Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДИТ лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
291.84 Кб
Скачать

2 Тақырып. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы.

Аудит- анық ақпаратпен қамтамасыз етеді.Сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді,кемшіліктерді жою бойынша,ұсыныстарды әзірлейді,ұйым қызметінің тиімділігін,арттыруға ықпал етеді.Аудиті қаржылыұ, экономикалық, техникалық,заңдық және басқада қызмет салаларында жүргуге болады.Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі ұйымның қаожылық есеп берулерінің нақты әрі анық екендігін анықтау болып табылады.

Аудит пәні басқа ғылымдардын айырмашылығын көрсететін ерекшеліктері бар.

  1. Ғылымның мақсатымен мазмұны

  2. Өзіндік ерекшелігі бар зерттеу принципі

  3. Зерделеу объектісі

  4. Ақпарат көздері

Аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер. Егер аудитің объектісіне барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсаты осы қызметтің тиімділігін бағалау,шығынды кемітудің жолдарын анықтау,өндірістік пайдалылығын және еңбек өнімділігін арттыру, жұмысының жоғары нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу.

Алға қойылған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшіннақты міндеттерді бөліп көрсету керек:

  1. Ұйымның қаржылық есептемесінің шындыққа жанасымдылығын қаматамасыз ету және осы есепті берудің пайдаланушылар үшін ақпараттық тәуекелдікті қолайлы деңгейге дейін азайту.

  2. Шешім қабылдау үшін логикалық тұрғыдан негізделген базасын құру үшін жеткілікті дәрежеге жеткілікті мағынада алып бағалау.

  3. Ұйым экономикасын немесе оның белгілі бір қызмет түрінің инвестициялық,маркетингтік және сыртқы экономикалық қызметін жүйелі талдау.

  4. Ұйым қызметі және оның жарғысының бір біріне сәйкестігін жасаған бизнес жоспардың тапсырмалар мен нормативтердің орнықтылығын тексеру.

  5. Заның сақталуы бухгалтерлік есепті жүргізудің және есеп берудің дұрыстығын ,ұйымның қаржылық жағадйы туралы шынайы ақпаратпен пайдаланушылардың қамтамасыз етілуін бақылау.

  6. Ұйымның өндірістік маркетингтік ,инвестициялық қызмет бақылау мен есебі саласындағы әр түрлі мәселелер бойынша клиентке кеңес беру қызметін көрсету.

Аудиттің ең наңты міндеттері алға қойылған мақсаттарға оның түрлерімен жүргізу шарттарына байланысты болады.Аудит бақылау,бағалау ұсыныстарды әзірлеу ,әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері.

Аудиторлық қызметі жүзеге асырудың негізі формулаларының біріне тексеру жатады.Тексеру термині (лат.ревизион сөзінен шыққан)қайта қарау немесе қызметтерді зерттеу дегенді білдіреді.Аудит ұғымы тексеру және бақылау қғымдарынан терең аудитор тексерушіден өзінің мәні мақсаты клиент пен қарым қатынасы тәуелсізщ пікір білдіруді, терең баға беруі,объектінің дәлелкемшілігі мен жағдайы туралы қортындысының негізділігі бойынша ерекшеленеді.

3 Тақырып. Аудит ұғымы және даму кезеңдері

Еліміздің экономикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында – ғылыми, білім мен тәжірибелік қызметтің даму жолында жаңа ғылым саласының пайда болуына алып келді. Бұл – аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудың бұрын бұл сөздің шығу тарихын айтатын болсақ, ол алғашқыда «тыңдаушы» деген мағынада қолданылған. Осы орайда «аудитор» сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латынның «audio» деген сөзінен шыққан, яғни ол «тыңдап тұр» деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық жұмыс барысында тиісті информацияны тексеруші немесе бақылап басқарушы, тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда «аудитор» - тыңдаушы дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын адам. Ол адам қызмет барысында аудитор деп аталынған.

Аудит бізге осы уақытқа дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылыққа бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп қызметі екеніне үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-эксперт, аудитор дайындау өте қажет жұмыс- деп табылған.

Америка Құрама Штатындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясын зерттеу қорытындысында: «бұл аудит қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді» деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда– ревизор, Францияда– бухгалтер эксперт немесе счеттар комиссары, Германияда– шаруашылық басқарушы және тағы басқадай деп те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктерге қарамастан олардың барлығы бір ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет істеуші субъектілердің бухгалтерлік қорытынды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау ерекшеорын алады. Аудитордың ең негізгі мақсаты- сол тексеру нәтижесін тұжырым жасау арқылыаудиторлық қорытынды жасау. Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуге болып табылады. Олар:

  • экономикалық субъектілер (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

  • салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

  • қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

  • аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқа пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді.

Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезеде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.