
- •1.Тақырып Қанның негізгі физико-химиялық константалары
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Қанды зерттеуге алу әдісі және эритроциттердің санын Горяев камерасында есептеу.
- •2.Гемоглобиннің мөлшерін Сали әдісі бойынша және фотоэритрогемометрдің көмегімен анықтау
- •3.Қанның реңдік көрсеткішін анықтау
- •4.Эритроциттердің осмостық резистенттігін анықтау
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •1.Тақырып 2: Қанның қорғаныштық қасиеттері. Жас ерекшеліктері.
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1) Лейкоциттердің жалпы санын Горяев камерасында анықтау.
- •5).Коагулографпен жұмыс істеу тәртібі:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
Н БҚММУ 703-06-09. Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар. Бірінші басылым.
1.Тақырып 2: Қанның қорғаныштық қасиеттері. Жас ерекшеліктері.
2.Мақсаты: Қанның қорғаныштық қасиеттерін, лейкоциттер түрлерінің қызметтерін меңгеру; студенттерге гемостаз жүйесінің, фибринолиз және ұйытуға қарсы жүйелердің құрылымдарын, иммунитетті түсіндіру; қан ағу ұзақтығын, қанның ұю ұзақтығын анықтау және алынған нәтижені интерпретациялау.
3.Оқытудың міндеттері:
Студент білуі керек:
- кейбір лейкоциттердің морфологиясы мен қызметтерін
қанның арнамалы және бейарнамалы қорғаныш қасиеттері.
иммунитет түрлері, иммундық реакция механизмдері
- гемостаз процесі, оның факторлары, фазалары
- фибринолиз процесі факторлары, фазалары
- ұюға қарсы жүйенің құрылымы.
- ҚАКР жүйесі туралы түсінік.
Студент жасай білуі керек:
лейкоциттердің жалпы санын анықтау және бағалау
лейкоформуланы анықтау және бағалау
- қанның ағу ұзақтығын және ұю уақытын
- коагулограмманың нәтижесін бағалау - қанның ұю жылдамдығын әр түрлі тәсілдермен анықтау (коагулография және т. б)
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Лейкоциттер, түрлері. Лейкоциттердің әр түрінің қызметтері.
2. Лейкоцитоз бен лейкопения туралы түсінік.Лейкоцитарлық формула
3.Иммунитет. Түрлері және иммунологиялық реакциялардың механизмдері.
4. Қан плазмасының бейарнамалы қасиеттері және клеткалық элементтері.
1.ҚАКР жүйесі жөнінде түсінік (Қанның агрегаттық күйінің реттелуі)
2.Гемостаз, түрлері, факторлары (плазмалық, клеткалық, тканьдік)
3.Қан- тамырлы тромбоцитарлы гемостаз.Маңызы, фазалары, факторлары
4. Коагуляциялық гемостаз, фазалары
5.Фибринолиз
6.Қан ұюға қарсы жүйе, антикоагулянттар
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
1) Лейкоциттердің жалпы санын Горяев камерасында анықтау.А.С.Сайдахметова практикумы 85 бет 1-жұмыс.
2) Лейкоциттік формуланы зерттеу. А.С.Сайдахметова практикумы 90 бет 1-жұмыс.
3) Қанның ұю жылдамдығын анықтау А.С.Сайдахметова практикумы 105 бет 11-жұмыс.
4) Қанның ағу ұзақтығын анықтау А.С.Сайдахметова практикумы 102 бет 9-жұмыс.
5) Коагулография (демонстрация) және графигінің анализін жасау
1) Лейкоциттердің жалпы санын Горяев камерасында анықтау.
Жұмысты орындау: Таза пробиркаға көкшіл түске боялған 5%-тік сірке қышқылының 0,4 мл құяды. Саусақтан алынған 0,02 мл қанды осы қышқылмен араластырып 1:20 қатынасындай мөлшердегі жасалған сұйықты зерттеуге алады. Ол үшін эритроциттерді есептегендей, қоспаның 1-2 тамшысын алып есептеу камерасын толтырады. Камераны микроскопқа орналастырады да, тордың 25 үлкен квадратындағы ( немесе 400 кішкентай) лейкоциттердің санын есептейді. Табылған лейкоциттердің санын (В) есептеу формуласына қойып, 1 мкл қандағы лейкоциттердің жалпы санын анықтайды:
У=В х 4000х20
-------------------- =,
400
У-1 мкл қандағы лейкоциттердің жалпы саны;
В- Кішкентай 400 квадраттағы лейкоциттер саны.
Бірнеше студенттердің қанындағы есептелген лейкоциттердің санын дәптерге енгізіп, өзара салыстыру керек.
2). Лейкоциттік формуланы зерттеу: Бұл формуланы лейкоциттер түрлерінің бір-біріне сандық немесе – %-тік қатынасын көрсетеді. Оны зерттеу қан жұғынынан жасалған және арнаулы бояумен боялған препаратта жүргізіледі. Микроскоп астында осы препаратты зерттеп, 100 лейкоциттің ішіндегі әр түрлерінің санын анықтайды. Зерттеудің нәтижесін төменгі кестеге енгізіп , қалыпты шамалармен салыстырып, қорытынды жасау керек.
Базофил %
|
Эозинофил % |
Нейтрофилдер % |
Лимфоцит % |
Моноцит %
|
|||
N-0,5-1 |
2-4 |
жас |
т/ядро |
с/ядролы |
20-40 |
2-10 |
|
0-1 |
1-5 |
45-70 |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
3).Сухарев әдісі: Бұл әдіс бойынша қанның ұю жылдамдығын анықтаумен бірге организмдегі қанды ұйытатын түрткілердің (фибриноген,антигемофильдік глобулин протромбин және т.б) жеткіліксіздігін білуге болады. Қанның ұю уақыты қысқарса ол осы процестің күшейе түскенін көрсетеді (гиперкогуляция) осы әдіспен анықталған қанның ұю жылдамдығының қалыпты көрсеткіштері басталуы 0,5-2 минутқа дейін аяқталуы 3-5 минутқа дейін болады
Жұмысты орындау: Зерттеуге қанды саусақтан шыны түтікшеге (Панченка аспабынан алынған капиллярға) 25-30 мм шамасына дейін сорып алады да секундомермен алынған уақытын белгілейді. Сонан кейін түтікшені ептеп қисайтып ішіндегі қанды ортасына қарай аударады да оның шеттерін саусақпен жауып екі жаққа 30-45 градусқа сәйкес шайқайды Шайқағанда түтікше ішіндегі қан еркін қозғалса оның әлі ұйымағандағы ал біраздан кейін қан баяулап қозғалса онда қан ұюының басталғаны деп саналады Қан толығымен ұйығанда түтікшені қисайтқанда оның ішіндегі қан қозғалмайды
4).Қанның ағу ұзақтығын Дуке әдісі: бойынша анықтау скарификатордың көмегімен төртінші саусақты тесіп, уақытын белгілейді. Пайда болған қан тамшысын сорғыш қағазға әрбір 30 сек сайын, тамызып отырады. Қанның ағу ұзақтығы қанның бірінші тамшысы пайда болған уақыттан, қағаздың боялуы тоқтағанға дейінгі уақыт . Қалыпты жағдайда 2-4 мин.