
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Спирография, спирометрия,
- •3.Плевра қуысындағы қысымды анықтау
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •2.Ауадағы оттегімен көміртегінің меншікті (парциальды) қысымын анықтау.
- •3. Қанның оттегілік сыйымдылығын ( қос) гемоглобин бойынша анықтау:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1.Әр түрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін талдау және тіркеу.
- •3. Тыныстың рефлекторлық тежелуі:
- •4.Тынысқа жасалатын әрекеттік сынамалар:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
1.Әртүрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін тіркеп, талдау.А.С.Сайдахметова практикумы 151 бет 3-жұмыс.
2.Адамда гиперпноэны тіркеу.
3.Тыныстың рефлекторлық тежелуі.
4.Тынысқа жасалатын әрекеттік сынамалар.
1.Әр түрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін талдау және тіркеу.
Пневмография әдісін қолданып, кеуденің дем алу және дем шығару кезіндегі қозғалысын, сонымен қатар тыныс жиілігі мен тереңдігінің әртүрлі жағдайдағы өзгерістерін жазып алуға болады. Сондықтан тыныс өзгерістерін төменгі көрсетілген жағдайдағы пневмография әдісімен зерттеу керек.
1.Қалыпты (тыныштық) күйдегі тыныс.
2.Терең дем алып, дем шығару
3.Сөйлеу немесе оқу кезіндегі тыныс өзгерісі
4.Жөтелу немесе күлкі кезіндегі тыныс өзгерісі
5.Өз еркімен дем алуды тоқтату кезіндегі өзгерістер
2.Жүктемеден кейінгі тыныс өзгерісін тіркеу: Зерттелушінің қалыпты жағдайдағы пневмограммасын жазып алғаннан соң, оған 20 с ішінде 30 рет отырып тұру жүктемесін жасатады. Осы жүктемеден кейінгі тыныс өзгерістері тіркеліп, талдау жүргізіледі.
3. Тыныстың рефлекторлық тежелуі:
Қалыпты пневмограмма жазу кезінде зерттелуші адамға аммиак ерітіндісімен дымқылданған тампонды иіскетеді де, сол кездегі тыныс өзгерісі тіркеледі. Тыныс өзгерісінің механизмін түсіндіру керек.Тыныстың рефлекторлық тежелуін сұйық тамақ немесе су ішкенде байқауға болады. Ол үшін қалыпты пневмограмма жазу үстінде адамға ыдысқа құйылған суды дем алу кезінде жұтқызады да, пневмограммадағы осы уақытта байқалған өзгерісті белгілейді. Осындай тәжірибені дем шығару кезінде де қайталайды. Тыныс өзгерістерінің механизмін түсіндіру керек.
4.Тынысқа жасалатын әрекеттік сынамалар:
А)Штанге сынамасы-тыныс алу кезіндегі демін тоқтату. Отырған адам екі-үш рет тереңірек дем алып, дем шығарған соң қайтадан тыныс алу кезінде демін тоқтатады. Осы дем тоқтату ұзақтығы секундомермен белгіленеді.Қалыпты жағдайда Штанге сынамасының ұзақтығы 40-50 с, ал шыныққан адамдарда (спорт шеберлерінде) 60 с-тан 2-2,5 мин дейін жетеді.
Б) Генчи сынамасы-тыныс шығару кезіндегі демін тоқтату. Зерттелушінің тыныс шығару кезіндегі демін тоқтату ұзақтығы секундомермен анықталады. Қалыпты жағдайда Генчи сынамасының ұзақтығы 20-30 с, ал шыныққан адамдарда 30-90 с болады.
Бірнеше адамға жасалған әрекеттік сынамалар нәтижесін төменгі кестеге енгізу керек. 2-таблица.
№ |
Аты,жөні |
Жасы |
Штанге сынамасы |
Генчи сынамасы |
Ескерту |
1. 2. 3… |
|
|
|
|
|
6.Әдебиет:
Негізгі
Орыс тілінде:
1. Физиология человека, В.М. Покровский., Г.Ф. Коротько, М., 2004.
2. Руководство к практическим занятиям по нормальной физиологии.
К.В.Судаков, А.В.Котова, М., 2002.
3. Руководство по общей и клинической физиологии. В.И.Филимонов, МИА, 2002,
957 стр.
4. Нормальная физиология, под ред. К.В.Судакова, М., 2000.
5. Агаджанян Н.А., Тель Л.З., Циркин В.И., Чеснакова С.А. Физиология
человека. Санкт-Петербург, Sotis, 2000 г., 528 с.
Қосымша:
1. «Основы физиология человека», 1 и 2 том, Б.И.Ткаченко, С.-Петербург, 1994г.
Атлас по нормальной физиологии А.В.Коробков, С.А.Чеснокова, Москва,
Высшая школа, 1987 .
Справочник физиологических и лабораторных показателей здорового человека.
А. А. Утепбергенов, 1995 .
Физиология человека. Под ред. М.Покровского, Г.Ф.Коротько, в двух томах, М., 2001, 368 с.
Қазақ тілінде:
Негізгі:
Адам физиологиясы. Х.К. Сәтбаева, А.А.Өтепбергенов, Ж.Б. Нілдібаева,
Алматы, 2005, 663 б.
2. Адам анатомиясы. А.Р. Рахишев., Алматы, 2005, 598 б.
3. Қалыпты физиологиядан тәжірибелік сабақтарға жетекшілік нұсқаулар./ Сайдахметова А.С., Рахыжанова С.О. Семей, 2006 г. - 174 бет.
4. Қанқожа М.Қ. Қозғыш ұлпалар физиологиясы. – Алматы, 2004 ж. – 78 бет.
Қосымша:
1.Рахишев А.Р. Русско-казахский толковый словарь медицинских терминов. (каз., русс.), А-Ата, 2002, 550 б.
2.Организмнің шартты-рефлекторлық әрекеті және оның нейрофизиологиялық тегершіктері. Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері. Ибраева С.С., Астана, 2006, 52 б.