Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

21. Кәсіперлік тәуекелдігі, түрлері, оған әсер ететін факторлар

Кәсіпкерлік тәуекелдік – белгіленген іс шара іске аспаған, сондай-ақ басқару шешімдерін қабылдау кезінде қателіктер жіберген жағдайда кәсіпкердің зиян шегу ықтималдылығын айтамыз

Кәсіпкерлік тәуекелдер қызметті жүзеге асыру нәтижесінде көптеген факторлардың әсерінен туындайды.

Ішкі факторларға: басшының және қызметкердің жіберген қателіктері, дұрыс шешім қабылдай алмауы, тәжиребесіздігі, өзгермелі жағдайға тез бейімделе алмауы, кәсіпкердің білімі мен біліктілігі, нақты жағдайды талдау және болашақты болжау мүмкіншілігі және т.б. жатады

Сыртқы факторларға:инфляция, банктік %ставкалары мен кедендік рәсімдеу жүйесінің өзгеруі, нормативтік құқықтық актлерімен заңнамалардағы өзгерістермен толықтырулар, бәсекелі орта, саяси жағдайлар , елдегі эк-қ жағдай және т.б. жатады

Кәсіпкерләк тәуекелді:

  1. өндірістік тәуекел – өнім қндіру кезінде немесе өндірістік қызмет үрдісінде туындайды

Себептері: жоспарлаған өндіріс көлемінің төмендеуін, кәсіпкердің тапсырыс берушілермен жасаған келісімі б-ша өз міндеттемелерін орындай алмау ықтималдығын материалдық еңбек шығынының өсімін және баға саясатындағы қателіктер және т.б жатқызуға болады

  1. коммерциялық тәуекел – өнімді сату мен, шикізаттар мен мат-ы сатып алумен және т.б. байланысты орын алады

Себептері: шикізат тапшылығы немесе шикізаттар мен мат-ы өз уақытында және қажетті көлемде қамтамасыз ете алмау, логистика жөніндегі кемшіліктер және т.б. жатады

  1. қаржылық тәуекел – кәсіпкердің қаржы институттарымен қарым қатынас негізінде туындауы мүмкін. Ол ақшалай қаражаттарды жоғалту қаупін білдіреді. Қаржылық тәуекел инвляциялық тәуекелділігі, банк ставкаларының % өсуі, б.қ. Құнының төмендеуі және т.б. себептерге байл.пайда болады

Тәуекелді талдау кезінде 2 түрін бөліп көрсетуге болады:

І Сандық талдау тәуекелі – тәуекелдің нақты мөлшерін сандық түрде көрсетуге, оларды талдау, сараптау, және салыстыруға бағытталған Оған:

  1. ст-қ

  2. сараптамалық баағалау әдісі

  3. талдамалық әдіс

  4. кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын талдау және оның төлем қабілетін бағалау

ІІ Сапалық талдау – тәуекелдің нақты облысын және факторларын анықтауға, оның мүмкін болатын түрлерін айқындауға мүмкіндік береді

Тәуекелді басқару үрдісін 5 сатыға бөліп қарастыруға болады:

  1. мақсатты анықтау

  2. тәуекелді айқындау

  3. тәуекелді басқару әдістерін таңдау

  4. таңдалған әдісті қолдану

  5. нәтижелерді бағалау

Тәуекел дәрежесін төмендету және тәуекелді басқарудың мынадай әдістерін бөліп көрсетуге болады:

  1. әртараптандыру – инвляцияланатын қаражаттарды бір-бірімен өзара байл.емес бірнеше тәуекелді операциялар б-ша бөлуді білдіреді (қаржыны әртарапқа бөліп тастау)

  2. лимиттеу – тәуекелдә операцияларда пайдаланылатын ресурстардың мөлшеріне шектеулер қоюды білдіреді. (рис, шектеу, көп ақшаны алып шықпау)

  3. хеджэрлеу – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелді операцияға қатысушы әріптестермен бөлісуді білдіреді

  4. Өзін-өзі сақтандыру – тәуекелді операциялардан болуы мүмкін зияндарды жабу үшін өздерінің меншікті резервтік қорын құруын айтамыз

  5. сақтандыру – ол тәуекелмен байланысы зиян шеккен жағдайда жеке және заңды тұлғаның мүліктік мүдделерін қорғауын білдіреді