Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

22.Қаржы ресурстарының мәні және оны саралау

Кәсіпорынның қаржы ресурсы – қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген және қайта жаңартуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табыстар мен кідіртілген төлемдер түріндегі бір бөлігі

Шығуына қарай қаржы ресурстары

  • сыртқы

  • ішкі

Ішкі ресурстар – таза пайда және амортизация түрінде, соныымен қатар кәсіпорын қызметкерлері, салық органдары, бюджеттен тыс мекемелер түрінде болады

Таза пайда – кәсіпорынның жалпы түскен табыс сомасынан шығындары мен міндетті төлемдерді (салықтар, алымдар, айыппұлдар, өсімақы, % т.б) алып тастағанда қалатын табысын білдіреді

Амортизация – ұйымның негізгі және де басқа да айналымсыз қорлары тозуының ақшалай көрінісі

Сыртқы қаржы ресурстары 2 топқа бөлінеді:

  • тартылған (кәсіпкерлік капитал)

  • несиеге алынған (несиелік капитал)

Кәсіпкерлік капитал – пайда алу және кәсіпорынды басқару құқығын иемдену мақсаты мен салынған капитал

Несиелік капитал – өсім түрінде ақы төлеп қайтару талабы мен несиеге беретін ақша капиталы

Тартылған қаржы ресурстары – кәсіпорын құрылған сәтте жинақталып бүкіл қызмет ету барысында кәсіпорын қарамағанда болатын қаржы ресурстарының нег.бір бөлігі

Несиелік қаржы ресурстары:

  1. банктік несиелер және басқа да несиелер

  2. кәсіпорын облигацияларын шығару және сату

  3. нарықтың өзгеде банктік емес субъектілерінен алынған қарыздар

23. Қаржы ресурстарының қажеттілігін есептеу.

24. Меншікті капитал жеткіліктігі

Кәсіпорынға қажетті ресурстар шамасын есептеу үшін, ең алдымен қандай мұқтаждықтарды қаржылындыру керек екендігін анықтау қажет. Басқаша айтқанда, қаржыландыру қажеттілігі инвестиция жасау қажеттілігінен туындайды. Инвестиция көлеміне әдетте мынадай шығындар кіреді;

  1. Жер сатып алу және оны байланыс жүйесіне қосу үшін шығындар.

  2. Машиналар мен құрал жабдықтар, аспап пен саймандар алу үшін шығындар

  3. Материалдық емес активтер алу үшін шығындар

  4. Айналмалы капиталдың өсіміне қажетті шығындар

  5. Жарнама үшін шығындар

  6. Резервтер құру үшін қажетті шығындар

Қаржы ресурстары қажеттілігін бағалау логикасын белгілейтін маңызды фактор – бұл меншікті капиталдың қажеттілігі. Меншікті капиталдың қажеттілігін бағалауға келесі формула қолданылады;

К с=[П –(r-i) *D]\r

Мұнда К с - меншікті капиталдың қажеттілігі

П - таза пайда

D - несиелік капитал

i - капитал нарығындағы орташа пайыздық мөлшерлеме

r- таза табыс бойынша есептелген активтер табыстылығы.

Қазақстанда бүкіл нарықтық кезең ішінде байқап отырғанымыздай

Несиенің пайыздық мөлшерлемесінен актив табыстылығы кем болса, онда кәсіпорынның меншікті капиталының қажеттілігі күрт артады, себебі формула алымындағы айырма орнына қосынды шығады.

(r-i) *D]\r – сомасы кәсіпорынды әр түрлі қаржылық қиыншылықтардан сақтандыруға қажетті мөлшер. Әдетте қаржылық жағдайы тұрақты болған жағдайда кәсіпорындар көбінесе бұл соманы коммерциялық банктерден несие түрінде алады.

Қарыз алушының қаржылық мүмкіндігін бағалау үшін қолданылатын формула;

СF =П+А+КЗ-ДЗ-ПЗ

Мұнда СF- несиені өтеуге жұмсалуы мүмкін ақша ағыны

П – таза пайда

КЗ – несиелік қарыздың артуы

ДЗ – дебиторлық қарыздың артуы

ПЗ - өндірістік қорлардың артуы

2 Меншікті капиталдың жеткіліктігі – теориялық жағынан ғана емес, іс жүзінде де мәселе туғызады. Іс-тәжерибе жүзінде капитал қажеттілігі көбінесе «кәсіпорындардың қаржы пайдалану қажеттілігі» және «инвестициялық қажеттілік» деген терминдермен анықталады.

Инвестициялық қажеттіліктер кәсіпорынды құру және кеңейтуге қажетті шығындардан тұратын кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген ұзақ мерзімді қажеттілігін көрсетеді. Қысқа мерзімді қажеттілік ағымды өндіріс шығындарымен байланысты. Қосымша қаржыландыру мүмкіндігін анықтау әрқашан да несиелік көздерді анықтаудан басталады. Бұл жоғарыда қарастырған меншікті капиталдың жеткіліктігін бағалау формуласынан келіп шығады.

Іс жүзінде кәсіпорынның ұзақ мерзімді несие тарту мүмкіндігін бағалау үшін арнайы көрсеткіш – несиені ақша ағынымен орнын толтыру (Кнот) есептелінеді.

Ақша ағыны\ Несие сомасы = (Таза пайда+Амортизация)\несие сомасы

Бұл қатынасты кәсіпорынның өз қарыздарына қызмет көрсету мөлшері деп те атайды. Іс тәжерибеде осы болжамға негізделген әр түрлі үлгілер пайдаланылады, дегенмен ең кеңінен тарағаны келесі;

Кнот=(П+А-Дв)\(Д+З)

Мұнда П-бір жыл ішіндегі таза пайда

А- сол кезеңде жинақталған амортизация

Д-банктік несие

Дв-есептелген дивиденттер

З-банктік емес мекемелерден алынған ұзақ және қысқа мерзімді қарыз сомасы.

Бұл коэффициент несие алушы – кәсіпорында негізгі қарыз сомасын өтеуге қажетті бос ақша қаражаттың болуын сипаттайды. Банкирдің есептеуінше, егер осы коэффициент бірге тең немесе артық болса, онда кәсіпорын несиені өз мерзімінде қайтаруға қабілетті болып саналады.

Күрделі шығындар сирек, ал ағымдық шығындар үнемі қажет болып жататындықтан, кәсіпорынның басты мақсаты – қысқа мерзімді қаржыландыру қажеттілігін қанағаттандыру немесе қаржы-пайдалану қажеттілігін ҚПҚ қамтамасыз ету. Қаржы пайдалану қажеттіліктер кәсіпорын теңдестігі нәтижелеріне қарай келесі формуламен анықталады;

ҚПҚ = ӨЗ + ДӨП + ДҚ – НҚ

Мұнда ӨЗ –өндірістік запастар

ДӨ – дайын өнім

ДҚ – дебиторлық қарыз

НҚ – несиелік қарыз