
- •1.Тақырып Қанның негізгі физико-химиялық константалары
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1. Қанды зерттеуге алу әдісі және эритроциттердің санын Горяев камерасында есептеу.
- •2.Гемоглобиннің мөлшерін Сали әдісі бойынша және фотоэритрогемометрдің көмегімен анықтау
- •3.Қанның реңдік көрсеткішін анықтау
- •4.Эритроциттердің осмостық резистенттігін анықтау
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •1.Тақырып 2: Қанның қорғаныштық қасиеттері. Жас ерекшеліктері.
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
- •1) Лейкоциттердің жалпы санын Горяев камерасында анықтау.
- •5).Коагулографпен жұмыс істеу тәртібі:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
Н БҚММУ 703-06-09. Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар. Бірінші басылым.
1.Тақырып Қанның негізгі физико-химиялық константалары
2.Мақсаты: Қанның физико-химиялық және морфологиялық құрамын меңгеру; қан түзуші ағзалар қызметтерін реттеуші физиологиялық процесстерді түсіну; қанның құрамын зерттеуді үйрену; алынған нәтижелерді бағалай білу.
3.Оқытудың міндеттері:
Студент білуі керек:
- қанның физико-химиялық константаларын;
-эритроциттердің қызметін;
-гемоглобиннің ролін, оның қосындаларын.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Қан жүйесі туралы түсінік (Т.Ф.Ланг). Қанның қызметтері.
2.Қанның құрамы мен мөлшері. Қанның физико-химиялық қасиеттері.
3.Плазманың электролиттік құрамы
4.Онкотикалық және осмостық қысымдар
5.Эритроциттер. Көлемі,құрылымы, қызметтері.Эритропоэз, эритрон туралы түсінік.
6.Гемоглобин,көлемі, түрлері, қосындылары, физиологиялық маңызы.
7.Плазманың көлемі мен формалы элементтердің арақатынасы (гематокрит)
8. Түсті көрсеткіш. ЭТЖ, оның анықтамасы. Гемолиздің түрлері, оның механизмдері
9. Жаңа туған балалар қанының физико-химиялық ерекшеліктері. Балалардағы қанның ерекшеліктері
10. Қан түзілу мен қан бұзылуының реттелуі.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.
Зертханалық жұмыстарды орындау жолдары:
1. Қанды зерттеуге алу әдісі және эритроциттердің санын Горяев камерасында есептеу.
Адамның қанын зерттеудің клиникалық маңызы зор. Сондықтан қанды зерттеуге қолдың саусағынан алады. Алдын-ала сыналушылардың қолын жуғызып 1V саусақтың басын спиртпен тазартады. Сонан кейін саусақтың терісін скарификатормен 2-3 мм тереңдікте теседі.
Қанның алғашқы тамшысын мақтамен сүртеді де,зерттеуге қанды жіңішке шыны капилляр түтіктің белгісіне дейін сорып алады.Қанды алып, болғаннан кейін саусақтың тесілген жеріне йод ерітіндісін жағып, спиртке малынған мақтамен жабады. Қазіргі кезде клиникалық практикада формалы элементтердің санын пробиркалық әдіспен анықтау қолайлы деп саналады. Жоғарыда көрсетілген әдіспен IV –саусақтан алынған 0,02 мл қанды пробиркада 4 мл 5%-тік натрий хлориді ерітіндісімен араластырады. Сонда 1:200 тең сұйытылған ерітінді жасалады. Сұйытылған қанның бір тамшысы жабынды шынымен жабылған,Горяевтің есептеу камерасына құйылады.Есептеу камерасын микроскопқа орналастырып (обьектив 8х,окуляр 10 х ), диагнольды орналасқан үлкен 5 квадраттағы (немесе 80 кішкене) эритроциттерді санайды. Табылған эритроциттердің санын (А) есептеу формуласына қойып, 1мкл қандағы эритроциттердің санын анықтайды:
А х 4000 х 200
Х=---------------------------
80
Х- 1 мкл қандағы эритроциттер саны А-кішкентай 80 квадраттағы эритроциттер саны
Бірнеше адамдардың қанындағы эритроциттердің санын анықтап болғаннан соң, оларды өзара салыстыру керек. Нәтижесін дәптерге жазып, қорытынды жасалады.
2.Гемоглобиннің мөлшерін Сали әдісі бойынша және фотоэритрогемометрдің көмегімен анықтау
Гемоглобин мөлшерін стандартты ерітінді мен зерттеуге алынған қан түстерін салыстыруға негізделген, колориметрлік әдіспен анықтауға болады.Оның бірі-Сали әдісі. Бұл әдіс гемоглобин мен тұз қышқылы қосылғанда тұрақты қоңыр түсті ерітінді пайда болуына негізделген.Сали гемометрінің үш пробиркасы бар. Ортасындағы қанды зерттеуге арналған пробирка өлшемді сызықтармен белгіленген,екі шеткі пробиркаларға ашық қоңыр түсті стандартты гематин ерітіндісі (гемоглобин мөлшері 167 г/л-ге сәйкес) құйылған.
Жұмысты орындау: Гемометрдің ортаңғы пробиркасының төменгі белгісіне дейін тұз қышқылының 0,1 N ерітіндісі құйылады. Микропипеткамен саусақтан алынған 0,02 мл қанды осы ерітіндінің үстіне құйып араластырады да, 3-5 минутке штативте қалдырады (осы уақыт ішінде гемоглобин тұз қышқылды гематинге айналып ерітінді қоңыр түске боялады.) Сонан кейін осы ерітіндінің түсі стандартпен сәйкес болғанша оған пипеткамен дистелденген суды тамыза отырып, шыны таяқшамен араластырады. Пайда болған ерітіндінің деңгей сызығы қандағы гемоглобин мөлшерін көрсетеді.Мысалы пробиркадағы ерітіндінің түсі 14,0 деген сызықта стандарттың
түсімен сәйкес болса, зерттелген қандағы гемоглобин мөлшері 140 г/л деп есептеледі.Соңғы уақытта гемоглобин мөлшерін дәл анықтау үшін спектрофотоколориметр және гемоглобинометр аспаптары қолданылады.
Гемоглобиннің қалыпты мөлшері ер адамдардың қанында-130-160 г/л,әйелдердің-120-140 г/л жаңа туған нәрестелердің қанында 170-240 г/л болады.