантинді хабарлау, улану ошағының өлшемі, сынақтар алынып, қоздырғыштар түрін анықтау үшін зертхналарға жіберіледі. Аумақтарды, ғимараттарды залалсыздандыру, санитарлық өңдеу бойынша іс-шаралар жүргізіледі. Базарлар, ойын-сауық мекемелері, яғни адам көп жиналатын орындар жабылауы мүмкін. Адамдар мен транспорттар қозғаласына шектеу қойылады.
Екінші кезең – қоздырғыш түрін анықтаған соң. Бұл кезеңде карантиндік режим сақталады, немесе обсервациямен ауыстырылады. Карантин хабарланған аумақтағы кейбір аурулар аумағында қауіпті аумақ белгіленеді. Бұл аумақта медициналық және ветеринарлық бақылау ұйымдастырылады, азық-түлік өнеркәсібіндегі кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану орындарына бақылау ұйымдастырылады. Карантин хабарланған аумаққа апаратын барлық жолдарға ескерту белгілері қойылады.
Карантиндік аумақтағы аурулар мен ауру белгісі бар адамдар оқшауланады, оларды емдеу ұйымдастырылады, тұрғындар қаралады; бөлмелер, киімдер, аяқ киімдер дезинфекцияланады, су көздеріне, азық-түліктер қоймаларына бақылау күшейтіледі, иммунизация және антибиотиктермен шұғыл егу жұмыстары жүргізіледі; медициналық мекемелердің жұмысына эпидемиялық режим қойылады. Улану ошағына тек қана ошақты жоюға жұмылдырылатын медициналық персоналдарға ғана өтуге рұқсат етіледі. Зақымдану ошағына жіберелетіндерге алдын алу вакцинациясы жасалынады.
ДӘРІС №7
Тақырып: Төтенше жағдайдан халықты, аумақты қорғау
Жоспары:
Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен қорғау әдістері;
-Халықты қорғаудың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары;
-Жарақаттар, бас жарақаттары, сүйектің сынуы алғашқы көмек;
-Жаралар, жаралар инфекциясы. Қанның ағуы, алғашқы көмек.
Негізгі түсініктер: халықты қорғаудың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары, жарақаттар, сүйектің сынуы, жаралар.
Қорғаныс құрылымдары қызметіне, орналасу уақытына, қорғану қасиетіне және сиымдылығына байланысты топталады .
Халықты авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш факторларынан қорғаудың ең негізгі тәсілдерінің бірі бұл оларды ұжымдық қорғау құралдары болып табылатын қорғаныс ғимараттарына жасыру. АҚ және ТЖ жүйесінде пайдаланылатын мұндай ғимараттарға панаханалар, радиациядан қорғау орындары (РҚО) және қарапайым жасырыну орындары жатады.
Панахана (1- сурет) толқын соққысынан, жарық сәулесінен, өткіш радиациядан және радиоактивті зақымданудан – ядролық жарылыстың зақымдағыш факторларынан, сондай-ақ улағыш заттардан (УЗ), бактериалдық құралдар мен әсері күшті улы заттардың (ӘКУЗ) ықпалынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. Панаханалар жан-жақты қымталған құрғылардың және желдеткіш құралдарының болуымен сипатталады. Панахананың сыйымдылығы қарай олар бөлінеді: шағын – 300 адамға дейін, орта – 300-600, үлкен – 600-ден астам.
1- сурет - Панахана
Панахана мына негізгі талаптарды ескере отырып тұрғызылуға тиіс. Олар: адамдардың үздіксіз келіп кетуінің қамтамасыз етілуі, су баспайтын жерлерге салыну су беру және қысымдық канализация желісінен алыс болу, панахана арқылы транзиттік-инженерлік коммуникацияның өткізілуіне жол бермеу.
Ұжымдық қорғаныс құралдары
Панаханада негізгі және қосалқы бөлмелер жасау көзделеді (2 сур.). Негізгі бөлмелерге басқару және санитарлық нүктелері бар бөлмелер жатады. Қосымша желдетілетін бөлмелер, санитарлық тораптар қорғалатын дизель электростанциялары, тамбур шлюздер, қорғалған кіребер шығаберістер.
Авариялық шығаберістер құлаған жағдайда негізгі ғимараттағыдай деңгейде қорғалған кіреберіс шығаберістердің болуы.
