
- •Қаржы нарығының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері
- •С. Ковалев бойынша қаржы нарығының құрылымы
- •Ақша нарығының мәні мен қызметтері.
- •5.Ақша нарығының төлем құралдары
- •6. Ақша нарығының қаржылық құралдары
- •7. Қазақстандығы ақша нарығының құрылымы.
- •8. Депозит нарығының экономикалық мәні мен ролі
- •9. Қазақстандағы депозит нарығының құрылымы
- •11. Екінші деңгейлі банктерде орналастырылған депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қызмет ету ерекшеліктері.
- •12. Депозиттерге кепілдік беру жүйесіне төленетін жарналардың түрлері және төлеу тәртібі.
- •13. Талап етуге дейінгі депозиттердің мәні мен ерекшелігі.
- •14. Мерзімді депозиттің мәні мен ерекшелігі .
- •15. Жинақ депозиттерінің мәні мен ерекшелігі.
- •16. Банктік сертификаттың мәні мен түрлері
- •18. Несиенің экономикалық мәні мен формалары.
- •19. Несие нарығының мәні мен қатысушылары
- •20. Несие нарығының құралдары
- •21. Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
- •22. Қазақстандағы несие нарығының қызмет ету ерекшеліктері
- •23.Ипотекалық несиені кепілдендіру жүйесі
- •25. Валюта нарығының экономикалық мәні
- •27. Валюта нарығының құралдары
- •28. Валюталық операцияның мәні мен түрлері
- •29. Бағалы қағаз нарығының мәні мен құрылымы
- •31. Бағалы қағаз нарығының кәсіби қатысушылары
- •33. Сақтандырудың нарығының мәні мен атқаратын қызметтері
- •34. Сақтандырудың жіктелімі
- •35. Сақтандыру нарығының қатысушылары
- •37. Сақтандыру қызметі туралы заңнаманы бұзғаны үшін қолданылатын шектеулі ықпал ету шаралары.
- •38.Сақтандыру ұйымдарының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері
- •39. Қаржы нарығындағы зейнетақы нарығының ролі
- •40. Зейнетақы нарығының мәні мен қатысушылары
- •41. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызмет ету ерекшеліктері
- •42. Қазақстандағы зейнетақы нарығының қалыыптасуы
- •43. Жинақтаушы зейнетақы қорларының мәні мен қызмет ету ерекшеліктері.
- •45. Зейнетақы нарығының құрылымы
- •46. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметiн реттеу және қадағалау ерекшелiктерi
- •49. Қазақстанның қаржы нарығын мемлекеттік реттеу
- •48. Қаржылық делдалдықтың мәні
- •47. Қаржылық делдалдар мен қаржылық делдалдық
21. Қазақстандағы несие нарығының құрылымы
Коммерциялық банктер нарықтағы негізгі несие берушілерге жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активтік операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемесін ұлттық банк белгілеген мөлшерлемеден төмен белгілей алмайды. ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі комитеті несие нарығында реттеуші орган ретінде танылады. Мәселен бұл орган кастодиан банктің, брокер банктің және т.б. банктердің негізгі тәртіп нормативін анықтайды. Коммерциялық банктер әмбебап және мамандандырылған болуы мүмкін. Ал отандық тәжірибеде әмбебеп банктер артықшылққа ие болып отыр. Бірақ соңғы уақытта мамандандырылған банктер де алға шыға бастады. Мысалы тұрғын үй құрылыс банкі.
Несиені тек коммерциялық банктер ғана емес сондайақ ломбардтық несиелік серіктестіктер және т.б. береді. Бұрынғы кезде несие аса ірі тұрақты қарыз алушыларға, заңды тұлғаларға ғана берліп келсе қазіргі кезде ұсынылатын несиелердің көптеген түрлері пайда болғаны байқалады. Қаржы мекемелерінің неесиелік портфельдеріне қарай несие нарығының құрылымын былайша көрсетуге болады:
22. Қазақстандағы несие нарығының қызмет ету ерекшеліктері
Бүгінгі таңда басқа несие нарықтарына қарағанда тұтыну несие нарығы ерекше дамып келеді. Ол халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін қажет. Сатып алынған тұрмыстық техниканың, машинаның және басқа да тауарлардың құнын біртіндеп, бөліп төлеуге мүмкіндік беретіндіктен бүгінгі күнеде ең қолайлы нұсқаға айналып отыр. Бүгінгі таңда банктердің пайыз мөлшерлемелерін көп төмендетуі, мұндай несиені алудың рәсімін оңайлатты. Бұл осы нарықтың аму қарқынынарттыруға әкелді. Құрылыс несиесіне келетін болсақ, елдегі құрылыс жұмыстарының қарын алуына қарай оған жұмсалатын қаражатұа деген қажеттілік артып келеді. Банктердің ссудалық пайыздарының кемуі мен несие беру рәсімдерінің оңайлатылуы несие нарығының кеңеюіне себепкер болды. Банкаралық несие нарығы несие нарығының айрықша бөлігі. Басқа несие нарықтарында банктерден өзгесінің бәрі қарыз алушыға жатса, мұнда тек банктердің өздері ғана несие берушінің де қарыз алуышың да рөлінде болады. Халықтың баспана қажеттілігіне байланысты ипотекалық несие нарығы жылдам дмып келеді. Бірақ халықтың көпшілігінде баспана алуға жеткілікті қаржы болмай тұр, сондықтан да жеке тұлғалар үшін ең қолайлысы тұрғын үйді ипоткалық несиемен қамтамасыз ету болып табылады.
