Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АУДИТ лекциялар.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
291.84 Кб
Скачать

14. Тақырып. Бастамашылық және міндетті аудиттің маңызы мен мақсаты.

Бастамашылық аудит соған қажетті тапсырысшыларды тапсыруы бойынша жүргізіледі, егер бұл тексеру заң жүзінде көрсетілмесе. Мұндай тексерудің көлемі клиенттердің талабына байланысты.

Міндетті аудит заңда көрсетілген және субъектінің өздерінің қаржы-шаруашылық жұмыстарын тексеру үшін аудиторларды немесе аудиторлық фирмаларды шақыруға міндетті. Сыртқы аудит аудиторлық фирмалармен немесе жеке аудиторлармен шарт бойынша субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын және қаржы мүмкіншіліктерін тәуелсіз түрде бағалау үшін жүргізіледі.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің орындалған жұмыстарына тәуелсіз экпертиза берідің нәтижесінде аудиторлар қаржы жағдайын жақсарту, жұмыстардың тиімділігн арттыру жөнінде керек болған жағдайда өздерінің ұсыныстарын береді. Сонымен қатар субъектінің төлем қабілеттілігіне және қаржы тұрақтылығына баға береді. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырыс берушілердің мүддесіне қарай жасалынады. Сыртқы аудиттің басты міндеті – субъектінің есебіне тәуелсіз түрде баға беру, көрсеткіштерінің дәлдігін анықтап, сол жайында тапсырыс берушілерге өз пікірін айту. Сыртқы аудит өз жұмысын заңға, стандартқа, бухгалтерлік есептің принциптеріне, нормативтерге т. б. Сүйене отырп жүргізіледі.

Ішкі аудит субъектінің ішінде жүргізілетін жұмыстарға тәуелсіз түрде баға беру, оларға қызмет көрсету болып табылады. Ішкі аудиттің мақсаты субъектінің экономикалық саясатын дұрыс жүргізілуіне, ішкі бақылаудың дұрыстығына, барлық бөлімдері мен бөлімшелерінде жұмыстың орындалуына эксперттік түрде баға беру.

Жалпы алғанда ішкі аудиттің орындалатын жұмыстарының саны өте көп. Бухгалтерлік құжаттардың дұрыс орындалуы мен барын тексерумен қатар, ішкі аудит әкімшілік тәртіптің сақталуын, бұйрықтар мен үкімінің орындалуын тексереді және тауарлы материалды құндылықтарды, негізгі құралдарды түгендеу жұмысын ұйымдастырады т. с. с. Ішкі аудиттің міндеті мен мақсаты және орындалатын жұмысы субъекті бастығының талабына сай жүргізіледі. Сонымен қатар субъекті бастығының ұсынысы бойынша ішкі аудиттің жұмысы ұйымдастырылады. Осы жоғарыда айтылғандарға қарай сыртқы және ішкі аудиттің жұмыстарының бір-бірінен айырмашылығы олардың объектілері, бағыты, міндеті, мақсаты және жауаптылығ бойынша.

Аудиттің бағыты – заңдылықтарымен анықталған, аутиорлық қызметтің нормативтік жүйесін реттеу, аудиторлар мен клиенттердің шарттық міндеттемелерін нақтылы мақсатпен шеші болып есептелінеді.

Аудиторлық қызметтің негізгі бағыты – субъектілердің бухгалтерлік (қаржылық) есептерінің дұрыстығын және оларндың жасаған қаржылық және шаруашылық операцияларының нормативтік актілерге сай екендігін анықтау.

Аудиттің міндеті – қаржы есебін төмендегідей бағыттары бойынша тексеру:

  • Есептердің дұрыстығын, анықтығын растау;

  • Тексеру кезінде есеп пен отчетта көрсетілген шығындардың, табыстардың қаржы нәтижелерінің қорытындысының анықтығын, дұрыстығын, толықтығын және дәлдігін тексеру;

  • Бухгалтерлік есепті жүргізуде олардың заңдар мен нормативтік құжаттарға сәйкестігін және отчеттардың жасалуын, активтерді, міндеттемелерді және меншік капиталды бағалау әдістемелерінің дұрыстығын тексеру;

  • өзінің негізгі және айналым қорын дұрыс пайдаланудың арқасында, келешектігі резервтерді анықтау.

Қаржы отчеті жөніндегі аудиттің негізгі міндеті – отчетта көрсетілген активтердің, міндеттемелердің, меншік капиталдың және субъектінің қаржы нәтижесінің толықтығына, дәлдігіне, дұрыстығына объективті түрде белгілі бір мезгілге бағалау және де субъектіде қабылдаған есеп саясатының заңдары мен нормативтік актілерге сәйкестігін тексеру.