Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жансая.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
982.02 Кб
Скачать

Биореология

001. "Тұтас орта бөлшектері" деп нені айтатынын тұжырымдаңыз? A. Тұрақты жылдамдықпен қозғалатын орта бөлшектері. B. Бір ғана реологиялық қасиетке ие орта бөлшектері. C. Бірнеше элементар бөлшектері бар көлем. D. Есептің масштабымен салыстырғанда кішкене микроскопиялық дене. E. Есептің масштабымен салыстырғанда кішкене макроскопиялық дене.

004. ''Тұтқырлық" термині нені білдіреді? A. Тек қана сұйықтарға тән қасиетті.

B. Реологиялық қасиетті, ішкі үйкелісті. C. Тек қана газдарға тән қасиетті.

E. Реологиялық қасиетті, сыртқы үйкелісті. D. Тек қана сұйықтар мен газдарға тән қасиетті.

005. Негізгі реологиялық қасиеттерді атаңыз. A. Серпімділік,тұтқырлық, тұтқырмайысқақ, беріктілік. B. Серпімділік, тұтқырлық, майысқақ, мәнгілік.

C. Серпімділік, тұтқырлық, сынғыштық, беріктілік.

D. Серпімділік, қаттылық, майысқақ, беріктілік. E. Серпімділік, тұтқырлық, майысқақ, беріктілік.

011. ``Ағыс`` термині мағнасын түсіндіріңіз. A. ''Аққыштық'' теримнімен бірдей. B. Орта конфигурациясының өзгеруі. C. Тұтас орта конфигурациясының уақытқа тәуелді өзгеруі.

D. Орта бөлшектері жылдамдығының уақытпен өзгеруі. E. Орта жылдамдығының уақыт бойынша бірінші туындысы. 016. Қайсыбір ньютондық сұйықтың динамикалық тұтқырлығы тәуелді факторларды атаңыз. A. Температура.

B. Сұйық табиғаты, температура, ығысу жылдамдығы. C. Сұйық табиғаты, сұйық ағысы жылдамдығы. D. Сұйық табиғаты, температура, ыдыс көлемі. E. Сұйық табиғаты, температура. 017. Адам қаны плазмасын ньютондық сұйық деуге бола ма? A. Псевдомайысқақ сұйық болып табылады. B. Бола алады, төмен ығысу жылдамдықтарында.

D. Бола алмайды. C. Иә, бола алады, бірақта жоғары ығысу жылдамдықтарында.

E. Иә, бола алады. 018. Өзіңізге белгілі, қан ағысы сызықтық жылдамдығын өлшеудің, жанама әдістерін атаңыз. A. Ультрадыбыстық доплерлік, ағыстардың лазерлік диагностикасы, реография. B. Ультрадыбыстық доплерлік, электромагниттік шығын өлшеу. C. Электромагниттік шығын өлшеу, реография. D. Ультрадыбыстық доплерлік, ағыстардың лазерлік диагностикасы, киноға түсіру. E. электромагниттік шығын өлшеу, реоплетизмография. 021. Температура тұрақты болған кезде ньютондық сұйықтың тұтқырлығы ығысу кернеуіне тәуелді қалай өзгереді? A. Температура өзгеруімен байланысты ретсіз өзгереді.

B. Өзгерісін болжауға болмайды. C. Ығысу жылдамдығы азаюымен байланысты артады. D. Ығысу жылдамдығы артуымен байланысты кемиді.

E. Өзгермейді.

022. Адам қаны сары суы ньютондық сұйық бола ма? A. Бола алады, төмен ығысу жылдамдықтарында.

B. Псевдомайысқақ сұйық болып табылады. C. Бола алмайды. D. Иә, бола алады

E. Иә, бола алады, бірақта жоғары ығысу жылдамдықтарында.

023. Адамның қаны ньютондық сұйық бола ма? A. Иә, бола алады, және оның тұтқырлығы қашанда асимптотикалық тұтқырлыққа тең. B. Тұтқырсерпімді псевдомайысқақ сұйық болып табылады.

C. Иә, бола алады. D. Жоқ, бола алмайды. E. Иә, бола алады, және оның тұтқырлығы кессондық тұтқырлыққа тең.

024. Су ньютондық сұйық бола ма? A. Иә, бола алады, және оның тұтқырлығы кессондық тұтқырлыққа тең.

B. Иә, бола алады. C. Иә, бола алады, және оның тұтқырлығы қашанда асимптотикалық тұтқырлыққа тең. D. Тұтқырсерпімді псевдомайысқақ сұйық болып табылады.

E. Жоқ, бола алмайды. 025. Этиль спирті ньютондық сұйық бола ма? A. Псевдомайысқақ сұйық болып табылады. B. Бола алады, төмен ығысу жылдамдықтарында.

C. Иә, бола алады, бірақта жоғары ығысу жылдамдықтарында.

D. Жоқ, бола алмайды.

E. Иә, бола алады.

026. Адам қанының плазмасы мен сары суы арасында қандай айырмашылық бар? A. Плазмада фибриноген ақзаты бар.

