Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АФО лекция.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.71 Mб
Скачать
  1. Ұйымның нарықтық белсенділілігін талдау

кәсіпорынның нарықтық бел -сендігін бағалауға болатын басқа да көрсекіштер бар,яғни кәсіпорынның на-рықтық белсендігін сипаттайтын негізгі көрсеткітер мыналар болып табылады:

  1. Акцияға түскен табыс – нарықтық экономика жғдайында кәсіпорын-ның бір акциясының нарықтық бағасына әсер ететін ең маңызды көрсет-кіш.Бір акцияға түскен табыс – айналымдағы әдеттегі әрбір акцияға таза табыстың қанша үлесі тиетіндігін көрсетеді.

1. Акцияга тускен табыс. Инвестор акцияны сатып алғанда , әрқашан дтвтденд түрінде алатын болашақ табысты бағдарға алады. Өйткені , компанияның табысы дивидендтер төлеудің негізгі көзі болып табылатындықтан және келешкете акцияның рыноктық құнын көтеруне бизнес болғандықтан , инвесторлар әрқашан акцияға табыстылық коэффицентіне қызығушылық білдіреді. Ол таза табыстан айрықша акциялар бойынша дивидендтерді алған соңғы қалдықтың , шығарылған және қолдағы әдеттегі акциялардың жалпы сонына қатынасы ретінде формуламен есептеледі. Бір акцияға түскен табыс айналымдағы әдеттегі әрбіп акцияға таза табыстың қанша үлесі түсетінін көрсетеді

Мұндағы - бір акцияға түскен таза табыс

- таза табыс

2. Акциялардың құндылығы. Ол акцияның нарықтық бағасын акцияға түскен табысқа бөлігіндегі формуламен есептелінеді.

Ца= Рц / Дач

Ца - акцияның құндылығы

Рц - акцияның нарықтық бағасы

Дач – бір акцияға түскен таза табыс.

Акцияның нарықтық бағасы мен бір акцияға түскен табыстың арақатынасы компания мен оның акционерлері арасындағы қатынасын көрсетеді.

Акцияның нарықтық бағасы мен акцияға түскен табыс шамасы арасындағы өзара байланысты әдетте «баға-табысы» коэффициенті деп атайды. Бұл көрсеткіш акционерлер мен мүкін инвесторлар компанияның акцияның құндылық бағалылығын бағалау үшін жалпы басшылыққа алады. Ол аталған компанияның акциясына деген сұраныстың индикатор ретінде қызмет етеді , өйткені, акционерлер мен инвесторлар комания акциясының таза табысының бір ақша бірлігіне қанша ақша бірлігін төлеуге келісетіндігін көрсетеді.

3. Бір акцияның баланстық құны -

- акцияның баланстық құны

4. Акцияны котировкалау, өткізу, бағалау коэффициенті

акцияны бағалау коэффициенті

5. Диведент төлеу коэффиценті ол фирманың инвестициялық саясатына тәуелді. Құнды қағазға инвестициялаудың 2 мақсаты бар:

1. Ағымдағы табысты алу

2. Акцияның курстық құнының артуы есебінен қаржы жинақтау

6. Акцияның табыстылығы. Табыстылықты ағымдағы және жиынтық деп бөлінеді. Ағымдағы табыстылық дегеніміз ең алдымен акция иесінің қолына тиетін дивидендтер. Бұл коэффициент дивидендтік табыс немесе дивиденд нормасы деп аталады , былайша есептеледі:

Акцияның табыстылығы – бір акцияға түскен девиденттің бір акцияның нарықтық бағасына бөлгендегі құны

– дивиденттің іс жүзіндегі нақты нормасы

- бір акцияға түскен дивиденттер

7. Турақты өсу коэффиценті. компанияның келесі жылы өзінің активтерін ішкі қаржыландыру есебінен арттыру мүмкіндігін көрсетеді , ол жағдайда меншікті капитал мен міндеттемелер арасындағы пропорция сақталуы және дивидендтер төлеу үлесі есеп беру жылындағы мөлшерде сақталуы шарт. Аталған коэффициент , дәлірек айтқанда ішкі көздер есебінен тұрақты өсу қарқынының қамтамасыз етілуі коэффициенті , дивидендтер төлеген соңғы таза табыстың бөлігінің , бастапқы акционерлік капиталға қатынасы ретінде формуламен анықталады:

Тұрақты өсу коэффициенті

- АК-ң табыстылығы

дивиденттерді төлеу көрсеткіші

Ск - меншікті (акционерлік )капитал

8. Капиталдандыру коэффициенті компания шығарған қағаздар түрлері арасындағы пропорцияны білдіреді. Облигациялардың үлесінің жоғары болуы , айрықша және әдеттегі акциялардың тартымдылығын азайтады , айрықша акцияның үлесінің жоғары болуы да әдеттегі акцияға деген инвесторлардың қазығушылығын жоғалтуға әкеліп соғуы мүмкін. Олай болуы , облигациялар бойынша пайыздар , айрықша акциялар бойынша дивидендтер төлеуге дейін төленуі керектігіндегі , ал олар өз кезегіндегі әдеттегі акциялар бойынша дивидендтер төлер алдында жүргізілуі тиіс екендігіне байланысты.