2- сурет - Панахананың құрылымы
Панаханаларда ондағы адамдар үшін қажетті жағдайды қамтамасыз ететін санитарлық техникалық қондырғылардың (желдеткіш, жылыту, сумен жабдықтау, канализация), сондай-ақ электр мен байланыстың болуы қарастырылады. Панаханадағы ауыз су қоры әрбір адам үшін тәулігіне 3 л жасалады.
Панахана желдеткіші, әдеттегідей, екі режим бойынша қамтамасыз етіледі: таза желдеткіш (I режим) және сүзгіш желдеткіш (II режим). Таза желдеткіш режимі кезінді панаханаға берілетін сыртқы ауа радиоактивті шаңнан, ал сүзгілік желдеткіш режимі кезінде УЗ мен БҚ-дан тазартылады.
Жаппай өрт, аумақ зиянды заттармен қатты газдануы ықтимал жерлердегі панаханаларда ішкі ауа толық оқшауланатын режим қарастылады (III режим).
Радиациядан қорғайтын орын (РҚО) ауылды жерлердегі және ядролық соққы беру ықтималдылығы өте төмен шағын қалалардағы, сондай-ақ ірі қалалардан ауылды жерлерге көшіріп-қоныстандырылған халықты радиоктивті зақымданудан қорғау үшін пайдаланылады. РҚО қымталмаған қорғаныс ғимараттар (3, 4 сур.). Олар адамдарды радиоактивті зақымдалу жағдайында сәуле тиюден, тыныс жолдарын, тері мен киімді радиоакгивті заттардың түсуінен қорғайды.
3 - сурет - Радиациядан қорғайтын орын( РҚО)
4 - сурет - Радиациядан қорғайтын орын
Панахана мен РҚО жетпеген, сондай-ақ уақыт пен қаражат болмаған жағдайда еңбекке жарамды бүкіл халық қарапайым қорғаныс құралдарды – қуыстарды (ашық және жабық) салады (4 сурет). Олар халықты ядролық жарылыстың соққы толқынынынан, жарық сәулесінен және өткіш радиациядан қорғайды. Шығын ашық жермен салыстырғанда 1,5 есеге азаяды. Сәуле тию ықтималдығы 2,3 есеге азаяды. Егер қуысты жапса, онда жарық сәулесінен толық қорғануға болады, соққы толқынынан қорғану 2,5-3 есеге, өткіш радиациядан қорғану 200-300 есеге артады. Қуыстарды жабу сонымен қатар киімге радиоактивті заттардың түсуінен, сондай-ақ қираған ғимараттардың сынықтарынан зақымданудан қорғайды.
5 - сурет - Қарапайым қорғаныс құрал (қуыс)
Қуыс ашық немесе жабық болуы мүмкін. Ашық қуыс радиоактивті сәуле мөлшерін 2-3 есеге, жабық – 40-50 есеге азайтады. Бастапқыда қуыс ашық болып салынады, оның терендігі 180-200 см, жоғарыдағы ені 110-120 см және төмендегі ені – 80 см болады. Қуыстың ұзындығы жасырынатындардың санымен анықталады. Қуыстардың қалыпты сыйымдылығы 10-15 адам, ал үлкен қуыстың – 50 адам. Қуыстың жабыны бөренеден
темірбетон плитасынан немесе тіреуден істелінеді, үстіне балшық қабатын немесе өзге су жібермейтін материал төсеп, топырақ себеді (0,6-0,7) және дерн жабады.
Қорғаныс ғимаратына келген адамдарда жеке қорғаныс құралдары (газқағар, респиратор, мақта-мата таңғышы), екі тәулікке жететін азық-түлік қоры, ауыз суы қоры, тазалық бұйымдары, ең қажетті жеке заттар мен құжаттар болуға тиіс.
Паналаушылар комендант пен қызмет көрсету тобының жеке құрамының өкімін мүлтіксіз орындауға, ғимараттағы тәртіпті сақтауға тиіс. Қажетсіз ғимарат ішінде жүруге, шулауға, темекі тартуға рұқсатсыз керосин шамын, май шамды, электр жарығын инженерлік агрегаттар мен тораптарды қосу мен ажыратуға, панахана аспаптарын, мүлігімен жабдықтарын рұқсатсыз алуға, белгіленген жерге тамақ қалдықтарын тастауға, коменданттың рұқсатынсыз азық-түлік пен ауыз суына тыйым салынады. Бірінші кезекте балалар мен қарт адамдар демалады. Онда сұхбаттар, дауыстап оқу, радио хабарларын тындау ұйымдастырылады.
