Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pravo_ref_116.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
186.37 Кб
Скачать

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдары.

Бұлар мемлекеттiң тиiстi аумағындағы iстiң жай-күйiне жауапты, жергiлiктi және атқарушы органдар жүзеге асыратын Қазақстан Республикасындағы бiрiңғай мемлекеттiк билiктiң түрi.

Олардың функциялары:

  • халықтың жергiлiктi iстерге қатысуын қамтамасыз ету;

  • жергiлiктi жерлердi мемлекеттiк меншiктi, бюджеттiң құрылуын, бекiтiлуiн және орындалыун басқару;

  • жергiлiктi салықтар мен жиналымдарды белгiлеу;

  • жасалған жоспарлар, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламалар негiзiнде тиiстi аумақтың дамуын қамтамасыз ету;

  • халықтың әлеуметтiк мәдени, коммуналдық-тұрмыстық және өзге де қызмет қажетiн өтеу.

Жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдар жергiлiктi өкiлеттi органдарды, маслихаттарды, қамтиды. олар тиiстi әкiмшiлiк аумақтық болiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпы мемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оның жүзеге асырылуын бақылайды. Жергiлiктi атқарушы органдарын басқаратын әкiмдер, бұларға Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрiңғайы жүйесi енедi, тиiстi аумақтардағы мүдделер мен қажеттiлiктердi үйлестiре отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттк саясатын жүргiзудi қамтамасыз етедi.

Бұл органдардың ұйым және қызмет бабы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдар туралы» қолданылып отырған заңында белгiленген. Мәслихаттарға өткен сайлауға 18 жасқа толған азаматтар қатысады, олар 4 жылға сайланады. Облыстық әкiмдердi Президент тағайындайды, ал одан төмен әкiмдердi облыстық әкiмдердiң өздерi тағайындайды. Маслихаттар өздерiнiң құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер шешiмдер мен өкiмдер қабылдайды.

Қазақстан Республикасының егемендiгi мен аумақты тұтастығын қорғауды оның Қарулы күштерi жүзеге асырады. Мемлекеттiк және қоғамдық қауiпсiздiк пен құқық тәртiбiн қорғау iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарына және республикалық ұланға жiктеледi. Олардың мәртебесi және қызметi заңмен белгiленедi.

Сонымен, мемлекеттiк аппарат өкiлеттi, атқару және сот билiктерiнiң органдарына бөлiнедi. Екiншiден, мемлекеттiк органдар төменгi және жоғарғы органдарға бөлiнедi. Үшiншiден, мемлекеттiк органдар жоғарғы, орталық және жергiлiктi органдарға бөлiнедi.

Мемлекеттi талдау оның механизм позициясы жағынан әр элементтiң орнын және рөлiн, құрылымын мемлекеттiк басқару жүйесiнде табуға мүмкiндiк бередi.

Мемлект механизмнiң бiрiншi элементi болып мемлекеттiк орган тұрады.

Мемлекеттiк орган—мемлекеттiк аппараттың өкiмет билiгiне өкiлеттiгi бар құрылымдық бөлшегi. Мемлекеттiк органның өкiмет билiгiн iске асыруы мемлекеттiң мәжбүрлеу күшi арқылы қамтамасыз етiледi.

Мемлекеттiк органдардың белгiлерi:

1) Мемлекеттiк органның билiктiк өкiлеттiлiгi бар; Мемлекет механизмiнiң құрылымында бола тұра онда өз орнын тауып, онда өзiн өзiнше элемент етедi;

2) Мемлекеттiк орган мемлекеттiк қызметкерлерден тұрады, осы туралы арнайы заң бар; Мемлекет жолдауымен немесе атынан қызмет атқарады;

3) Мемлекеттiк орган экономикалық және ұйымдастыру еркi бар; оның құрылуы және сақталуы нормативтiк құқықтық актiлер арқасында (Конституция, заң және заңға негiзделген актiлер);

4) Әр мемлекеттiк орган тек қана өзiне тән қызметтi орындау керек, ол үшiн соған сәйкес нысанды және әрекеттi қолдануы керек;

5) Керек жағдайда күш қолдану әрекетiгiне мүмкiндiгi бар;

6) Мемлекеттiк органның немесе лауазым иесiнiң өзiне заңмен қамтылған, құзырындағы-мемлекеттiк немесе қоғамдық маңызы бар мәселелер мен және өзiне тән функцияларды атқару үшiн, құқықтары мен мiндеттерi болады. Олардың, құзырындағы және лауазымына сәйкес, жүктелген мiндеттерiн iс жүзiне асыру үшiн, материалдық базасы (көлiгi, техникасы, сарайы) және қаржы ресурстары (банкiдегi есеп-шоты, қажеттi ақша ресурстары) болады.

7) Көзделген бағыттар мен нәтижелерге қол жеткiзу үшiн олар, мемлекеттiк қызметкерлер мен тиiстi құрамалар мен ұйымдастырылады;

8) Өзiнiң құзырын үш амалмен iске асырады:

  • Нормативтiк актi қабылдау жолы арқылы (жалпы түрдегi указ);

  • Құқық қолдану жолы арқылы (жеке түрдегi указ);

  • Нақты шараларды ұйымдастыру жолы арқылы;

9) Өзiнiң iсiн белгiлi территорияда атқару.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]