Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С.______

Ұйымның қаржылық дәрменсіздігі

Тәуекелділік ұғымы – кәсіпорын ресурстарының бір бөлігін жоғалту ықтималдылығын (қаупы), қызметті жүзеге асыру нәтижесінде табыстардың толық алынбауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын білдіреді.

Тәуекелді өзін – өзі сақтандыру есебінен және хеджирлау жолымен тәуекелдің бөліктерін басқа фирмаларға беру арқылы азайтуға болады.

Тәуекелдерді басқару жөніндегі саясаттардың және процедуралардың негізгі принциптері

Қордың тәуекелдерді басқару бойынша саясаты бейім тәуекелдерді анықтауға, талдауға және басқаруға, тәуекелдердің лимиттерін және сәйкесті бақылауды орнатуға, сондай-ақ тәуекел деңгейін және оның белгіленген лимиттерге сәйкестілігін тұрақты түрде бағалауға арналған. Қордың тәуекелдерді басқару жүйесі Агенттік қоятын талаптарға сәйкеседі. Тәукелдерді басқару жүйесі Қордың қалыпты қызметінің бұзылуына әкеліп соқтыратын оқиғалардың уақытылы анықтаулына, бағалануына және алдын алуға бағытталған бақылау жүйелерін орнататын кешенді тәсілді пайдаланады. Қордың тәуекелдерді басқару жөніндегі процедуралары Қормен белгіленеді және іске асырылады. Қордың Директорлар кеңесі және Басқармасы, сондай-ақ Қордың қызметкерлері тәуекелдерді басқару бойынша осындай процестерді әзірлеуге және іске асыруға қатысады.

Қордың Директорлар кеңесі Қордың ішкі саясаттарын және процедураларын бекітеді және тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиісті қызмет етуі үшін жалпы жауапкершілікті атқарады. Ол үнемі Қордың қаржылық жағдайын қарап отыруға және әрбір есептік кезеңнің ішінде Қордық қызметін талдауға және бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қабылдайды. Қордың Басқармасы қаржы құралдарын сатып алу және сату кезінде шығындарды азайтуға бағытталған тәуекелді төмендету және операциялық процедураларды бекіту жөніндегі шараларды іске асыру және мониторингі үшін жауапкершілікті атқарады. Қор Басқармасы сонымен қатар инвестициялық лимиттердің сақталуын бақылайды.

Қор әрбір бөлімшенің құрамында жауапты тұлғаларды тағайындайды, бизнес-процесстердің матрицасын әзірлеу және тұрақты түрде жаңарту және осы бизнес-процестерге тән әлеуетті және анықталған тәуекелдерді бағалау олардың міндеттеріне кіреді. Жоғарыда сипаталғанға толықтыру ретінде Қор жекелеген айырықша сценарийлердің жекелеген сауда портфелдеріне және Қордың жалпы позициясына ықтимал қаржылық ықпалды моделдеу үшін әр түрлі «стресс-тестілерді» пайдаланады. Стресс-тестілер төтенше жағдайларда туындауы мүмкін шығындардың әлеуетті мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді. Стресс-тестілердің негізгі міндеттері, мыналарды айқындау үшін арналған:

  • Тәуекел факторларын өзгерту нәтижесінде пайда болуы мүмкін шығындардың сандық сомасын;

  • Тәуекел факторларын өзгерту нәтижесінде туындаған шығындарды жабуға меншікті капиталды пайдалануға Қор мүмкіндігін бағалау;

  • Тәуекелдердің деңгейін төмендету үшін шаралар жоспары.

Стресс-тестілерді өткізу үшін Қор сценарий талдауы мен сезімталдылық талдауын пайдаланады. Сценарийлер талдауы тарихи және гипотетикалық оқиғалар негізінде жасалады және тәуекел факторларының бір қатарының Қор қызметіне ықпалының бағалауын жүргізуге мүмкіндік береді. Сезімталдылық талдаулары тәуекелдің белгіленген факторларының өзгерістерінің инвестициялық портфельге тікелей алғандағы ықпалына баға береді.

Пайыздық активтердің пайыздық міндеттемелерге мерзімдер бойынша сәйкессіздік шамасын мониторингі арқылы пайыздық тәуекелді басқару сыйақы ставкасын өзгертудің әр түрлі стандарты және стандартты емес сценарийлеріне Қордың пайыздық кірісінің сезімталдалығының мониторингі процедурасымен толықтырылады.