
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1.Спирография, спирометрия,
- •3.Плевра қуысындағы қысымды анықтау
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •2.Ауадағы оттегімен көміртегінің меншікті (парциальды) қысымын анықтау.
- •3. Қанның оттегілік сыйымдылығын ( қос) гемоглобин бойынша анықтау:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1.Әр түрлі физиологиялық жағдайдағы тыныс өзгерістерін талдау және тіркеу.
- •3. Тыныстың рефлекторлық тежелуі:
- •4.Тынысқа жасалатын әрекеттік сынамалар:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
1.Тақырып 1: Сыртқы тыныс.Сыртқы тыныс параметрлерін физиологиялық зерттеу әдістері (спирометрия, спирография). Балалардағы ерекшеліктері.
2.Мақсаты: Тыныс жүйесінің қызметін реттейтін физиологиялық механизмдерді, оның жұмысын қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді, осы процесстерді көрсететін аспаптық зерттеу әдістері мен физикалдық көрсеткіштердің қалыптасу механизмдерін түсіндіру.
3.Оқытудың міндеттері:
Студент білуі керек:
-тыныс алудың қызметтік жүйесі, оның организмдегі ролі;
-тыныстың биомеханикасын, процесстің этаптарын;
- тыныс жүйесі қызметінің жас ерекшеліктері.
Студент жасай білуі керек:
-сыртқы тыныс көрсеткіштерін бағалау;
-сыртқы тыныс көрсеткіштерін зерттеу әдістерін білу;
- тыныстың жиілігін және тереңдігін анықтау.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Тыныс алу, оның негізгі этаптары. Сыртқы тыныс туралы түсінік. Тыныс алу процессіндегі өкпенің, тыныс жолдарының және көкірек клеткасының қызметтік маңызы. Өкпенің газ алмасудан басқа қызметтері
2.Плевра қуысындағы теріс қысым, оның мәні, пайда болуы, маңызы.
3. Беткейлік- белсенді заттар (сурфактант) және тіндік факторлар. Олардың жаңа туылған балалардың тынысындағы ролі.
4.Дем алу және дем шығару механизмі: көкірек клеткасының және өкпенің кеңеюінің себептері, дем алғанда альвеолаларға ауаның өтуі. Бірінші тыныс алу механизмі.
5. Сыртқы тыныс параметрлері. Балалардағы ерекшеліктері. Зерттеу әдістері.
4.Өкпенің вентиляциясы (минуттық, альвеолярлық), ағзаның бөлімдеріндегі оның әртүрлілігі.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
Спирометрия, спирография А.С.Сайдахметова практикумы 144 бет 1-жұмыс.
Тыныстың тиеселі көрсеткіштерін есептеу және алынған көрсеткіштермен салыстыру сынамалары
Плевралық қуыстағы қысымды анықтау
Зертханалық жұмыстарды орындау жолдары:
1.Спирография, спирометрия,
а) Спирография-әртүрлі тыныс көлемдерінің арнайы аспап көмегімен -спирографпен тіркеу әдісі.Жазылған спирограмма бойынша өкпенің тіршілік сиымдылығын (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді есептеп тіршілік сиымдылығын (ӨТС) және оны құрайтын көлемдерді есептеп анықтауға болады.ӨТС дегеніміз-максимальды немесе терең тыныс алып тыныс шығару кезіндегі ауаның максимальды көлемі .ӨТС-ның құрамына мынадай ауа көлемдері кіреді:
1.Тыныстық көлем (ТК)-қалыпты тыныс алу және тыныс шығару кезіндегі ауаның көлемі (300-800мл)
2. Тыныс алудың резервтік көлемі (ТАРК)-қалыпты тыныс алудан кейін терең тыныс алғанда өкпеге кіретін ауаның қосымша көлемі (1500-2500 мл).
3.Тыныс шығарудың резервтік көлемі (ТШРК)-қалыпты тыныс шығарудан кейін терең тыныс шығарғанда өкпеден қосымша шығатын ауаның көлемі (1000-1500 мл)
Қалыпты жағдайда ӨТС-3500-5000 мл ӨТС шамасы жынысқа (әйелдерде төмен), жасқа (35 жастан соң төмендейді), салмаққа және бой ұзындығына тәуелді болса, сонымен қатар дене қалпына байланысты өзгеруі де мүмкін. (ӨТС-ң шамасы жатып анықтауда төмен).Сондықтан оны анықтау әрқашан бір қалыпты жағдайда (отырған немесе тұрған адамда) жасалуы керек.
