
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •1) Адамның электрокардиограммасын тіркеу әдісі:
- •Экг компоненттерінің қалыпты шамалары
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау:
- •4.Қатар тіркелген фоно-және электрокардиограмма
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
- •3.Оқытудың міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау:
- •6.Әдебиет:
- •7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
7.Бақылау: білімді соңғы бақылау (ситуациялық есептер)
Н БҚММУ 703-06-09. Сабақтарға (тәжірибелік, семинарлық, зертханалық) арналған әдістемелік нұсқаулар. Бірінші басылым.
1.Тақырып 2: Гемодинамика. Қантамырлы арнаның әртүрлі бөлімдерінің қызметтік сипаттамасы. Балалардағы ерекшеліктері.
2.Мақсаты: Қантамырлық тонустың реттелуін қамтамасыз ететін физиологиялық процесстерді түсіну. Бұл сұрақтар алдыңғы сабақтың жалғасы болып табылады және жүйелік гемодинамика туралы білімді толықтырады. Қанайналым жүйесінің негізгі параметрлерін зерттеу әдістері туралы білім беру.
3.Оқытудың міндеттері:
Студент білуі керек:
- қан тамырларымен қан ағуының биофизикалық негіздері;
-базальдық және вазомоторлық тонустың пайда болуы;
-орталық реттелуші механизмдер;
-қан айналымын зерттеудің функционалдық негізгі әдістері
Студент жасай білуі керек:
-адамның пульсын анықтау және оған сипаттама беру;
-артериялық қан қысымын анықтау тәсілдері.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1.Қантамырлық арнаның функционалдық жіктелуі (Фолков бойынша).
2.Кардиогемодинамиканың параметрлері (көлемдік, сызықтық жылдамдықтар, қан айналымының минуттық көлемі,қысымы, кедергісі) әртүрлі қантамырлық арналарындағы.
3.Қан қысымы, түрлері. Қан қысымының қалыпты көрсеткіштері. Қан қысымына әсер ететін факторлар.
4. Артериялық және веноздық пульс. Сфигмограмма мен флебограмманың анализі
5.Қан тамыры тонусының рефлекторлық реттелуі. Тамыр қозғалтқыш орталық. Гипоталамус пен ми қыртысының маңызы.
6.Қанайналымның гуморальдық реттелуі. Балалардағы ерекшеліктері.
5.Сабақ беру және оқыту әдістері: Зертханалық жұмыстарды орындау:
1).Қан қысымын тікелей өлшеу әдісі
2).Артериялық қан қысымын өлшеу түрлері
3).Систолалық және минуттық көлемдерді анықтау әдісі, веналық қысымды анықтау, капилляроскопия
Жұмысты орындау жолдары:
1.Қан қысымын тікелей өлшеу әдісі Г.И.Косицкийдің практикумында 165 бет, 54 жұмысынан қараңыз.
2.Артериялық қан қысымын өлшеу түрлері А.С.Сайдахметова практикумы 140-бет 15-жұмыс; Г.И.Косицкийдің практикумында 163 бет, 53 жұмысынан қараңыз.
3.Систолалық және минуттық көлемдерді анықтау әдісі, веналық қысымды анықтау, капилляроскопия «Методы исследования физиологических функций» 1991 ж 27 бет а,б,в жұмыс 29а, 42 бет капилляроскопия Г.И.Косицкийдің практикумында 169-170 бет, 56 жұмысынан қараңыз.
4.Қатар тіркелген фоно-және электрокардиограмма
Қалыпты ФКГ-ғы 1 тонның ұзақтығы 0,08-0,14 с,ал 11 тонның ұзақтығы 0,05-0,07 с
ЭКГ-мен қатар жазылған фонокардиограмада 1 тон тербелістері S тісшенің деңгейіне сәйкес,ал 11 тон -Т тісшенің соңына сәйкес келеді.
111 тон-қарыншалардың диастола кезінде қанмен тез толуы мен қабырғаларының дірілдеуінен пайда болады,оның жазылған тербелістері 11 тоннан кейін келеді. (ЭКГ-ң т Т тісшесінен кейін)
1V тон-жүрекшелердің систоласы кезінде қарыншаларға қосымша қан құюылуымен байланысты сондықтан ол 1 тонның алдында, ЭКГ-ң Р тісшесінен кейін жазылады.
5.Баллистокардиография-жүректің жиырылуы мен ірі тамырлардағы қан айдалуынан пайда болатын дененің әлсіз қозғалысын графикалық тіркеу әдісі. Бұл дене қозғалыстарын әртүрлі датчиктер көмегімен (мысалы электромагниттік) электр сигналдарына айналдырып, экг-мен бірге жазып алады
2-сурет. Бірдей тіркелген баллисто және экг.
Баллистокардиолограмма-жүректің әрбір циклінде қайталанып отыратын толқындар қатары болып табылады. Олар үш топқа бөлінеді. Жүрекшелік систолалық және диастолалық (соңғы толқындар әлсіз және тұрақсыз болады.) Талдау үшін ең маңыздысы систолалық топтың жоғары шайқалымды (амплитудасы) толқындары:1 толқыны-қарыншалардан қанның айдалу кезіндегі тербеліс: J толқыны-қолқа доғасы мен өкпе артериясының айырылымына соғуы төмен бағытталған К толқыны-қолқаның төмендеу бөлігіндегі қанның қозғалысын бейнелейді.
Бұл әдіс дені сау адамдардың және жүрек-тамыр жүйесі ауруларының жүрек етінің (миокардтың) жиырылу қызметін бағалауға мүмкіндік береді. (инфаркт, жүрек ақауы,гипертония және т.б)
6.Динамокардиография-миокардтың жиырылуы қызметін зерттейтін әдістің бірі яғни жүректен айдалатын қан көлемі мен жүрек қозғалысына байланысты кеуде қуысы ауырлық орталығының өзгеруін тіркейтін әдіс. Кеуденің механикалық қозғалысы тензодатчиктер арқылы электр тербелістеріне айналдырып,ЭКГ-мен бірге жазылады. (3-сурет)
ДКГ-ң негізгі тісшелері латын әріптерімен A.B.C.D.E.F.G.Н ал олардың интервалдары римше цифрлармен (1-V11) белгіленеді. Миокардтың әрекеттік жағдайын бағалау көлденең және ұзына бойлы ДКГ-ма қисығының амплитудалық және интервалдық ара қатынасын талдауға негізделген.Бұл әдіс бойынша миокардтың жиырылу қабілетін және түрлі жүрек дерттерін анықтап оларды емдеудің тиімділігін бағалауға болады.