Жеке қорғаныс құралдары теріні және тыныс алу органдарын радиоактивті, улы заттар және биологиялық құралдардан қорғау үшін пайдаланады. Осыған орай жеке қорғаныс құралдары қызметіне байланысты тыныс органдарын және теріні қорғау, сонымен қатар медициналық қорғау құралдарына бөлінеді.
Тыныс органдарын қорғау құралдарына газқағарлар, респираторлар, қарапайым қорғау құралдары - мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар жатады.
Противогаздар изоляциялық және фильтрлік болып бөлініп, азаматтық, жалпы әскерлік және балаларға арналған түрлерден тұрады. Изоляциялық противогаздар адамдарды ауа құрамындағы зиянды заттардан қорғаса, ал филтрлік противогаздар ауадағы әр түрлі зиянды қоспалардан фильтр арқылы тазалап қорғайды. Фильтрлік противогаздардың ГП-5, ГП-7(азаматтық), РШ-4, ПМГ-2 (жалпы әскерлік), ДП-6, ДП-6М, ПДФ-Ш (балаларға арналған) және т.б. маркалары пайдалануда. Изоляциялық противогаздардың ИП-4, ИП-5, КИП-5, КИП-7 және т.б. маркалары бар. Респираторлар тыныс алу органдарын радиоактивті шаңдардан қорғайды. Мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын маскалар да тыныс алу жүйесін радиоактивті шаңдардан, бактериялық заттардан қорғайды.
Теріні қорғайтын құралдар қорғау және қорғауға икемделген күнделікті пайдаланатын киімдерден тұрады. Қорғау киімдері изоляциялық (жалпы әскерлік қорғаныс комплекті, жеңіл бөлуші костюм Л-1 және т.б.) және фильтрлік (қорғаныс фильтрлі киім ЗФО-52 және т.б.) болып бөлінеді.
Егер қарапайым киімдерге сабындымайлы эмульсияны сіңірсе, оны қорғаныс құралдары ретінде пайдалануға болады.
Медициналық қорғаныс құралдары радиоқорғаныс құралдарынан, антидоттардан, бактерияға қарсы құралдардан және жартылай санитарлық тазалау құралдарынан тұрады. Радиоқорғаныс құралдары бұл адам организмін радиоактивті заттарға қарсы төтеп беру мүмкіншіліктерін арттыратын препараттар. Антидоттар деп улы заттарды адам организмінен жоюға арналған препараттарлы айтады. Антибактериялдық құралдарды биологиялық қауіпте пайдаланады. Жартылай санитарлық тазалау құралдарына ИПП-8 пакеті, АИ-2 жеке аптечкалары жатады.
АИ-2 - жеке дәрі-дәрмек қобдишасы - өз-өзіне және дара көмек көрсетуге және өткіш радиациямен, улағыш заттармен және бактериалдық құралдармен зақымданудың алдын алуға арналған. Ол медициналық құралдар тұратын массалық пеналдарды орналастыруға арналған жеті ұясы бар қорапшадан тұрады. Көлемі - 90x100x20 мм, массасы -130 г.
Қобдиша ұяларында мынадай медициналық құралдар орналасқан:
1 ұя - резервтік, ауруды басатын дәрмектері бар шприц-түтікті салуға арналған. Сүйек сынғанда, үлкен жарақат алған және дене күйген кезде пайдаланылады.
2 ұя – қызыл түсті пеналды (фосфорлы-органикалық заттарға қарсы антидот таблеткалары). Зақымдану ошағына шығардың алдында жеке сақтандыру дәрмегі ретінде бір таблеткадан пайдаланылады. Алғашқы зақымдану пайда болған кезде тағы бір таблетканы қабылдайды.
3 ұя – үлкен ақ пеналды № 2 бактерияға қарсы дәрі-дәрмек, таблетканы асқазан-ішік ауруы кезінде радиациялық сәулеленуден кейін қабылдайды, алғашқы тәуліктерде жеті таблеткадан қабылдайды, екі және үш күннен кейін тәулік сайын төрт таблеткадан.
