Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
pravo_ref_116.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
186.37 Кб
Скачать

Мемлекеттi басқару формасының екi түрi бар:

а) Монархия

ә) Республика

Монархия–деген бiр адамның билiгi, билiк атадан балаға мұра ретiнде қалады және ешкiммен шектелмейдi, ең жоғарғы билiк бiр

адамның қолында болады.

Монархияның үш түрi бар:

1) Шексiз абсолюттiк монархия

2) Шектеушi конституциялық монархия

3) Дуалистiк монархия

Республика–деген мемлекеттiң ең жоғарғы органдарының сайлануы және белгiлi уақытқа дейiн жұмыс атқаруы.

Республиканың түрлерi:

1) Президенттiк

2) Парламенттiк

3) Аралас

4) Аристакратиялық Республика

5) Демократиялық Республика

Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы Президент—ол барлық органдардың үстiнен қарайды және бiр-бiрiмен келiсiм бойынша жұмыс жасауын қамтамасыз етедi.

Заң шығару органы: негiзi Парламент оның негiзгi мақсаты заң шығару, бюджеттi тағайындау және ең жоғарғы лауазым иелерiн бақылау, олардан есеп алу. Парламент Президентке импичмент жариалай алады. Импичмент—жұмыстан мерзiмсiз босату және жауапқа тарту.

Заң атқару органдары.

Мемлекеттiң ең негiзгi мықты органы—себебi олардың қолында нақты билiк, мәжбүрлеу күштер, материалдық құралдар болады.

Сондықтан осы заң атқару билiгiнiң өкiлеттiлiгiн шектеу ең үлкен мәселе болып табылады.

Сот органдары.

Соттың негiзгi мақсаты бұзылған құқықты қалпына келтiру және жазалау.

Бақылау-қадағалау органдары.

Бақылау-қадағалау оргадарының негiзгiсi прокуратура.

Прокуратура—барлық субъектiлердiң заңдарды орындыуын бақылайды.

Сотта мемлекеттiң мүддесiн қорғайды және құқық бұзылған жағдайда соны қайтадан қалпына келтiретiн орган.

Конституциялық Кеңес атқаратын орган.

Қазiр Қазақстан Республикасында ғана бар. Конституциялық кеңестiң негiзгi мақсаты парламент қабылдаған заңдардың конституцияға сәйкес келетiндiгiн қадағалау.

Конституциялық кеңес жетi адамнан тұрады, олардың өкiлеттiгi алты жылға созылады, экс-Президенттер мүшелерi болып табылады. Конституциялық кеңес—конституцияның нормаларына ресми түсiндiрме бередi.

Егер Үкiмет, президент басқа да министрлiктер, әкiмдер және тағы басқа органдар заңға қарсы актiлердi қабылдаса онда прокуратура бұл заңдарды қадағалайды және қарсылық көрсете алады.

Әскери күштер.

Бұл мемлекеттiң ерекше органы. Бұл мемлекеттiк шекараны,

Мемлекеттi қорғау органы.

Құқықты қорғау органдары.

Олардың негiзгi мақсаты, мiндетi адамдардың:

  • құқықтары мен бостандықтарын қорғау

  • қоғамдық тәртiптi нығайту

  • қылмыспен күресу

  • бұзылған құқықтарды қалпана келтiру.

Монарх

Президент

Мемлекет басшысы

Мемлекет механизмiнiҢ схемасы.

Мәжiлiс

Сенат

Парламент

Заң шығару органы

Жергiлiктi органдар

Ведомстар

Комитеттер

Министр

Үкiмет

Заң атқару органы

Жергiлiктi соттар

Жоғарғы соттар

Сот органы

Прокуратура

Конституциялық кеңес

Бақылау қадағалау органы

Флот

Авиация

Армия

Әскери кҮштер

Сот

Прокуратура

Полиция

Милиция

Құқықтық органдар

ә) Мемлекеттiк аппарат және орган анықтамасы және олардың белгiлерi мен жiктелуi, принципi.

Мемлекеттiк аппаратқоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет органдарының бiртұтас жүйесi.

Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттiк аппарат мекеме және органдардың байланыс жүйесi; мемлекет органдардың қызметi ұйымдастырушылық, материалдық және әкiмшiлiк кепiлдiктерi мен қамсыздандырылады; мемлекеттiк аппарат азаматтардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғау үшiн құрылады. Қазақстан республикасы «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңның екiншi бабында: «Мемлекеттiк қызмет – азаматтардың мемлекеттiк органдар мен олардың аппаратында конституциялық негiзде жүзеге асырылатын және мемлекеттiк басқаруды басқаруды жүзеге асыруда, мемлекеттiң өзге де мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған кәсiби қызмет» делiнген.