23.Ипотекалық несиені кепілдендіру жүйесі
Ипотекалық тұрғын үй несиесі – ҚР азаматы болып табылатын жеке тұлғаларға екінші деңгейлі банктердің несие қаражатына біртіндеп бөліп-бөліп немесе толық сатып алынған жылжымайтын мүлік кепілімен беретін қарызы. Ипотекалық тұрғын үй несиесі қарыз алушыға көп пәтерлі үйден жеке пәтер сатып алуы үшін немесе жеке үй сатып алуы үшін беріледі. Дербес қаржы институты болып табылатын «Қазақстан ипотекалық компаниясы» жабық АҚ несие беруші банктерден ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша талап ету құықығын алады, әрі осы құқықтармен қамтамасыз етілген ипотекалық бағалы қағаздарды шығарады. Компания несие беруші банктерлің ипотекалық тұрғын үй несиесі бойынша ұсынған мәліметтерін талдайды, ипотекалық тұрғын үй несиесінің сапасын тексеруді жүзеге асырады және қарыз алушылар жөніндегі ақпараттарды алу туралы мемлекеттік немесе басқа да органдармен келісімді бекітеді. Ипотекалық несиеге тән кепілдік жүйесінің жұмыс істеу механизмі мынадай:
Инвестор Қарыз
алушылар
7 2 5 4
3
Қазақстан ипотекалық Коммерциялық
компаниясы (1) банктер
6
1 – компания ипотекалық облигацияларды шығарады; 2 – инвестордың осы облигацияларды сатып алуы; 3 – коммерциялық банктерге олардың сұрау салуы бойынша беру; 4 – коммерциялық банктер қарыз алушыларға несие береді; 5 – қарыз алушы несиені жыл сайын теңдей етіп бөліп бөліп өтейді; 6 – коммерциялық банк компания несиесінің сомасын қайтарады; 7 – пайыздарды төлеу және ипотекалық облигацияларды өтеу. Екінші деңгейлі банктер жеке қарыз алушыларға олардың өтей алатын мүмкіндіктерін алдын ала бағалап, қарыз алушының табысын ескеру мен несиенің ең көп шамадағы ықтимал сомасын анықтап, олардың бастапқы жарнаны төлеуге өзіндік қаражатының жететінін немесе жетпейтінін анықтап алғаннан кейін және ипотеканың мәнін бағалаған соң, ипотекалық несиені тұрғын үйді сатып алуы үшін береді. Бұл рәсіп қарыз алушының андеррайтингі деп аталады. Несие беруші қарыз алушының берген ақпаратын тексереді, оның төлем қабілеттілігін бағалайды және несие беру туралы шешім қабылдайды немесе белгілі бір себептерге сүйеніп оған несие беруден бас тартады.
Егер несие беруші жағымды шешім қабылдайтын болса, берілетін несиенің сомасын есептеп, оны берудің басқа да маңызды шарттарын қалыптастырады.
24. Банктік несиенің түрлері
1.Несие пайдалану мерзімі бойынша талап етілгенге дейінгі және мерзімді несиелер болып бөлінеді.
Мерзімді несие өз кезегінде мыналарға бөлінеді:
Қысқа мерзімді ( 1 жылға дейін);
Орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейін);
Ұзақ мерзімді ( 3 жылдан доғары)
Талап етілгенге дейінгі несиені қарыз алушы несие берушінің талабы бойынша қайтару мерзімі ішінде немесе несие келісім шарты бойынша белгіленген мерзімде немесе өз қалауы бойынша кез келген уақытта қайтарады.
2.Несие мөлшері бойынша ірі, орташа, ұсақ деп бөлінеді. Әрбір банк оны өзінің несие салымдарының көлемі бойынша анықтайды. Мәселен әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктер нормативті тәртіппен “аса ірі сатушы” ұғымын өзіндік қаражаттың 3-5% нан асатын несие ретінде анықтайды.
3 . Қамтамасыз етілуі бойынша несие қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген деп бөлінеді. Қамтамасыз етілетін несие мыналармен қамтамасыз етіледі:
Кепілмен;
Банк кепілдемесімен;
Сақтандырумен.
Несиені қамтамасыз ету оның қайтарылмай қалу қаупін азайтудың бір тәсілі болып табылады. Ал қамтамасыз етілмеген несиеге тоқталатын ьолсақ, ол бұрыннанбанкпен серіктестік байланыс орнатқан, несие төлеуге қабілеті бар бірінші сыныпты клиентке беріледі.
4. Банк ссудаларын беру тәсілі бойынша оны өтемақылық және төлемдік деп бөліп көрсетуге болады. Өтемақылық несие – қарыз алушының есеп шотына оның тауарлық материалдық құндылыққа не шығынға жұмсалған өзіндік қаражатының орнын толтыру үшінбағытталады. Төлемдік несие – банк ссудасы қарыз алушыға несиеленген шара бойынша төлемді төлеуі үшін ұсынылатын ақшалай есеп айырысу құжатының төлеміне тікелей бағытталады.
5. Өтелетін әдісі бойынша бөліп бөліп төлеумен өтелетін банк ссудасы және бір мезгілде өтелетін ссуда деп бөлінеді.
6.тағайындалу бағыты б\ша:тұтынушылық,өнеркәсіптік,а\ш,саудалық,инвестициялық,бюджеттік.