Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фин рынок и посредник.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.03 Кб
Скачать

27. Валюта нарығының құралдары

Валюталық нарық – шет ел валюталарымен шетел валютасындағы бағалы қағаздарды сату және сатып алу операциялардың жиынтығы.

Валюта нарығы қаржы нарығының түрлі құрастырушыларының өзара әрекетін қамтамасыз етуде оның аса маңызды бөлігі болып табылады. Бұл механизмнің көмегімен валютаны тұтынушылар мен сатушылардың арасындағы құқықтық және экономикалық өзара қарым-қатынас орнап, мынадай негіздегі мәмілелерді орындауға мүмкіндік туады: 1) бөлшек сауда мәмілелері, онда банк клиентпен сату-сатып алу барысында өзара әрекет етеді; 2) банкаралық көтерме сауда мәмілелері, онда екі банк валюталық брокердің көмегімен бір-бірімен өзара әрекет етеді, нәтижесінде банкаралық нарық құрылады.

Валюта нарығында банктер мынадай маңызды құралдарды пайдаланады: -Мерзімі шектелмеген салым (талап етілгенге дейінгі депозит) қаражатының телеграфтық немесе электрондық аударымдар;-Ұсынушының банктік вексельдерін; -Коммерциялық тратталарды;-Кез келген елдің ішкі ақша бірлігіндегі валюта ақшаның барлық функциясын орындауында ғана емес, бұдан әлдеқайда кең аспектіде – халықаралық экономикалық қатынастар мен есеп айрысулардың қатысушысы ретінде алға шыққанда ғана валюта болып табылады. Қандай да бір елдің валюта бағамы барлық маңызды экономикалық факторлардың, атап айтқанда ақша айналысының жағдайын, өндірістің өсу қарқынын, бағаның деңгейін, еңбектің өнімділік деңгейін және т.б. жағдайын бейнелейді. Валюта бағамының өзгерісі бір елдің басқа елге қатысты бәсекеге қабілеттілігінің артуын немесе кемуін білдіреді. Валюта бағамына өз әсерін тигізетін мынадай негізгі факторлар бөліп көрсетіледі:

  • Жалпы ұлттық өнім

  • Сатып алу қабілетінің бірдейлігі бойынша валюта бағамы

  • Пайыз мөлшерлемесінің деңгейі

  • Инфляция

  • Өнеркәсіп өндірісінің индексі

  • Жұмыссыздық

Валюта бағамы екі ақша бірлігі айырбасының арақатынасын білдіреді немесе бір ақша бірлігінің басқа мемлекеттің ақша бірлігінде көрінетін бағасы болып табылады.

28. Валюталық операцияның мәні мен түрлері

В.н.-бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы б.қ.-ды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы орталық.в.н. операцияларға банктік функцианалдық көз қараспен қарасақ,в.н.-х\қ еа пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың жиынтығы.институцианалдық жағынан қарасақ,в.н.-бұл үкіметтің,банктердің,инвестициялық қорлардың,биржалардың,брокерлік конторалардың және шетел банктердің жиынтығы ұйымдастырылу тех-қ жағынан алсақ,в.н.-бұл банктердің х\қ еа және валюталық операцияларды жүзеге асыру барысында өзара байланыстырылатын коммуникациялық жүйелердің жиынтығын білдіреді. Валюта операциялар – бұл ақша нарығында шетелдік валюталарға жазылған төлем құжаттарына баға белгілеу операциясы. Еліміздің заңына сәйкес мыналар валюталық операциялар болып табылады:

1.меншік құқығының және басқа құқықтардың валюталық құндылыққа өтуімен байланысты операциялар.

2.валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен ҚР-на шеттен әкелу және салып жіберуге, ҚР-нан шетке шығару және салып жіберуге болады. Валюталық құндылық – номиналдары шетелдік валютада көрінетін төлем құжаттары, бағалы қағаздар, шетелдік валюталар; олар арқылы резиденттермен және резидент еместермен операцияларды жүзеге асыратын жағдайдағы номиналдары шетелдік валютада көрінетін тазаланған құйма алтын, ұлттық валюта, бағалы қағаздар мен төлем құжаттары.

Валюталық операцияларды Қр аумағындағы резиденттер де, резидент еместер де өкілетті банктер мен банктік емес қаржы ұйымдары арқылы, сондай-ақ олардың айырбас пунктері арқылы жүзеге асыра алады.

Қазақстандағы валюталық операциялардың орындалуына қойылатын бақылау белгілі бір дәрежеде шектеулі, ал бұл тәртіптің анықтау, ескерту және бұлтартпау бойынша шараларын мемлекеттік өкілетті органдар – ҚР Ұлттық банкі, ҚР қаржы министрлігі, ҚР Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігі, валюталық бақылау органдары жүзеге асырады.