4 ұя - алқызыл түсті екі пеналда II радиациядан қорғау дәрмегі, барлығы 12 таблетка. Таблеткаларды сәулелену басталғаннан - 60 мин бұрын радиоактивтік зақымдану қауіпі кезінде жеке сақтандыру үшін қабылдайды. Бірден, 6 таблетка қабылдайды. 6 таблетканы қайта қабылдауға тек 5-6 сағаттан кейін рұқсат етіледі.
5 ұя - екі ақ пеналда, кеңінен қолданылатын антибиотик, бактерияға қарсы дәрі-дәрмек барлығы 10 таблетка. Таблетканы жараланған және күйген
кезде қабылдайды - алғашқыда 5 таблеткадан, ал 6 сағаттан кейін тағы да 5 таблеткадан.
6 ұя - ақ түсті пеналда № 1 радиациядан қорғау дәрмегі. Таблетканы адам радиоактивті затпен зақымданған аумақта жайылған сиырдың сүтін ішкен жағдайда қабылдайды 10 күн бойында күн сайын бір таблеткадан. Барлығы 10 таблетка.
7 ұя - көк түсті пеналда құсуға қарсы дәрі-дәрмек, барлығы 5 таблетка. Бас сыдырылғанда, қатты соққы тигенде және контузия алғанда сәуленің бастапқы әсері кезіндө бір таблеткадан қабылдайды.
Радиацияға ұшырау қауіпіне байланысты жергілікті жерде радиацияның жоғары деңгейі болғандықтан алғашқы медициналық көмекті көрсетуге болмайды. Бұл жағдайда өз-өзіне және өз ара көмек көрсетудің, зақымданған аумақтағы өзін-өзі ұстау тәртібін сақтаудың маңызы зор.
Радиациялық заттармен уланған аумақта тамақ ішуге, ластанған су көздерінен су ішуге, жерге жатуға болмайды. Халықтың азық-түлік пен тамақ даярлау тәртібін Азаматтық қорғаныс органдары жердің радиоактивті ластану деңгейін ескере отырып анықтайды.
Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек жылдам көрсетілуге тиіс. Бірінші кезекте одан әрі сәулеленуді жояды немесе барынша азайтады. Бұл үшін радиациялық затпен зақымдалған аумаққа, киімге ішінара дезактивация және терінің ашық жеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізеді, бұдан кейін зақымдаушыны радиациялық зат өтпеген панаханаға (радиацияға қарсы немесе жай панахана) жеткізеді. Зақымданған жерде болған кезде зардап шегуші жеке қорғаныс құралдарын киюге тиіс.
Жеке химиялық пакет дененің ашық бөліктеріне және киімге түскен тамшы – сұйық улы заттарды залалсыздандыру үшін қолданады.
Комплектегі бұранды қақпаға жеке дегазды ертіндісі бар флакон және 4 мақталы-дәкелі тампондар кіреді.
Тамшы сұйық улы заттар дененің ашық бөліктеріне және киімге түскенде тампондарды флакондағы сұйыққа малып, ластанған дене бөліктерін және киімді сүртеді. Егер жеке химиялық пакет болмаса, тампон ретінде кәдімгі мақта мен дәкені қолдануға, ал дегазды ертіндіні қолдан дайындауға болады. Бірдей мөлшердегі 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 3% сілті натрий ертіндісінің қоспасын немесе 3% тотыққан сутегі ертіндісі мен 150 г. конторлық силикатты желімнің қоспасын қолдануға болады.
Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi.
Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Сүйек тұтастығының бұзылуы - сыну деп аталады. Бұл механикалык күш әсерінен болып, жұмсақ тіндердің зақымдануымен сипатталады. Сынықтың жабық және ашық түрлері бар. Ашық сынықтарда сынған жерде жара болады. Бұл өте қауіпті, өйткені жараға инфекция түсу қатері жоғары.
Ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромы төтенше жағдайларда (жер сілкіну, шахтадағы опырылу, соғыс уақытында) кездеседі. Ұзақ уақыт бойы шаншылып қалу синдромының апаттар кезінде ауыр формалары жиі болады (зақымданудың бірдейлігі, шаншылып қалудың ұзақтылығы, зақымданушыны іздестірудің киыншылығы және оларға өз уакытында жәрдем көрсету).
