
- •Қаржы нарығының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері
- •С. Ковалев бойынша қаржы нарығының құрылымы
- •Ақша нарығының мәні мен қызметтері.
- •5.Ақша нарығының төлем құралдары
- •6. Ақша нарығының қаржылық құралдары
- •7. Қазақстандығы ақша нарығының құрылымы.
- •8. Депозит нарығының экономикалық мәні мен ролі
- •9. Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы
- •11. Екінші деңгейлі банктерде орналастырылған депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері.
- •12. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне төленетін жарналардың түрлері және төлеу тәртібі.
- •13. Талап етуге дейінгі депозиттердің мәні мен ерекшелігі.
- •14. Мерзімді депозиттің мәні мен ерекшелігі .
- •15. Жинақ депозиттерінің мәні мен ерекшелігі.
- •16. Банктік сертификаттың мәні мен түрлері
- •18. Несиенің экономикалық мәні мен формалары.
- •19. Несие нарығының мәні мен қатысушылары
- •20. Несие нарығының құралдары
- •21. Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
- •22. Қазақстандағы несие нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •23.Ипотекалық несиені кепілдендіру жүйесі
- •25. Валюта нарығының экономикалық мәні
- •27. Валюта нарығының құралдары
- •28. Валюталық операцияның мәні мен түрлері
- •29. Бағалы қағаз нарығының мәні мен құрылымы
- •31. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
- •33. Сақтандырудың нарығының мәні мен атқаратын қызметтері
- •34. Сақтандырудың жіктелімі
- •35. Сақтандыру нарығының қатысушылары
- •37. Сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін қолданылатын шектеулі ықпал ету шаралары.
- •38.Сақтандыру ұйымдарының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері
- •39. Қаржы нарығындағы зейнетақы нарығының ролі
- •40. Зейнетақы нарығының мәні мен қатысушылары
- •41. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет ету ерекшеліктері
- •42. Қазақстандағы зейнетақы нарығының қалыыптасуы
- •43. Жинақтаушы зейнетақы қорларының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері.
- •45. Зейнетақы нарығының құрылымы
- •46. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
- •49. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
- •48. Қаржылық делдалдықтың мәні
- •47. Қаржылық делдалдар мен қаржылық делдалдық
12. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне төленетін жарналардың түрлері және төлеу тәртібі.
Қатысушы банк депозитті сақтандыру жүйесіне мынандай жарналар төлейді:1)міндетті күнтізбелік жарна қатысушы банктердің тоқсан сайынғы төлемдері.міндетті күнтізбелік жарналардың мөлшері есеп берілген тоқсаннан кейінгі айдың бірі күнгі жағдайы б\ша қатысушы банктің кепілдік берген депозиттері сомасының 0,5% аспауы тиіс.2)қосымша жарналар-ұйымның кепілдік берілген өтемді төлеу үшін арнайы резерві жеткіліксіз болған жағдайда қатысушы банк төлейтін бір жолғы төлем.Қатысушы банктің қосымша жарналарының мөлшері өткен тоқсан үшін төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның екі еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.3)төтенше жарналар-депозитті сақтандыру жүйесі белгіленген тәртіппен алған қарыз сомасын және ол б\ша есептелген сыйақыны төлеуге арналған төлемдері.төтенше жарналарды төлеу қатысушы банктердің міндетті күнтізбелік жарналарды төлеу міндеттерін тоқтатып қоймайды.Қатысушы банктердің жарналарды төлеу тәртібі мен мөлшерін депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның басқарушы органы айқындайды. Төтенше жарнаның мөлшері тоқсан сайын төлейтін міндетті күнтізбелік жарнаның жылдық мөлшерінен аспауы тиіс.
13. Талап етуге дейінгі депозиттердің мәні мен ерекшелігі.
Шаруашылық жүргізуші субъект ретінде кез келген қаржы институты өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарын, яғни ғимаратты, техника мен технологияны сатып алу, резервтер құру, еңбекақы төлеу және т.б. үшін қаражат көздерін қажет етеді. Мұндай шығындар өз қаражат есебінен де, негізгі бөлігін әр түрлі жееке және заңды тұлғалардың салым ақшалары мен депозиттері құрайтын қарыз есебінен де қаржыландырылады.
Бүгіндері коммерциялық банктер әр түрлі депозиттің түрлерін ұсынады. Қазақстанның банктік тәжірибесінде ең тараған түрі – талап етілгенге дейін депозиттер немесе чек депозиттері.
Талап етілгенге дейін депозиттер немесе чек депозиттері салымшыға міндетті өтеуге жататын чекті жазып беруіне құқық береді. Бұл түрдің қолайлығы чектердің қауіпсіз болуымен және оны жазып беру арқылы төлем орындауындағы қарапайымдылығымен түсіндіріледі, сондай‑ақ ол алғашқы талап етумен ақшаны қолмаол өндіріп алуға мүмкіндік береді. Чек депозиттері қымбат тұратын есептік операциялар мен өткізулерді жүзеге асыруды қажет етеді, сондықтан да банктердің көбісі осы қызмет көрсетулер үшін белгілі бір төлемдерді белгілейді. Оның мөлшерінің өзгеруі бір айдың ішінде жазылған чектер санының және депозит мөлшерінің өзгнруімен қатар жүреді. Чек депозитінің негізгі типтерінің бірі өз ерекшелігі бар талап етілгенгі дейінгі салым жатады:
Жарнаны және ақшаны өндіріп алу қандай да бір шектеусіз, кез клген уақытта бөлшек немесе толықтай жүзеге асырылады.
Ақша шоттан қолма қол ақша түрінде немесе чектің көмегімен алынуы мүмкін
Банк коммиссиялық сыйақыны пайдалғаны үшін шоь есіне наты бір айлық мөлшерлемеде немесе әрбір жазылған чек үшін белгілейді
Шот иесінің шотындағы қалдықтың бұрын ескертілген орташа мөлшерін клиенттің қолдау шартымен шотты пайдалғаны үшін клиенттен коммиссияны өндіріп алудан бас тартудың формасында оған жасырын пайыз төленеді
Талап етілгенге дейінгі депозит бойынша банк ең аз шамадағы резервті орталық банкте мерзімді депозитке қарағанда үлкен пропорцияда сақтауға міндетті.
Талап етілгенге дейінгі депозиттердің бір түрі контоккорент болып табылады. Контоккорент‑банктің клиентпен барлық операциялары ескерілетін және клиенттің тапсырмасы бойыенша шоттан алынатын барлық төлемдер де, шотқа аударма, салым және т.б. түрінде түсетін барлық қаражатта та банк ссудасы ретінде көрініс табатын бірыңғай шот. Бұл шот қолдануына қарай пассивті‑активті деп аталады.
Талап етілгенге дейінгі депозиттердің тағы бір түрі‑ банк пен клиент арасындағы келісімнің негізінде қаражат қалдығының шамасынан белгілі бір мөлшерде шот бойынша есептен шығару сомасын арттырудағы овердрафтқа құрылған ағымдағы шот. Бұл да несиені қарызға алуды білдіреді.
Талап етілгенге дейінгі депозиттерге мыналар жатады:
Банк шоттындағы заңды тұлғаның қаражаты,оның ішінде республикалық және жергілікті мәні бар мемлекеттік бюджеттің қаражаты
Есеп айырысудағы қаражат
Басқа банктердің корреспонденттік шотындағы банк қаражаты.