Жұмысты орындау: Алдын-ала спирографтың тыныс алатын жүйесі оттегімен толтырылады. Сонан кейін отырған зерттелуші спирографтың арнайы түтігін аузына алып, аспаптың жүйесіндегі ауамен тыныс алады. Аспаптан тыныс алуға үйренген соң, тікелей спирограмма жазылады. Жазылған спирограмма бойынша ТК-ң, ТАРК-ң,ТШРК-ң шамаларын есептеп шығарады. Ол үшін жазылып алынған спирограмманың биіктігін сызғышпен (мм) өлшейді де,20-ға көбейтеді, себебі спирографтың қаламының 1 мм қозғалысына 20 мл ауа сәйкес келеді
Спирография әдісімен ӨТС-нан басқа тыныс жиілігі мен тереңдігін, ТМК-н және оттегінің сіңу шамасын анықтауға болады.
Спирография бойынша анықталған ӨТС-н дұрыс бағалау үшін оның әр адамға тән тиесілі көлемдеріне қатынасын анықтау керек, бұл қатынас дені сау адамда 20%-ке ауытқуы мүмкін.
ӨТС-ң шамасы сыртқы тыныс аппаратының әрекеттік қорын белгілі деңгейде сипаттайды.ӨТС-ң қалыпты жағдайдан төмендеуі өкпе ткандерінің кеуде қуысының және тынысқа қатынасатын бұлшық еттер қызметінің бұзылуында байқалады. Екі-үш зерттеушілерден жазылып алынған спирограмманы талдап, өкпе көлемдерін өзара салыстыру керек.
Б) Спирометрия- өкпенің әртүрлі көлемдерін (ӨТС,ТК және ТШРК) анықтау әдісі. Ол үшін құрғақ немесе сулы спирометрлерді қолданады.
Жұмысты орындау: Құрғақ спирометрдің мундштугін спиртпен тазалап, зерттелуші терең тыныс алғаннан соң спирометрге едәуір күшпен тыныс шығарады.Сонда спирометрдің үстіндегі шкала бойынша ӨТС-на сәйкес сан анықталады. Тәжірибені 2-3 рет қайталап ӨТС-ң орташа шамасы есептелінеді. Спирометрді қолданып бірнеше адамдардың ӨТС-н анықтап бір-бірімен салыстыру керек. (жынысына,жасына, дене салмағына, шыныққан немесе шынықпағандығына байланысты).
2.Тыныстың тиесілі көрсеткіштерін есептеу және алынған көрсеткіштермен салыстыру сынамалары
Белгілі бір адамның тыныс жүйесінің қызметін бағалау үшін спирометрия және спирография әдістерімен анықталған өкпе көлемдерін сол адамға тиесілі тыныстық шамаларымен салыстыру керек. Тиесілі ӨТС-н (ТӨТС) арнайы формулалар мен номограмма бойынша анықтайды:
1.Формула бойынша есептеу:
ерлерде -ТӨТС=27,63-(0,112*Ж)*В
әйелдерде – ТӨТС = 21,78-(0,101*Ж)*В
мұнда Ж-жасы В- бой ұзындығы (см)
2.Бой ұзындығы бойынша есептеу:
ерлерде-ТӨТС= бой ұзындығы (см)*25
әйелдерде –ТӨТС= бой ұзындығы (см)*20
3.Дене бетінің аумағы бойынша:
ерлерде-ТӨТС = дене аумағы (м2)*2,5
әйелдерде-ТӨТС= дене аумағы (м2)*2,0
Ескерту: дене бетінің аумағы номограмма бойынша анықталады.
4.ТӨТС номограмма бойынша анықтау әдісі: Н.А.Агаджанянның практикумында 102 беттегі 60 суретте көрсетілген.Бірнеше зерттеушілерден анықталған көрсеткіштерді төмендегі кестеге енгізіп салыстырып, қорытынды жасалады.
№ |
Аты-жөні |
Жасы |
ӨТС спирометрия бойынша |
ТӨТС формула (1) бойынша |
Ескерту |
1. 2. 3. |
|
|
|
|
|
Қалыпты жағдайдағы адамның ӨТС оның тиесілі шамасынан 20%-тен көп ауытқымайды.