ДӘРІС №8
Тақырып: Зілзала және оның салдарымен күрес.
Жоспары:
Жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар,
Қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер,
Төтенше жағдайлардан алдын алу, сақтану шаралары;
Негізгі түсініктер: зілзала, жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, опырмалар, қар басу, дауыл, таудың су тасқыны, табиғи өрттер, сақтану шаралары.
Зілзала дегеніміз тұрғындардың қалыпты тіршіліктерінің тұтқиыл бұзылуына, адамдардың өліміне, материалдық құндылықтардың бүлінуіне әкеп соғатын табиғи құбылыс. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады. Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жер, бұрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әрбір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, козғаушы күші, дамуының сипаты мен сатысы, қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір бірінен айырықты ерекшеліктеріне қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға, қатты психологиялық әсер етуі.
Жерсілкіну (араб тілден ескірген сөзі зілзала араб.: زلزال) - жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.
Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.
Пайда болу тегіне қарай жерсілкіну жанартаулық, денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.
Жанартаулық жерсілкіну қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.
Денудациялық жерсілкіну таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен карст үңгірлерінің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.
Тектоникалық жерсілкіну литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде, Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады. Мұндай жерсілкіну - Жер қыртысында ұзынынан созылған жарылымдар жасайды. Жарылым қанаттары ығыстырушы жазықтық бойынша бір-бірімен салыстырғанда, лездік жылдамдықпен ығысуына байланысты, босанып шыққан энергия серпімді тербелістер, яғни сейсмикалық толқындар түрінде жан-жаққа таралады.
Сейсмикалық толқындар таралуына қарай қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.
Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.
Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с.
Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.
Ал 1957 жылғы Гоби Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.
Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.
Жер сілкіну жер қойнауындағы орналасу тереңдігіне қарай: жер бетіне жақын (тереңдігі 10 км-ге дейін), орташа немесе қалыпты тереңдіктегі (10 – 60 км), аралық (60 – 300 км) және терең фокусты (300 км-ден терең) болып жіктеледі.
Жерсілкінудің өлшеу құралдары мен әдістері.
Жерсілкіну үлкен апаттарға әкелетіндіктен оның қай жерде, қашан және күші қандай болатынын болжау өте маңызды мәселе.
Сейсмикалық есептеулер бойынша, орташа алғанда Жер шарында жылына 1 – 2 апатты (күші 10 балдан жоғары), 9 – 15 жойқын, 50 – 100 қиратушы, 300 – 500 өте күшті жерсілкіну болады.
Жерсілкіну, өте сезгіш аспаптар – сейсмографтармен жабдықталған сейсмикалық стансаларда зерттеледі.
Сейсмограф
Жерсілкінудің геологиялық жағдайларын зерттеу алдағы уақытта жерсілкіну болуы мүмкін аймақтарды және жерсілкіну болмайтын аймақтарды алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді.
Осының негізінде сейсмикалық аудандау жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде Жер шарының сейсмикалық картасы жасалып, басты екі сейсмикалық белдеу бөлінген:
Тынық мұхиттық белдеу — Тынық мұхитының батыс және шығыс жағаларын айнала орналасқан.
Бұл белдеуге жас қатпарлы таулар (Альпі, Апеннин, Карпат, Кавказ, Гималай, Кордильерлер, Анд, т.б.), сондай-ақ, құрлықтардың су асты шеттерінің жылжымалы белдемдері (Тынық мұхитының батыс шеттері, Алеут , Куриль, Жапония, Малайя, Жаңа Зеландия, т.б. аралдар, Кариб, Кариб , т.б. теңіздер) кіреді.
Бұл белдеуде барлық жерсілкіну болатын ошақтардың 68%-ы орналасқан.
Жерорта теңіздік белдеу — Еуразияның оңтүстік арқылы, батыста Португалия жағаларынан, шығыста Малайя аралдарына дейін созылады.
Бұл белдеуде жерсілкіну болатын ошақтардың 21%-і орналасқан.
Жерсілкіну ошақтарының белгілі бір географиялық аудандарда ғана орналасуы жердің геологиялық даму ерекшеліктеріне байланысты.
