
- •Қаржы нарығының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері
- •С. Ковалев бойынша қаржы нарығының құрылымы
- •Ақша нарығының мәні мен қызметтері.
- •5.Ақша нарығының төлем құралдары
- •6. Ақша нарығының қаржылық құралдары
- •7. Қазақстандығы ақша нарығының құрылымы.
- •8. Депозит нарығының экономикалық мәні мен ролі
- •9. Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы
- •11. Екінші деңгейлі банктерде орналастырылған депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері.
- •12. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне төленетін жарналардың түрлері және төлеу тәртібі.
- •13. Талап етуге дейінгі депозиттердің мәні мен ерекшелігі.
- •14. Мерзімді депозиттің мәні мен ерекшелігі .
- •15. Жинақ депозиттерінің мәні мен ерекшелігі.
- •16. Банктік сертификаттың мәні мен түрлері
- •18. Несиенің экономикалық мәні мен формалары.
- •19. Несие нарығының мәні мен қатысушылары
- •20. Несие нарығының құралдары
- •21. Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
- •22. Қазақстандағы несие нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •23.Ипотекалық несиені кепілдендіру жүйесі
- •25. Валюта нарығының экономикалық мәні
- •27. Валюта нарығының құралдары
- •28. Валюталық операцияның мәні мен түрлері
- •29. Бағалы қағаз нарығының мәні мен құрылымы
- •31. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
- •33. Сақтандырудың нарығының мәні мен атқаратын қызметтері
- •34. Сақтандырудың жіктелімі
- •35. Сақтандыру нарығының қатысушылары
- •37. Сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін қолданылатын шектеулі ықпал ету шаралары.
- •38.Сақтандыру ұйымдарының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері
- •39. Қаржы нарығындағы зейнетақы нарығының ролі
- •40. Зейнетақы нарығының мәні мен қатысушылары
- •41. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет ету ерекшеліктері
- •42. Қазақстандағы зейнетақы нарығының қалыыптасуы
- •43. Жинақтаушы зейнетақы қорларының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері.
- •45. Зейнетақы нарығының құрылымы
- •46. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
- •49. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
- •48. Қаржылық делдалдықтың мәні
- •47. Қаржылық делдалдар мен қаржылық делдалдық
6. Ақша нарығының қаржылық құралдары
Қазақстан Республикасы аумағында ақша нарығының қаржылық құралдарымен мынадай операциялар айналымда қолданылады:
қолма-қол ақша (банкнот) табыстау;
чек беру;
вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау;
төлем карточкасын пайдалану;
борыштық қолхаттардың айналымы.
Қаржылық құралдары:
1) Қолма-қол ақшаны табыстау – ол көрсетілген қызметтің төлемақысы ретінде алға шығады. Бүгінгі таңда қолма-қол ақша айналысы шектелсе де, Қазақстан халқы тауарлар мен қызмет көрсетулердің төлемақыларын төлеу үшін сондай-ақ айырбастау пунктерінде валюта айырбастағанда, қарыз бергенде және т.б. қолма-қол ақша қаражаттарын пайдаланады.
2) Чек беру – есеп айырысу және басқа да чектердің чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлеушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады. Түрлері: ақшалай чек, есеп-айырысу чегі, атаулы чек.
3)Вексельдер беру немесе оларды индоссамент бойынша табыстау – сатып алу сату обьектісі б.т олар төлем мерзімін ұзартуды қамтамасыз ете отырып, нарықта айналысқа түседі.
Вексель-бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлейтін шартсыз міндеттеме. 2 түрі бар: жай вексель – несие берушіге ақша қаражаттарының нақты сомасын белгілі орында және белгіленген мерзімде қарыз алушы төлейтін вексель. Аудармалы вексель – 3жақты реттейтін құжат, вексель беруші нақты ақша сомасын белгілі бір орында белгілі бір мерзімге төлемді алушыға төлеу туралы ұсынысымен қарыз алушыға вексель жазып береді.
