
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Спирография, спирометрия,
- •3.Плевра қуысындағы қысымды анықтау
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •2.Ауадағы оттегімен көміртегінің меншікті (парциальды) қысымын анықтау.
- •3. Қанның оттегілік сыйымдылығын ( қос) гемоглобин бойынша анықтау:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1.Әр түрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін талдау және тіркеу.
- •3. Тыныстың рефлекторлық тежелуі:
- •4.Тынысқа жасалатын әрекеттік сынамалар:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Альвеолярлық ауа мен қан арасындағы газ алмасу: газ алмасудың жылжытушы күші. Фиктің диффузия заңы. Өкпенің диффузиялық қабілеті
2.Вентиляциялық және перфузиялық арақатынас. Өзара арақатынасының реттелу механизмі.
3.Дем алу, дем шығару және көпіршіктегі ауа құрамы. Артериялық және веналық қандағы газдардың ерітінділік кернеу күші.
4. Оттегі газының қанмен тасымалдануы, қанның оттегілік сыйымдылығы (ҚОС). Оксигемоглобиннің диссоциациялық қисығы, оған әсер ететін жағдайлар. Бор эффектісінің маңызы.
5.Көмір қышқыл газының қанмен тасымалдану түрлері, СО2 -ң артериялық және веналық қандағы кернеу күші. Дуглас-Холдейн эффектісінің маңызы.
6.Қан мен тканьдер арасындағы газ алмасу. Ткань сұйықтығы мен клеткалардағы газдардың ерітінділік кернеу күші.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
Зертханалық жұмыстар:
1.Оксигемометрия және оксигемография
2.Ауадағы О2 мен СО2-ң меншікті (парциалды) қысымын анықтау
3.Қанның оттегілік сыйымдылығын ( ҚОС) гемоглобин бойынша анықтау.
Оксигемометрия және оксигемография.
Қанның оттегімен қанығу дәрежесін немесе оксигемоглобиннің мөлшерін фотоэлектрлік әдіспен өлшеуді-оксигемометрия деп атайды. Оксигемометр арқылы оксигемоглобиннің мөлшерін анықтау спектрдің қызыл бөлігіндегі (620-680нм) тотыққан және тотықсызданған гемоглобиннің спектральдық қасиеттерінің әртүрлі болуына негізделген. Мұнда тотықсызданған гемоглобиннің жарықты сіңіру коэффициенті оксигемоглобинге қарағанда бірнеше рет жоғары болады. Қаннан шағылысқан жарықтың шамасын гальванометрге қосылған фотоэлемент арқылы өлшенеді. Осылай гемоглобиннің оттегімен қанығуының %-тік мөлшері анықталады. Қалыпты жағдайда оксигемоглобиннің артериялық қандағы мөлшері 96-97 %-ке, веналық қанда 60-80 %-ке сәйкес болады.Көбінесе іс жүзінде қандағы оксигемоглобин мөлшерінің өзгерістерін график түрінде жазу –оксигемография әдісі қолданылады.
Жұмысты орындау: Оксигемографты токқа қосып, 10-15 минут қыздырады. Сонан кейін зерттелушінің құлағының үстіңгі жағына осы аспаптың фотоэлементтік датчигін орналастырып, құлақты 10 минут қыздырады. Аспаптың «Бастапқы қанығуды орнату» тұтқасын бұрап 95-97 %-тік белгісіне қояды. Бұл қалыпты жағдайдағы дені сау адамның оксигемоглобиннің мөлшеріне сәйкес келеді.Тәжірибеде қанның оттегімен қанығу дәрежесі организмнің әртүрлі әрекеттік жағдайында анықталады.
А) тыныштық күйде тыныс алуда:
Б) тынысты тоқтатқан кезде (30-50 с):
В) терең дем алу мен дем шығаруда (гипервентиляция):
Г) қарқынды жүктемеден кейін және т.б
Жұмыс толығынан орындалған соң жазылып алынған оксигемограмманы талдап, қорытынды жасалады.Оксигемометрия және оксигемография әдістері дені сау немесе науқас адамдар қанының оттегін тасымалдау қызметін бағалауға мүмкіндік береді.
2.Ауадағы оттегімен көміртегінің меншікті (парциальды) қысымын анықтау.
Әрбір газдың меншікті (парциалды) қысымы оның %-тік көлеміне көбейтіп 100-ге бөлгеннен кейінгі атмосфералық қысымның шамасына тең.Бұл кезде ауаның ылғалдылығы да есептеледі. Жалпы қысымнан су буының қысымы алынады.
Есептеу формуласы: (Р а т м-Р н о)* % х
Рх=--------------------------- ---- ,
100
мұнда Рх-газдың меншікті (парциалды) қысымы (О немесе СО): Ратм-атмосфера қысымы, Р Н2О-су буының қысымы (барлық қысым-мм с.б берілген), % х-ауадағы газдың көлемдік шамасы.Атмосфера қысымы –760 мм с.б тең болады немесе оны барометрмен анықтайды өкпе көпіршігі ауасындағы су буының қысымы-47 мм с.б бөлмедегі ауада -5 мм с.б деп алынады.Келтірілген шамалар бойынша оттегі мен көміртегінің меншікті қысымын есептеп шығару керек.
Атм ауа |
Көпіршіктегі ауа |
Дем шығару ауасы |
О –20,85 % |
14,7 % |
16,6% |
СО-0,05 |
6,3 |
4,4 |
Есептелген шамалар өзара салыстырылып, қорытынды жасалады.