Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________

Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандары

Коммерциялық кәсіпорындар табыс табу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мына нысандарда жүзеге асыра алады.

Баға – нақты кәсіпорынға арналған, оның кірісі мен шығынын, яғни, қаржылық тұрақтылық және өндірістік және әлеуметтік дамуын, меншік иесінің кірісін алдын-ала анықтайтын маңызды көрсеткіш.

Нарық жүйесінде шаруашылық баға ең басты құрылымды анықтаушы және келесі сәттермен сипатталады.

  1. Бағаның соңғы деңгейінің қалыптасуы өндіріс кезінде емес, өнімді сату кезінде анықталады

  2. Өнімге, қызметке, таурға баға баға меншік иесімен, шаруашылық субъектімен анықталады.

  3. Баға– сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдікті ұстайды.

  4. Баға бәсекелестік жағдайды қалыптастырады.

Бағаның 3 түрлі функциясы бар:

  1. Өлшеуіш – баға арқылы тауар құнын анықтауға болады.

  2. Реттеуіш – сұраныс пен ұсынысты реттейді.

  3. Стимулдық – өндеушілердің өндіріс көлемін көтеруде қызығушылығын сипаттайды.

Бағаның түсуі келесі себептерге байланысты:

  1. Бәсекелестік жағдайында өз позициясын сақтап қалу.

  2. Бәсекелестің баға түсіруіне жауап, нарықтың үлкен бөлігі жаулап алуға деген ұмтылыс.

  3. Тауарға сұраныстың аз болуы.

  4. Өндіріс көлемін өзгерту қажеттілігі.

Бағаның азаюы табыс пен кірісті азайтуға әкеліп соқтырады және де тұтынушылар өнім сапасының төмендеуі деп түсінеді. Экономикалық тұргыдан қарағанда, бағаның төмендеуінің сату көлемі ұлғайып, сұраныс көбейсе ғана оң нәтиже береді.

Бағаның өсуі келесі себептерден туындайды:

  1. Тұрақты инфляция кезінде , яғни, тауар бағасы өсуіне әкеліп сақтайды.

  2. Сұраныстың шамадан тыс өсу, яғни, тұтынушылық қажетті мөлшерден тыс төлеуге келісуі.

  3. Бағаның өсуі сұранысты азайтуы да ықтимал, ол басқа тауарға және бәсекелес тауарға сұранысты арттыруы мүмкін. Егер бәсекелестер де тауарға бағаны көтеретін болса, табыс көбейеді, өйткені сұраныс басқа тауарға ауыпайды.

Бағаның өзгеруінің нәтижеге тигізетін әсерін келесідегідей қарастырады:

1) осы уақыттағы тауар айналымы = жалпы табыстың базалық сомасы/ жалпы табыстың жаңа деңгейі.

2) маржиналды табыс=жалпы табыстың базалық сомасы– аралық шығын деңгейі

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___59___

Сабақ тақырыбы. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері мен нысандары

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ

Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды.

Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оеың барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішінде өкілдік мәртебесі де кіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:

  1. шаруашылық серіктестер;

  2. акционерлік қоғамдар;

  3. өндірістік кооперативтер;

  4. мемлекеттік кәсіпорындар.