Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖҚЖ тәж.саб.ӘН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
109.57 Кб
Скачать

1.Тақырып 1: Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Жүрек тондарының пайда болу механизмі. Электрокардиография. Балалардағы ерекшеліктері.

2.Мақсаты: Жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін реттеуші физиологиялық процесстерді түсіну және оларды инстументальды зерттеу әдістерімен бағалай білу, жүрек циклының фазалық құрылымы, жүрек тондарының пайда болу механизмдері жайындағы білімді бекіту, жүрек қызметінің электрлік көріністерімен және электрокардиографтың жұмысымен танысу (электродтарды орналастыру техникасы, 12 стандартты тіркемеде ЭКГ-ні тіркеу, қалыпты ЭКГ-ның анализі, тісшелер мен интервалдардың қалыпты параметрі), жүрек тондарын тыңдау нүктелерін таба білу.

3.Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

-миокардтың физиологиялық қасиеттері мен ерекшеліктері;

-жүрек автоматиясының пайда болуы және градиенті;

- жүрек циклы және оның фазалық құрылымы;

- жүрек тондарының пайда болуы;

- ЭКГ –ның физиологиялық негізі.

Студент жасай білуі керек:

-жүректегі қозудың пайда болу және таралу ерекшеліктерін электрлік белсенділікті жазып алу арқылы бағалай білу

- аускультациялық нүктелерде жүрек тондарын тыңдай білу.

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Жүрек бұлшық етінің физиологиялық қасиеттері. Қозғыштық. Кардиомиоциттердің әрекет потенциалы

2.Жүрек автоматиясы,анықтамасы, оның субстраты. Жүрек автоматиясының пайда болуы, өткізуші жүйенің ӘП, автоматия градиенті. Балалардағы ерекшеліктері

3. Жүрек циклы және оның фазалық құрылымы. Қанның систолалық және минуттық көлемдері. Балалардағы ерекшеліктері.

4.Жүрек циклінің әртүрлі фазасындағы қозғыштық, жиырылғыштық және қозудың арақатынасы.

5. Жүрек тондары, пайда болу механизмі, тыңдау нүктелері. Балалардағы ерекшеліктері.

6.Электрокардиография, анықтамасы. Қалыпты ЭКГ-ның параметрлері. ЭКГ-ның физиологиялық негізі. Балалардағы ерекшеліктері.

5.Сабақ беру және оқыту әдістері: зертханалық жұмыстарды орындау.

1) ЭКГ-ны тіркеу әдісі және қалыпты жағдайдағы ЭКГ-ге анализ жасау. А.С.Сайдахметова практикумы 138 бет 14-жұмыс

2) Аускультациялық нүктелерде жүрек тондарын бір бірінде тыңдау. А.С.Сайдахметова практикумы 132бет 12-жұмыс; «Методы исследования физиологических функций» 23-жұмыс

Зертханалық жұмыстарды орындау жолдары:

1) Адамның электрокардиограммасын тіркеу әдісі:

Электрокардиография-жүрек етінің қозуы кезінде пайда болатын электрлік құбылыстарды тіркеп алу әдісі. Жүректің электрлік потенциалы бүкіл организмге таралатын болғандықтан, оны дене бетінің белгілі бір жерлеріне қойылған электродтар арқылы жазып алуға болады.

Медициналық практикада адамның ЭКГ-н жазып алу үшін бірнеше тіркеу әдістері қолданылады:

1. Қолдар мен аяқтардың потенциал айырмашылығын үш стандартты биполярлық тіркеу (І-оң және сол қолдан, ІІ-оң қол және сол аяқтан, ІІІ-сол қолдан және сол аяқтан)

2. Аяқ-қолдардан бір полюсті күшейтілген тіркеу (оң қолдан-аVR, сол қолдан- аVL, сол аяқтан-аVF)

3. Кеуде бетіндегі нақты нүктелерден тіркеу (V1,V2…….V7)

Жұмысты орындау: Электрокардиографты токқа қосқаннан кейін 10-15 минуттан соң адамның ЭКГ-н жазуға дайын болады. Кушеткада жатқан зерттелушінің аяқ-қолдарына стандартты тіркеу бойынша электродтар орналастырылады. Электрлік контакт жақсы болу үшін электрод пен терінің арасына 10%-тік NaCI ерітіндісіне малынған дәке немесе фильтр қағазы салынады. Прибордың лента тарту механизмін секундына 50 мм жылдамдыққа қойып, калибрлеу сигналы белгіленеді (1 мв-10мм). Сонан кейін адамның ЭКГ-сын І, ІІ,ІІІ стандартты тіркеу түрлерін қолданып, жазып алады. Жазылған ЭКГ-ны кесіп алып, оның тісшелері мен интервалдарын тиісті латын әріптерімен белгілеу керек.

Бірнеше адамның ЭКГ-н тіркеп алғаннан кейін талдау жүргізіледі.

ЭКГ-ны талдау принциптері: Адамның қалыпты ЭКГ-сы негізгі бес тісшелерден тұрады.

P, Q , R, S, T кейде тұрақсыз, U- тісшесі байқалады. Үш жоғары бағытталған P, T-оң тісшелер, ал екі төмен қарай бағытталған Q S,-теріс тісшелер деп саналады.

ЭКГ-ң Р тісшесі екі жүрекшенің бір мезгілде қозуынан пайда болады: Q R, S, T-қарыншалар потенциалдары қозу процессінің қарынша еттеріне таралғанын көрсетеді.

ЭКГ –да тісшелерден басқа интервалдар (PQ-Т, Т-Р, R- R) болады. P- Q интервалы-жүрекшелерден қозудың қарыншалар арқылы өту уақытын көрсетеді (бұл интервал – Q-S және S-Т бөлімдерінен тұрады.) Т-Р интервалы жүректің реполяризациясына сәйкес келеді. R- R интервалы жүрек циклының ұзақтығын көрсетеді (қалыпты жағдайда ол 0,8с). Жазылып алынған ЭКГ-ны талдау ІІ стандартты тіркеуде жасалады, оның қалыпты шамалары таблицада көрсетілген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]