Мемлекеттiк аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бiр жүйеге бiрiктiрiледi. Бұл жүйенiң негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезiм құрады. Осы жүйеде әрбiр органның өзiнiң орыны, бiр-бiрiмен қарым қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптерi көрсетiледi. Дамудың әрбiр кезiнде мемлекеттiк органдардың орындайтын қызмет бабы және істерi өзгерiп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкiл аппаратты бiр орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттiк республикада негiзгi функциялар парламенттiң парламенттiң қолында болады. Мемлекеттiк аппараттың объективтiк бағыттары байқалады: бюрократизация, диффиренцация, профессионализiмнiң өсуi. Мемлекеттiң әрбiр типiне мемлекеттiк аппараттың ерекше нышандары сәйкес келедi. Мемлекеттiк қызмет – конституциялық негiзде баянды етiлетiн азаматтардың мемлекеттiк органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттiк басқаруды, бсқа да мемлекеттiк мiндеттер мен қызметтердi атқаруды жүзеге асыратын кәсiптiк қызметi.

Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен реттеледi: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi, тиiмдi болуы.

Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттiк аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға мiндеттi. Халықтың мемлекеттiк басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары – олардың сайлауға қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық мемлекеттiк аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi» делiнген. Қатысудың түрлерi былай деп белгiленедi: мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау: мемлекеттiк органдар мен өзiн өзi басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттiк қызметке кiру.

Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдылығы; мемлекет қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.

Билiк бөлiну принциптерi. Қазақстанның бiртұтас мемлекеттiк билiгiнiң тармақтарға бөлiну принципi Конституцияда белгiленген негiзгi принциптердiң бiреуi ғана емес, ең күрделiсi. Республикадағы мемлекеттiк билiк бiр тұтас, өйткенi бiрден бiр бастауы Қазақстан халқы және мемлекеттiң егемендiгi бөлiнбейдi. Бұл билiк өзiнiң принципiне сәйкес заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесiне бөлiнедi және билiктер бiр бiрiн шектейдi.

Мемлекет аппараты өз қызметiн ашық және жариялық iстеуге тиiстi. Мемлекеттiк органдардың қызметтерiнiң кәсiпшiлгi, тәжiрибесi және хабарлардығы өте жоғары болуға тиiстi. Мемлекеттiк аппарат өзiнiң қызметiнде бар заңдардың талабын мүлтiксiз орындауға тиiстi.

Мемлекет аппаратының iшкi құрылысы – қатаң тәртiптi, субординацияны, олардың бiр бiрiмен байланысын жақсарту. Мемлекеттiк аппарат бiртұтас күрделi жүйе, ол бiрнеше салаларға бөлiнедi: атқару және сот жүйелерi; құқықты қорғау және қорғау және қарулы күштер жүйесi. Бұл мекемелердiң алдында тұрған мақсаттары, iшкi құрылыстары, қолданатын әдiстерi мен принциптерi. Оларды бiрiктiрiп, қызметтерiн жақсы атқаруға жағдай қалыптасады.

Мемлекеттiк аппарат – алдында тұрған ерекше мақсаты бар және соны орындау үшiн құзыретi бар мемлекеттiк аппараттың бiр буыны. Мемлекеттiк аппараттың құрылуы мен қызметi, негiзгi өкiлеттiлiгi Конституцияда және конституциялық актiлерде көрсетiледi. Әрбiр мемлекеттiк аппарат өз қызметiн мемлекеттiк, материалдық, ұйымдық және зорлау күшiмен қорғайды. Мемлекеттiк аппарат мемлекеттiң атынан функцияларын атқарады, әр қайсысының алдында тұрған мақсаттары заңда анық белгiленген. Басқа мемлекеттiк органдары мен қалай қатынасатыны, iшкi құрылысы, құрылысы, құзiретi белгiленген. Мемлекеттiк аппараттың негiзгi нышаны оның мемлекеттiк билiгi. Бұл мемлекеттiк билiктi былай түсiнуге болады: олар мемлекеттiң атынан барлық субъектiлерге мiндеттi нормативтiк актiлердi шығарады, немесе құқықтық нормалардың орындалуын тексередi, ал кейбiр кезде жазаға тартуға құқықы бар. Мемлекеттiк заңдарға сәйкес мемлекеттiк мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында мемлекеттiк аппарат өкiлеттiктi жүзеге асыратын жатқан қызметтер атқарады. Мемлекеттiк қызметкерлердiң өкiлеттiктерi мемлекеттiк органдар алдында тұрған мақсаттарға және мiндеттерге сәйкес анықталады. Мысалы, прокуратура органдары, сот жүйесi, МВД, КГБ құқықты қорғау қызметiн атқарады. Бұл органдар бiр бiрiмен байланысты. Бәрi бiрге жалпы құқық қорғау жүйесiне жатады.

Мемлекеттiк аппарат қызметкерлерiнiң негiзгi мiндеттерi: ҚР Конституциясы мен заңдарын, азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету; заңдарда белгiленген т„ртiп пен азаматтардың өтiнiштерiн қарауға, олар жөнiнде қажеттi шаралар қолдануға; өздерiне берiлген құқықтар шегiнде заңды мiндеттерiне сәйкес өкiлеттердi жүзеге асыруға; мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн сақтауға; өздерiнен жоғары басшылардың бұйрықтары мен өкiмдерiн, шығарылған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; өз өкiлеттiгiнiң шегiнде мәселелердi қарауға және солар бойынша шешiмдер қабылдауға, белгiленген тәртiппен лауазымдық мiндеттерiн атқару үшiн қажеттi ақпарат пен материалдарды алуға құқықтары бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]