Катпиталдындыру коэффициенті компания шығарған б.қ түрлер аралығындағы пропорцияны білдіреді:

Қаржылық либерадж бір жағынан облигация мен жай акция екінші жағынан әдеттегі акция арасындағы қатынасты білдіреді.

Қаржылық либерадж – дәлме –діл айтқандай аз күштің көмегімен әжептеуір ауыр заттарды орындарына қозғап ауыстыру

Л Л – либерадж деңгейі О – облигациялар

Тақырып №39

Ұйымның қызметінің тиімділігін бағалау.

Қызметінің тиімділігін бағалау және талдау- Қаржылық талдаудың барлық аспектілері кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін бағалаумен байланысты болады.

К.о-ң қаржы шар-қ қызметінің тиіимділігін бағалау

Көр-р

Есептеу формуласы

1

Бір еңбеккерге шаққандағы орташа жылдық шығарым

ӨӨТТ/ еңбеккерлердің орташа тиімділік саны

2

Бір жұмысшыға шаққандағы жылдық шығарыс

ӨӨТТ/ жұмысшылардың орташа тізімдік саны

3

Бір жұмысшыға шыққандағы орташа күндік шығарым

ӨӨТТ/ барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам күн саны

4

Бір жұмысшының орташа сағаттық шығарымы

ӨӨТТ/ барлық жұмысшылардың еңбек еткен адам сағат саны

5

Қор қайтарымдылығы

ӨӨТТ/ нег. өнд-к қорлардың орташа жылдық құны

6

Қор сыйымдылығы

1) нег. өнд-к қорлардың орташа жылдық құны/ӨӨТТ

2) 1/ Қор қайтарымдылығы

7

Материал қайтарымдылығы

ӨӨТТ/шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны

8

Материл сыйымдылғы

1) шығындалған материалдар ресурстарының орташа құны/ ӨӨТТ

2) 1/ Материал қайтарымдылығы

Тиімділік жан-жақты зерттелуі мүмкін: шығындар, өндіріс көлемі, инвестицияның пайдасы және т.б. Бірақ аталған барлық мәселелер жалпы кәсіпорынның тиімділігіне келіп саяды. Барлық басқарушылық шешімдердің тиімділігі кәсіпорынның жалпы қызмет етуінің табыстылығына, тұрақтылығы мен экономикалық өсіміне байланысты шоғырланады. Бұл баға құрумен, жабдықтаумен, өткізумен, құрал-жабдықтаумен, өткізумен, құрал-жабдықтар мен технологияларды алмастырумен, қаражаттарды шоғырландырумен, пайданы бөлістірумен байланысты шешімдер болуы мүмкін.

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау қаржылық талдаудың соңғы кезеңі болып саналады. Оның негізгі тапсырмалары:

  • Шаруашылық жағдайды бағалау;

  • Қол жеткізілген себептер мен факторларды анықтау;

  • Даму перспективаларын болжау;

  • Қабылданатын басқарушылық шешімдерді дайындау және негіздеу;

  • Шаруашылық қызмет тиімділігін арттыру резервтерін анықтап, шоғырландыру (жұмылдыру).

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындар толық экономикалық дербестік пен жауапкершілік, шаруашылық байланыс еркіндігі мен баға еркіндігі негізінде қызмет атқарады. Сондықтан басқарудың негізгі тапсырмаларының бірі болып, ағымдағы уақытта немесе болашақта экономикалық пайда табу мүмкіндігі көзқарасының тұрғысынан әрбір қабылданатын шешімді бағалау негізінде кәсіпкерлік қызметтің тәуекелдігін төмендету саналады.

Шаруашылық қызметтің экономикалық нәтижелері бірнеше компоненттерден тұрады. Барлық экономикалық көрсеткіштердің негізінде өндірістің технико-экономикалық деңгейі жатыр. Бұған жататындар: пайдаланылатын техникамен өнімнің сапасы, технологиялық процестер, еңбектін техникалық және энергетикалық қарулануы, шоғырлану, мамандану, бірігу және құрамдастырылу дәрежесі, өндірістік цикл ұзақтығы, өндіріс ырғақтылығы, басқаруды және өндірісті ұйымдастыру деңгейі, қызметкерлерді мамандандыру және дайындау деңгейі.

Өндірістің технико-экономикалық деңгейіне өндірістік ресурстарды: еңбек құралдарын, еңбек заттары мен «тірі» еңбекті пайдалану тәуелді болады. Өндірістік ресурстарды пайдалану жиілігі мынадай жалпылама көрсеткіштерден көрінеді: қор қайтарымы, өнімнің материал сыйымдылығы, еңбек өнімділігі.

1.Өндірістің технико-ұйымдастырушылық деңгейі және бвсқа да шарттары