
- •Тақырып. Нарықтық экономика жағдайындағы аудиттің мәні және оның ролі.
- •2 Тақырып. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы.
- •3 Тақырып. Аудит ұғымы және даму кезеңдері
- •4 Тақырып. Аудиттің компаненттері.
- •5 Тақырып. . Аудиттің пәні, мақсаты және міндеттері
- •6 Тақырып. .Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік-құқықтық актілері.
- •7 Тақырып. Аудит пен ревизияның ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •8 Тақырып. Аудиттің сатылары және негізгі функциялары
- •9 Тақырып. Аудиттің постулаттары,стандарттары және нормалары.
- •10 Тақырып. Аудиторлық қызметінің этикалық нормалары.
- •11. Тақырып Аудиторлық қызметтің халықаралық тәжірбесі
- •12. Тақырып. Халықаралық тәжірибені аудиторлық қызметте қолдану.
- •13. Тақырып. Аудиттің түрлері мен олардың сипаттамасы.
- •14. Тақырып. Бастамашылық және міндетті аудиттің маңызы мен мақсаты.
- •15. Тақырып. Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары
- •16. Тақырып. Аудиттің әдістері мен тәсілдері
- •17 Тақырып. Аудиттің әдіснамалық қолданылуы.
6 Тақырып. .Аудиторлық қызметті реттеудің нормативтік-құқықтық актілері.
ҚР-нда аудиторларлық қызметті реттейтін нормативтер мен құқықтар
1. Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
2. Аудит субъектісі, олардың құқы, міндеттері және жауапкершілігі
3. Аудиттің шаруашылық субъектісі ретіндегі құқығы
Аудит заңы, оның ролі мен мазмұны
Аудит жұмысының құқығы аудит заңына және басқа да нормативтік құжаттарға сүйене отырып жүргізіледі. Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол сияқты біздің елімізде де аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993 жылы 18 қазан айында «Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы» заңы шықты. Сонымен аудит жұмысының құқылық негізі анықталып тәуелсіз (дербес) қаржылық бақылау саласы құрылып оның негізгі мақсаты мен міндеті мемлекет және меншіктегі кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау болып анықталады. Бұл заңның күші Қазақстан Республикасының көлемінде барлық шаруашылық субъектілері үшін меншіктік формасына қарамастан бірдей құқылы.
Аудитор заңы алты тарау, жиырма төрт баптан тұрады. Бірінші тарауында аудитке түсінік берілген, оның мазмұны мен мағынасына, аудитор көмекшісіне, аудитор фирмасына, аудит жұмысына түсініктеме берілген. Аудит жұмысын кәсіпкершілік, ол тапсырушылардың талабына сай тексеру жүргізіп және басқадай қызмет көрсетеді деп анықтама берген.
Екінші тарауында аудит дайындау, оларды аттестациядан өткізу тәртібі анықталған.
Үшінші тарауда аудит жүргізу тәртібі және басқалай түрлі қызмет көрсету анықталған. Осы тарауда аудитор қызметін атқару үшін біліктілік куәлігі бар адам ғана аудитор кәсіпкерлігімен айналысады. Ол маман жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет екені анықталған.
IV, V және VI – тарауында аудитордың құқы, міндеті және жауапкершілігі көрсетілген. Оның ішінде ерекше аудитор фирмасының және тапсырушылардың жауапкершілігі мен аудитор палатасына түсінік берілген.
Аудитор палатасы – ол дербес, тәуелсіз қоғамдық бірлестік. Аудитор палатасы ерікті түрде өз құрамына аудит фирмаларын және жеке аудиторларды біріктіреді. Аудитор палатасы “Біліктілік комиссиясын” құрады. Аудитор палатасының негізгі атқаратын қызметі ол Қазақстан Республикасының көлемінде аудиттің методикалық құжаттарын дайындап, даму жолын қарастыру. Сол мақсатпен ол аудит стандарттарын дайындау, методикалық ереже-нұсқаулар шығару, аудит мамандарын дайындау, аудитор фирмалары мен аудиторларды есепке алу және олардың жұмысына бақылау жүргізеді, кездесетін келіспеушілік жұмыстарын, аудиттің сапалылығын, аудитор қорытындыларының нәтижесін есепке алумен айналысады.
Аудиторлық қызмет туралы Қ.Р заңы 1998 жылы 20 қарашада №304-1 бұйрығымен қабылданды. Ең соңғы өзгерісі 2006 жылы 5 мамыр күні №139 бұйрықпен өзгертілді.Ең соңғы өзгерісі 2010 жылы 15 жылы өзгертілді.
Осы заң Қ.Р-да аудиторлық қызметі жүзеге асыру процесінде мемлекттік органдар, жеке және заңды тұрғалар,аудиторлық ұйымдар және кәсіби аудиторлық ұйымдар арасында туындайтын қатынастарды реттейді.Аудиторлық қызмет туралы заң 30 баптан турады.
Аудит - Қ.Р-ның заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік жасау және өзгеде ақпарат туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатымен тексеру.
Аудитор - біліктілік комиссиясы аттестациялаған аудитор білітіклігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға.
Аудитор біліктілігін жоғары білімі бар және соңғы 5 жыл стажының кемінде 3 жылында экономика, қаржы, бақылау, құқық салаларында жоғары оқу орындарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша оқытушылық қызмет саласында істеген адамдар аттестациялауға жіберіледі.
Біліктілік комиссиясы-ұйымдық-құқықтық мекеме нысанында құрылған комерциялық емес ұйым.
Аудиторлық есеп-жүргізілген аудитің нәтижесі болып табылады.Жазбаша ресми құжат.
Аудиторлық қызмет-қаржылық есептілігімен басқада ақпараттың аудитін жүргізу және басқада қызмет бойынша өзгеде қызметтер ұсыну жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.
Аудиторлық ұйым- аудиторлық қызметі жүзеге асыру үшін құрылған комерциялық ұйым.