Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖҚЖ тәж.саб.ӘН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109.57 Кб
Скачать

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жүрекішілік (интракардиалды) реттелу механизмдері

2.Жүрексыртылық (экстракардиалды) реттелу механизмдері. Симпатикалық және парасимпатикалық жүйкенің жүрекке әсері.

3.Рефлекторлық реттелудің маңызы.

4.Реттелудің гуморалдық механизмдері. Балалардағы ерекшеліктері.

5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау:

1) Адамның жүрек- қантамыр жүйесінің жүктемеге бейімделу мүмкіншілігін анықтау

2) Жүректік рефлекстер Данини-Ашнер, Догель және т.б.А.С.Сайдахметова практикумы 123 бет 7-жұмыс; 124 бет 8-жұмыс.

1) Адамның жүрек-қантамыр жүйесінің жүктемеге бейімделу мүмкіншілігін анықтау үшін Мартинэ бойынша әрекеттік сынама жасау керек. (30 сек-та 20 рет отырып- тұру)

Жұмысты орындау: Тыныш отырған адамның әрбір 10 сек сайын пульс жиілігін бір саны 3-4 рет қайталағанша (мысалы 14-13-13-13 рет 10 сек ішінде) анықтайды. Коробков әдісімен АҚҚ-ын өлшейді.Анықталған пульс жиілігі мен АҚҚ-ң сандары төменгі кестенің графаларына жазылады.

Уақыт:

С:

Сынамаға дейінгі пульс жиілігі:

Сынамадан кейінгі пульс жиілігі:

1-ші

2-ші

3-ші 4-ші

5 мин

10

+

+

+

+

-

-

20

+

-

+

+

-

-

30

+

-

+

+

-

-

40

-

-

+

+

-

-

50

-

+

+

-

-

-

60

-

+

+

-

-

-

АҚҚ

+

+

-

+

+

-

Мұнда «+» – белгісі пульс жиілігі мен АҚҚ-ның анықталу кезеңдері

Сонан кейін зерттелуіші адам (қарына бекітілген манжетканы алмай) жүктемелік сынаманы (30 сек 20 рет отырып -тұру ) жасайды. Сынамадан кейін алғашқы 10 с ішінде пульс жиілігі анықталады да, сол сан кестеге жазылады.

1-ші минуттың 40-шы секундына дейін АҚҚ-ы өлшенеді, ал осы минуттың ішінде 50-ші сек бастап әрбір 10 с сайын пульс жиілігі қалыпты жағдайға сәйкес болғанша анықталады. Пульс қалпына келгеннен кейінгі ғана АҚҚ-ы өлшенеді. (сынамадан кейін 2 мин өткен соң). Сынаманың нәтижесін бағалау жүктемеден кейінгі қалыптасу кезеңіндегі пульс жиілігі мен АҚҚ-ң өзгерістерін талдау бойынша жасалады. Өлшемді жүктемелік сынамаға бірнеше түрлі реакциялар байқалады.

1.Норматониялық қалыпты реакция максимальды АҚҚ-ы жоғарылауы, Минимальды қысымның төмендеуімен, пульстің жиілігімен сипатталады. Өзгерген көрсеткіштердің жүктемеден кейін қалыпты шамаға қайта келуі 1-3 минутта аяқталады.

2.Гипертониялық- пульстің аса жоғары жиілеуі, максимальды қысым кейбір жағдайда өзгермейді, кейде ол да болады. Бұл реакцияның қалыптасу кезеңі ұзақтау және баяу болады.

3.Гипертониялық- максимальды қысымның сәл ғана жоғарлауымен, пульс жиілігінің аса жоғары өсуімен сипатталады. Қалыптасу кезеңі баяу болады.

4.Дистониялық-максимальды қысымның өте жоғары шамаға көтерілуі 200-240 мм.с б, мен минимальды қысымның нольге дейін құлдырауы «шексіз тон» байқалады.

Б) Жүректік рефлекстер Данини-Ашнер, Догель және т.б

Жүрек қызметін өзгертетін рефлекстерді анықтау. Жүрек қызметіне әсер ететін рефлекстер қоянда жасалынады Бұл жұмысты Квасов практикумының 123 бет, 82,83 жұмыс және Агаджанян практикумының 72 беттегі 45 жұмысынан қараңыздар.

Догель рефлексі :

Жүрек қызметін бақылау үшін, фонокардиографтық қосымша, осциллограф және дыбыс үдеткіш қажет. Қоянның кеудесіне микрофонды қойып, оның жүрегінің жиырылу жиілігін 30 сек санайды. Қалыпты жағдайда қоянның ЖЖЖ 200 және одан да көп 1 минутта. Нашатырлы спирт немесе ацетонға батырылған мақтаны қоянның мұрынына иіскетеді. Жүрек қызметінің өзгерістерін бақылайды. ЖЖЖ есептейді.

Данини-Ашнер рефлексі:

Бақылауды адамда жүргізеді. ЖЖЖ пульс бойынша анықтайды. Сол қолдың 2 саусағын көз алмасына орналастырады, оң қолмен пульсті тауып алады. 10 сек ішінде көз алмасына 2 саусақпен басады.Бір мезгілде 30 сек ішіндегі пульсті анықтайды, көз алмасын басуды тоқтатқаннан кейінде пульсті санайды. ЖЖЖ өзгерісін сипаттау және механизмін түсіндіру керек. Рефлекторлық доғасын салу керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]