Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фин рынок и посредник.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.03 Кб
Скачать
  1. Ақша нарығының мәні мен қызметтері.

ШЖС қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақша қаражаттарын бөлу мен қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі. Жалпы, ақша тауардан пайда болды және қарапайым спецификалық тауар ретінде болды. Белгілі болғандай, ақша мынадай функцияларды орындайды:

  • Құн өлшемі;

  • Айналым құралы;

  • Төлем құралы;

  • Жинақтау құралы;

  • Әлемдік ақша;

Ақша функцияларына қарай ақша нарығының негізгі функцияларын былайшы анықтауға болады:

  • Төлем қызметі-операцияларды жүзеге асыру процесінде оған қатысушылардың арасындағы әр түрлі есеп айырсуларды жүргізугі ықпал ететін нарық;

  • Коммерциялық несиелеуді қамтамасыз ету-ақшалай міндеттемемен, яғни вексельмен рәсімделетін төлемнің мерзімін ұзарту, ШЖС коммерциялық тұрғыдан несиеленуіне мүмкіндік береді.

  • Есеп қызметі

Қаржы нарығына қатысущылар арасындағы ақша айналымы процесінде:

  • ШЖС мен ондағы жұмыспен қамтыл,ған халықтың;

  • Кәсіпорын мен салалар ішіндегі бөлімшелердің;

  • Жабдықтаушылар мен төлеушілердің;

  • Мемлекет пен ШЖС;

  • Несие жүйесі мен ШЖС;

  • Халық пен мемлекеттіңғ сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен қаржы инфрақұрылымы құралдарының арасында ақша қатынастары деп аталатын жүйені құрайтын қаражатты қайта бөлу себебі бойынша белгілі бір қатынастар пайда болады.

Бұлардың барлығы капиталдың қалыптасуын, олардың бөлінуін, экономикалық және әлеуметтік дамудың тиімділігін пайдалануды және бағалауды, қорларға ақша ресурстарының құйылуы процесін бейнелейді.

5.Ақша нарығының төлем құралдары

Бүгінгі таңда ақша қаражаттарының негізгі айналымында өолма-қол ақшасыз айналым орын алып отыр. Ол өз кезегінде қызмет көрсеткені үшін төлем өндіріп алатын коммерциялық банктер арқылы жүзеге асырылады. Бұл арадағы аұша айналымы мыналар: төлем тапсырмасы; төлем талабы тапсырмасы; аккредитивтер; ҚР Заң актілерімен белгіленген басқа да төлем құжаттары;

Қолма-қол ақшасыз төлемдер мынадай жолдармен жүзеге асырылады:

  • Ақша міндеттемесін не ақша төлемі туралы нұсқауды қамтитын төлем құжатын беру не ұсыну;

  • Ақша төлемі туралы нұсқауды қамтитын төлем құжатын не электрондық хабарлануды табыстау;

Төлем тапсырмасымен есеп айырсу ШЖС арасындағы есеп айырсуларды жүзеге асырудың ең қарапайым тәсілі болып табылады. Бұл құжат ШЖС белгілі бір соманы өзінің шотынан басқа субъектінің шотына аудару туралы тапсырмасын білдіреді. Ол жазылған күннен бастап 10 күн жарамды болып табылады.төлем тапсырмалары мерзімді, мерзімнен бұрын және мерзімі ұзартылған болуы мүмкін.

Төлем талабы тапсырмасы Банкке соқпай, сатып алушыға бағытталатын тауар келісімшарты бойынша жеткізілгендер құнының есеп айырсуы және жөнелтім құжаттарының негізінде сатушының талабын қамтитын есеп айырсу құжаты. Төлейші алынған төлем талап-тапсырманың төлем мүмкіндігін анықтап, бұл құжатты сатушының есеп айырсу шотына өзіне акцептелген соманы аудару үшін өзіне қызмет көрсетуші банкке табыстайды.

Аккредитив сатушының пайдасына сатып алушының тапсырмасы бойынша оған берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесін білдіреді. Ол бойынша банк шот ашып, сатушы төлемін жүзеге асыра алады не аккредетивте қарастырылған құжаттар бар болғанда ғана және аккредитивтің басқа шарттары орындалатын болса ғана банкке өкілеттілік бере алады.