Қазіргі кезде жерсілкіну күшін бағалау үшін оның қирату әрекеті мен адамдардың психологиялық сезіміне тікелей бақылау арқылы түзілген 12 балдық сейсмикалық шкала
қолданылады. Күшті жерсілкіну үлкен апат әкелетіндіктен, ол басқа табиғи құбылыстардың барлығынан қатерлі. Жерсілкіну қай аймақта болатынын болжау шешілгенімен, оның қашан және күші қандай болатыны әзірше толық шешімін тапқан жоқ.
Жерсілкінуді жабайы аңдар, жәндіктер мен үй жануарлары ерте сезетіндіктен, олардың мінез-құлқына қарап, бұл құбылысты болжауға болады.
Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.
Дауыл - күші қиратушы және жылдамдық ұзақтықтығы секундке 30 метрлерiне жететiн жел. Дауылдардың себебi - жақын аралықтағы атмосфералық қысымның үлкен айырмашылығы жиi циклондармен байланысты. Әсiресе Кариб теңiзiне және мексика шығанағындағы қорқынышты Антил дауылдары, олар АҚШ жазызықтықтарындағы жиi кездеседі.
Дауылдар әдетте жазда, яғни теңіз бен теңіз үстіндегі ауа аса жылынғанда пайда болады. Ыстық күн көзі үлкен массадағы суды буландырады. Ылғалды ауа жылдам жоғары көтеріледі. оның орынына ағып келетiн перифириясы бар салқын ауадан айналады, және аса зор шұңқырға ұқсас дауыл пайда болады. Диаметрі 35 кмге дейін жететін дауыл көзі деп аталатын оның орталығында жылынған ауаның тігінен шығуы жалғасады. Бірақ онда мүлдем желсіз және бұлтсыз. Жылдамдығы 400км/сағатқа жететін құлақ тұндыратын гүрілмен дауылды жел көздің маңайында соғып тұрады.
Солтүстік Америкада дауылдардың пайда болуы тау жоталарының болмауынан. Яғни бұл солтүстіктен арктикалық ауа массаларының енуіне жағдай туғызады. Бұл Мексика шығанағына дейін созылуы мүмкін. Ал материктің солтүстігіне тропикалық ауа массалары еш тосқауылсыз енеді. Температура мен осы екі ауа массаларының қысымы арасындағы үлкен айырмашылық материк жазығында қатты дауыл желдердің пайда болуына жағдай жасайды. Олар аяқ асты пайда болады және көптеген апаттарға ұшыратады.
Ағылшын адмиралы Фрэнсис Бофорт 1806 жылдың өзінде 12 балдық жел шкаласын ұсынған. Жел шкаласы оның атымен Бофорт шкаласы деп аталды. Ол желдерді ауа массаларының қозғалуына байланысты бөлген. Жылдамдығы 20-24 м/cек жететін 9 баллдық желдер ескі құрылыстарды қиратып, үйлердің шатырларын құлатады. Оны дауыл деп атайды. Егер жел жылдамдығы Егер жел жылдамдығы 32км/с жетсе, бұл дауылға айналады.
Дауылдар өзен жағалары мен ірі өзендердің сағаларында қауіпті және дауыл су толқындарын қуалайды. Бұл толқындар жағаларға шығып, су басады және желден аман қалғанның барлығын қиратады. Еуропа дауылды және дауылды желдерге душар болып есептеледі. 1953 жылдың қаңтарында Солтүстік теңізде қатаң солтүстік желдер шулаған, бұл желдер Ла Манш бұғазы арқылы мұхитқа құйылйына кедергі жасайды, сөйтіп шығыс Англия мен Нидерланды жағаларында судың жиналуына әкеп соқты. Теңіз деңгейі әдеттегіден 6 метр көтерілген. Толқындар жағалық жазықтарды су басты. Көптеген көпірлер мен бөгеттерді жұлып әкеткен. Нидерландының оңтүстік шығысымен толығымен дерлік су басты. Англияда порт құрылыстары, жағадағы кеме аялдайтын орындары, жүк қоймасы, тұрғын үйлер қирауға ұшырап, автомашиналардың көбісін теңізге алп кетті. Нидерландыда баспанасыз 68′000 адам, 1′835 адам суға кетті. Он жылдан соң ұқсас катастрофа Германияда болды.