B. Плазмада лейкоциттер бар. C. Плазмада фибрин ақзаты бар.

D. Плазмада эритроциттер бар. E. Плазмада тромбоциттер бар.

027. Адам қаны плазмасы үшін ығысу кернеуінің ығысу жылдамдығынан тәуелділік графигі бойынша, плазма тұтқырлығын қалай табар едіңіз? A. Тұтқырлық, графиктің ығысу кернеуі осін қиып өткен кесіндіге тең болады. B. Тұтқырлық, графиктің ығысу жылдамдығы осін қиып өткен кесіндіге тең болады. C. Тұтқырлық, сан жағынан алынған түзудің көлбеулік бұрышы тангенсіне тең. D. Қосарланған логарифмдік координаттарды пайдаланып графикті қайта құру қажет. E. Жартылай логарифмдік координаттарды пайдаланып графикті қайта құру қажет.

028. Тұрақты температурадағы адам қаны сары суы тұтқырлығының ығысу жылдамдығынан тәуелділік графигі қандай түрде болады? A. Ығысу жылдамдығы осіне параллель түзу сызық түрінде болады.

B. Гипербола түрінде болады.

C. Координаталар осі басынан өтетін түзу сызық түрінде болады.

D. Тұтқырлық осіне параллель түзу сызық түрінде болады.

E. Парабола түрінде болады.

029. Тұрақты температурадағы адам қаны плазмасы тұтқырлығының ығысу жылдамдығынан тәуелділік графигі қандай түрде болады?

A. Парабола түрінде болады.

B. Гипербола түрінде болады. C. Координаталар осі басынан өтетін түзу сызық түрінде болады. D. Ығысу жылдамдығы осіне параллель түзу сызық түрінде болады. E. Тұтқырлық осіне параллель түзу сызық түрінде болады.

030. Адам қаны сары суы тұтқырлығының ығысу жылдамдығынан тәуелділік графигі ... түрінде болады. A. гипербола B. экспонента

C. координаталар осі басынан өтетін түзу сызық

D. Ығысу жылдамдығы осіне параллель түзу сызық E. парабола

031. Автоматтау барысында, дыбыс талдаушысын қажет еткен, адамда артериальдық қысымды өлшеу үшін қолданылатын, өзіңізге танымал, жанама әдісті көрсетіңіз.

A. Оствальд әдісі. B. Стокс әдісі.

C. Рива Роччи әдісі. D. Коротков әдісі.

E. Кьендаль әдісі. 032. Қан ағысы көлемдік жылдамдын өлшейтін, өзіңізге танымал, жанама әдістерді атаңыз. A. Ультрадыбыстық доплерлік, ағыстардың лазерлік диагностикасы, реография. B. Ультрадыбыстық доплерлік, ағыстардың лазерлік диагностикасы, киноға түсіру. C. Электромагниттік шығын өлшеу, реография, ультрадыбыстық доплерлік. D. Электромагниттік шығын өлшеу, реография, Электромагнитная расходометрия, реография, бояғыштар езбесі әдістері. E. Электромагниттік шығын өлшеу. 033. Пуазейль формуласы тура келетін ньютондық сұйықтың ағу тәртібін көрсетіңіз. A. Ламинарлы. B. Қатаң.

C. Турбулентті. D. Құйынды.

E. Тұрақсыз. 034. Адамның қан арнасы бөліктерінің қайсысында гидравликалық кедергі ең жоғары. A. Капиллярларда. B. Венулаларда.

C. Веналарда. D. Аортада.

E. Прекапиллярларда. 035. Клиникада перифериялық тамырлар кедергісін анықтауда қолданатын қанайналым үлгісі.

A. Үлестірілген параметрлері бар сызықтық емес үлгі. B. Үлестірілген параметрлері бар сызықтық үлгі.

C. Серпімді резервуар үлгісі. D. Үлестірілген параметрлері бар таза резистивті үлгі. E. Шоғырланған параметрлері бар таза резистивті үлгі

036. Адамның жүрект-тамыр жүйесіндегі ең максимал қысым түсетін қан арнасы бөлігін атаңыз

A. Венулалар. B. Капилляр.

C. Аорта. D. Прекапилляр. E. Веналар.

037. Материалға күшпен әсер ету уақыты релаксация уақытынан әлде қайда аз болған кезде, негізінен, серпімдітұтқыр материалдарда байқалатын реологиялық қасиетті көрсетіңіз. A. Беріктілік. B. Қаттылық.

C. Тұтқырлық.

D. Серпімділік. E. Майысқақтық. 038. Материалға күшпен әсер ету уақыты релаксация уақытынан әлде қайда көп болған кезде, негізінен, серпімдітұтқыр материалдарда байқалатын реологиялық қасиетті көрсетіңіз. A. Қаттылық. B. Беріктілік.

C. Майысқақтық. D. Серпімділік.

E. Тұтқырлық. 40. Қысымның артуымен байланысты қан тамыры қабырғасында механикалық кернеудің артатыны белгілі. Егер қысым белгілі бір шекті мәнге жетсе, тамыр жарылуы мүмкін. Қай тамыр жарылмай, барлық бірдей жағдайда, ең үлкен қысымды көтере алатынын Лаплас формуласы арқылы анықтаңыз. A. Барлығы атмосфералық қысымға тәуелді болады. B. Диаметрі ең кіші тамыр. C. Барлығы атмосфералық электрлікке тәуелді болады.

D. Барлығы Жердің ионосфера күйіне тәуелді болады.

E. Диаметрі ең үлкен тамыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]