Тағы басқа вексель түрлері: қазынашылық, жеке, қаржылық, коммерциялық, қамтамасыз етілген және етілмеген, атаулы, ұсынбалы, индоссирленген, индоссирленбеген,қағазды, қағазсыз, айналымды, айналымсыз, бланктік, жалған өзгерген, бүлінген және т.б.
4)төлем карточкаларын пайдалану – қазақстанға жаңа технологияның енуімен байланысты төлемді жүзеге асыруға, ақшаны қолма қол алуға, валютаны айырбастауға т.б. операцияларды орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтитын құрылғылар мен электрондық терминалдар арқылы жүзеге асырылады.
5) борыштық қолхаттардың айналымы – банктерді пайдаланбай ақ бір –біріне қарыз беруде халық ақша нарығының қаржылық құралы ретінде қарастыруға болатын, нотариалдық кеңселермен расталған қолхаттар ресімдейді.
7. Қазақстандығы ақша нарығының құрылымы.
Қолма-қол ақша нарығы. Ол көрсетілген қызметтің төлемақысы ретінде алға шығады. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы тауарлар мен қызмет көрсетілердің төлемақыларын төлеу үшін, сондай-ақ валюта айырбастағанда, қарыз бергенде қолма-қол аұшаларын пайдаланады. Қолма-қол ақшамен төлеу заңды төлем құралы болып табылатын банкнот немесе тиын түрінде жүзеге асырылады. Төлемнің бұл түрінде төлеуші басқа бір тұлғаның алдында өз міндеттемесін орындау үшін банкнотты немесе тиынды нақты табыстау жүзеге асырады.
Чектер нарығы. Чектермен есеп айырсу жол, есеп айырсу және басқа да чектерді чек ұстаушыға өз шотынан белгілі бір соманы банктің төлеуін бұйыратын төлнушінің жазбаша өкімінің көмегімен жүзеге асырылады. Аұшалай чек-қолма-қол ақшаны банкте ұстаушының төлемдері үшін қолданылады. Есеп айырсу чегі-қолма-қолсыз есеп айырсуда қолданылады. Бұл нақты тұлғаға немесе чекті көрсеткенге чекте көрсетілетін белгілі бір соманы банкке төлегені туралы ағымдағы шот иесінің шартсыз жазбаша бұйрығын қамтитын құжат.
Вексельдер нарығы. Вексельдердің маңызы-экономикады ақша ағымын бірқалыпты етуі. Вексель нарығының міндеті – негізгі қысқа мерзімді ақша қаражаттарын қайта бөлу, ал оның объектісіне коммерциялық және қаржылық вексельдер жатады. Біздің елімізде вексель бағалы қағаздар түріне жатпайды. Вексель-бұл қандай да бір тұлғаға нақты ақша сомасын белгілі бір орында және белгілі бір мерзімде төлейтін шартсыз міндеттеме. Бұл ешқандай шартқа тәуелді болып қалмайтын дерексіз қарыз міндеттемесі. Вексель түрлері: Жай вексель-несие берушіге аұша ұаражаттарының нақты сомасын белгілі бір орында және белгіленген мерзімде қарыз алушы төлейтін, қандай да бір шартпен шектеліп қалмайтын міндеттемені қамтитын вексель. Аудармалы вексель – бұл вексельдік қатынасты үш жақты реттейтін құжат: несие беруші(трассант), қарыз алушы(трассат) және төлемді алушы(ремитент). Аудармалы вексельдің шығарылуы мен айналымның ерекшелігі-ол төлемнің жай құралы ретінде қызмет етпейді.
Төлем карточкалар нарығы. Төлем карточкалары-төлемді жүзеге асыруға, ақшаны қолма-қол алуға, валютаны айырбастауға, эмитентпен және оның жағдайымен анықталатын басқа да операцияларды орындауға мүмкіндік беретін ақпараттарды қамтитын құрылғылар мен электрондық терминалдар арқылы ақшаға қол жеткізудің құралы.Төлем карточкалары дебеттік және кредиттік болып екіге бөлінеді.