Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pravo_ref_116.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
186.37 Кб
Скачать

Мемлекеттiк орган анықтамасы мен түсiнiгi.

Мемлекеттiк органдар бiнеше топқа бөлiнедi, олар атқаратын қызметтерiне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жiктеледi. Мемлекеттiк орган өкiлеттiлiгiнiң шеңберiне қарай үш топқа бөлiнедi:

1.Мемлекеттiк билiк органдары: Парламент, Президент және Маслихаттар;

2.Мемлекеттiк атқару органдары: Үкiмет, министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi басқару органдары, әкiмдер. Мемлекеттiк органдарының құрылу тәртiбi мен алдына қойылған мақсаттары. Мемлекеттiк органдар үш топқа бөлiнедi:

  • өкiлеттi органдар;

  • атқару органдар;

  • сот немесе құқық қорғау органдары.

Республика Президентi мемлекеттiк аппаратта ерекше орын алады, ол үш билiктiң бiрiне де жатпайды. Ол мемлекет билiгiнiң барлық тармағының келiсiп жұмыс iстеуiн және өкiмет органдарының халық алдындағы жауапкершiлiгiн қамтамасыз етедi. Президент – мемлекеттiң басшысы, мемлекеттiң iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттарын айқындайтын, ел iшiнде ж„не халық аралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкiлдiк ететiн жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттiң билiк бiрлiгiнiң, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрi кепiлi.

Өкiлеттi органдар. Жоғарғы өкiлеттi органдарды халық сайлайды. Парламент—заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкiлдi органы. Оның өкiлеттiк мерзiмi – төрт жыл. Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады.

Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екi адамнан тиiсiнше барлық өкiлдi органдары депуттарының бiрлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды.

Мәжiлiс Республиканың әкiмшiлiк аумақтық бөлiнiсi ескерiле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бiр мандатты аумақтық сайлау округтерi бойынша сайланатын 67 депутатардан тұрады. Негiзiнде заң шығару тек парламенттiң құзiретi, бiрақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кiрiседi. Парламент кейбiр заңдарды қабылдау құқықын Президентке бередi, оны Делегаттылық заңдылық деп айтады. Қазақстан тарихында екi палаталық парламен 1995 жылы Конституциясында жарияланған. Бұл Парламенттiң қабылдаған заңдарының сапасын көтеруге, парламенттi бiр шама тұрақты және орнықты органға айналдыру үшiн қолданған шара. Қазақстанның сайлау жүйесi Мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентiнiң ерекшелiгiн жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетедi.

Депутаттардың бiр жартысы екi жылға, ал екiншi жартысы төрт жылға сайланды. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады. Парламент негiзгi заң шығарушы орган. Парламенттiң сесиясы оның палаталарының бiрлескен және бөлек отырыстары түрiнде өткiзiледi. Парламенттiң үйлестiрушi органдары – бюро, жұмыс органдары – тұрақты комитеттерi, бiрлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттiң жоғарғы қызметкерлерiн тағайындағанда парламент келiсiмiн бередi, олардан есеп алады, соғыс және бiтiм мәселелерiн шешедi, халық референдум тағайындау туралы бастама көтередi, конституциялық заңдылық туралы жыл сайын жолдауын таңдайды, өзiнiң iшкi сұрақтарын шешедi, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Парламенттiң әр палатасының бөлек отырысында шешетiн құзiретi бар. Сенат тағайындау мәселелерiнiң көбiне өзi қатысатын болса, Мәжiлiс заң қозғау және қаржы мәселелердi шешедi. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қояды да, заңды осыдан кейiн жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттiң өзi де атқара алады. Бұл екi жағдай да бола алады: Парламенттiң екi палатасының депутаттары уақытша заң шығару билiгiне Президентке 2/3 дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы), Президент заң жобалардың қарау басымдылығын белгiлейдi, Парламент осы жобаны енгiзiлген күннен бастап бiр айдың iшiнде қарауы тиiс. Заң шығару жұмысын тiкелей халықтың өзi де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.

Атқару билiк. Атқару билiк өкiметтiң қолында жиналған. Президенттiк республикаларда өкiмет саяси ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билiк тармағына жатад. Парламенттiң қатысуымен Президент басқарады әрi құрады, оның дербес құзiретi алқалы шешушi орган. Кабинет мүшелерi бүкiл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап бередi. Үкiметтiң нақты егемендiлiгi нақты мемлекет басшысының субъективтi пiкiрiне тiкелей тәуелдi. Қазақстан Республикасының Үкiметi – атқарушы билiктi жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесiн басқаратын және олардың қызметiне басшылық ететiн мемлекеттiк орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгiленген. Бұл заңда Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күшi бар жарлығымен бекiтiлген. Президент Үкiмет мүшелерiн тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1-тармағы бойынша парламенттiң келiсiмiн алу тиiс. Ал Үкiметтi құру процедурасы өте күрделi және бiрнеше кезеңнен тұрады. Соны мен өкiмет атқару билiктi жүзеге асырады және бүкiл атқарушы органдардың жүйесiне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкiметiн Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Республика Үкiметi аппаратының басшысы, Республика министрлерi, Мемлекеттiк комитеттерiнiң төрағалары құрайды. Үкiмет және нормативтiк қаулылар қабылдайды және нұсқаулар бередi.

Орталық салалық атқару билiк министрлiктердiң, ведомстволардың мемлекеттiк комисия және комитеттердiң қолына берiлген. Олар қарауындағы мемлекеттiк басқару салаларындағы iстiң жайы үшiн жауап бередi. 1997 жылы Наурыздың 4-дегi Президенттiң жарлығы мен өкiметтiң жаңа құрылымы белгiленген: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет аппаратының басшысы, 14 министiрлiк және 11 мемлекеттiк комитет. Олар өзiнiң құзiретi бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiне Конституцида және Республика Президенттiң алдында жауапты. Премьер-Министр, оның орын басарлары және Үкiмет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кiредi. Премьер-Министр өзiнiң өкiмiмен Төралқаның құрамына Үкiметтiң басқа да мүшелерiн кiргiзуге хақылы. Министрлiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына басшылығы, сондай-ақ заңдармен көзделген iшкi-салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.

Мемлекеттiк комитет тиiстi мемлекеттiк басқару салаларында мемлекеттiк саясатты жүргiзетiн және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика комитетi, бас басқармасы, комиссиясы, агенттiгi және Үкiмет құрамына кiрмейтiн өзге де республикалық мемлекеттiк басқару органы. Үкiмет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң жанындағы департамент, агенттiк, сондай-ақ Республика министрлiгiнiң, мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы өзге де мемлекеттiк басқару органы боллады. Ол министрлiгiнiң, мемлекеттiк комитетiнiң құзiретi шегiнде арнайы атқарушы және бақылау қадағалау функцияларының, сондай-ақ салараалық үйлестiрудi не мемлекеттiк басқару саласында дербес басшылықты жүзеге асырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]