Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С.______

Қаржылық талдаудың мәні және мақсаты, әдістері, құралдары

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындарның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланыста болады.

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Заңы (қосымша 18 )Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.

  • Бухгалтерлік баланс; (19 қосымша)

  • Түсім мен шығындар туралы есеп;(20 қосымша)

  • Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп (21 қосымша)

  • Капиталдың өзгеруі туралы есеп (22 қосымша)

  • Түсініктеме хат. (23 қосымша)

АҚ «Халық Банкінің Зейнетақы қоры» тек қана қызмет көрсету түрімен айналысқандықтан, Қордың еңбек өнімділігін анықтау мүмкін емес болып табылады. Қордың қаржылық есеп беру мерзімі 1 қаңтардан 31 желтоқсанның аралығы болып табылады. Қордың қаржысын талдаудың маңызды ақпаратты көзі қаржылық есептілік болып (қосымша 24) табылады. Қаржылық есептіліктің құрылуына қор әкімшілігі жауапты болып табылады. Қордың қаржылық есептілігінде ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп, капитал өзгерісі жөніндегі есеп, кіріс пен шығыс туралы есептілік жатады және бұл есептің барлығы халықаралық стандарттарға сүйене отырып есептелінген. Қордың қаржы жағдайына қаржылық есептілік мәліметтеріне сүйене отырып тоқталатын болсақ 2009 және 2010 жыл 31 желтоқсандағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, ақша қаражаттары 2010 жылы 920,997 мың тг құраған болса, ал 2009 жылы 17,818 мың теңгені құрайды. 2010 жылдағы көрсеткіштің көп болуы қордың қосымша инвестициялық декларациясын құруына байланысты қордың ақша қаражаттарымен қоса олардың инвестициялық салымдары және де өзінің иелігінде инвестицияның көрсеткіштері анағұрлым артты. Мысалы 2010 жылдағы инвестициялық көрсеткіштің сомасы 8,918,992 мың теңгені құраған болса онда 2009 жылғы көрсеткіш 10,704,086 теңгені құраған. Ал қордың міндеттемелеріне келетін болсақ қордың 2010 жылғы қызметкерлерге төленетін сыйақы қоры 634,330 мың теңгені құрады, 2009 жылғы бұл қорға ешқандай ақша қаражаты аударылмаған емес. Резервтік капиталдың мөлшері 2009 бен 2010 жылдары бірдей көрсеткішті көрсетіп отыр 2,909,101 мың теңгені, яғни қор есепті кезеңде резервтегі ақша қаражатын пайдаланған емес. 2010 жыл мен 2009 жылдағы мәліметтерге орай қордың қызметкерлерінің саны 803 және 807 адамды құрады. Қордың бас офисі Алматы қаласында орналасқан. Қор бүкіл республика бойынша 18 филиалы бар.

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___83___

Сабақ тақырыбы Қаржылық талдаудың мәні және мақсаты, әдістері, құралдары

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі дәріс сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындарның тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланыста болады.

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Заңы Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттейді, бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті жасаудың принциптерін, негізгі сапалық сипаттамалары мен ережелерін белгілейді.

  • Бухгалтерлік баланс;

  • Түсім мен шығындар туралы есеп

  • Ақша қаражаты қозғалысы туралы есеп

  • Капиталдың өзгеруі туралы есеп

  • Түсініктеме хат.