Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Фин рынок и посредник.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
160.03 Кб
Скачать
  1. Қаржы нарығының экономикалық мәні мен атқаратын қызметтері

Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатынастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Қаржы нарығы» ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.

Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнет­ақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі ролді атқарады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады. Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға бағытталған.

Қаржы нарығы – бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы-несие институт­тарының жиынтығын білдіреді.

Қаржы нарығының негізгі функциялары мыналар:реттеушілік; ақпараттық; бөлу; коммерциялық; баға белгілеу.

  • Реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;

  • Ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығын ақпараттармен толық және теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

  • Бөлу – қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының экономиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз етеді және сонымен бірге қаржы ресурстарының бөлінуіне әсер етеді;

  • Коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкеледі;

  • Баға белгілеу – қаржылық құралдардың бағасы нарықта еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.

Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарының қызметімен тікелей байланысты.

Менің көзқарасым бойынша, қаржы нарығы – елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар экономиканың әр түрлі субъектілерінің тарапынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалымен ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді.

Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғышарттарға мына факторларды жатқызуға болады:

  • Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің ролін барынша азайту;

  • Монополияны шектеу және бәсекелестікті дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;

  • Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемлекеттік займдарды, яғни облигациялар және басқа да міндеттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу;

  • Бағалы қағаздарға инвестициялануы мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарының тұрақты өсуі.

Сонымен, қаржы нарығы – бұл ең алдымен әр түрлі экономика субъектілерінің арасын­дағы бос ақша капиталы мен ақшалай жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.

Ақша нарығы. Ақша қаражаттары қаржының негізін құрайтындықтан, ақша нарығының маңызы мен мәні алдыңғы қатарға шығады. Қолданысқа енген уақыттан бері әр түрлі формадағы ақшалар операциялар нарығында жүзеге асқан барлық ауыспалы айналымға қызмет етіп келеді және ол кез келген қаржы нарығының бастапқы субстанциясы болып табылады.

Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен тұрады: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыс. Уақытша бос ақша қаражаттары әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне тартылады. Осылайша, ақшалар депозиттерге трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақылар төлейді.

Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсітеін қаражаттың бір бөлігі одан әрі несие ретінде бөлінеді. Ком.банктер уақытша бос ақша қаражаттарын щоғырландыру арқылы заңды және жеке тқлғаларға әр түрлі мақсаттарға арналған несие береді. Қарыз алушылар бұл несиені пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.

Валюта нарығы. Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бөлігі шетел валютасында жүзеге асырылады. Валюта айырбастау бойынша операцияның атқаратын рөлі жоғары.

Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секеілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жақсы әсерін тигізеді. Бағалы қағаз-белгілі бір мүліктік құқықтарды куәландыратын белгеле бір белгілеулердің жиынтығы.Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Бағалы қағаз нарығының негізін тауар нарығы, ақша және ақшалай капитал құрайды.

Сақтандыру нарығы. Сақтандыру –екі жақ тәуекелге бара отырып, бір жағы екінші жағын сақтандыруға келісімін береді. Сақтандыру нарығы сақтандырылушы мен сақтандырушының арасына тығыз байланыс орната отырып, сақтандырудың нәтижесіне байланысты экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығын қамтиды.

Зейнетақы нарығы. Елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде ең серпінді дамып келе жатқан нарық. Зейнетақы- әрбір зейнетақы төлеуші азаматтың зейнетақы жарнасы ретінде аударған міндетті және ерікті, ерікті кәсіптікақша қаражаттарына тиісті бөлігі. ҚР Заңына сәйкес зейнетақы-орталықтан, ЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.