Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________

Түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы кәсіпорындардың

қаржылық ерекшеліктері.

Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды.

Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оеың барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішінде өкілдік мәртебесі де кіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:

  1. шаруашылық серіктестер;

  2. акционерлік қоғамдар;

  3. өндірістік кооперативтер;

  4. мемлекеттік кәсіпорындар.

Акционерлік қоғам құрылтайшылары қоғам құру туралы шешім қабылдаған жеке немесе заңды тұлғалар бола алады. Қоғам құрылтайшысы бір ғана адам бола алады. Қоғам оның құрылтайшыларының жиналысы шешімімен құрылады. Қоғам 2003 жылдың 13 мамырындағы «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңындағы тәртіппен бұрынғы заңды тұлғаның қайта ұйымдастыруымен құрылуы мүмкін. Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы 15 қосымшада көрсетілген.

Бірінші құрылтайшылар жиналысында құрылтайшылардың атқаратын жұмыстары мыналар:

  • Қоғам мекемесі туралы шешім қабылдап, қоғам құрудағы атқарылатын қызметтерді анықтайды;

  • Құрылтайшылық келісім-шарт жасайды;

  • Құрылтайшылардың беретін акциялардың алдын ала төлемін бекітеді;

  • Жарияланған акциялардың, оның ішінде құрылтайшылар төлеміне енетін акцияларды бекітеді;

  • Акциялар шығаруға мемлекеттік тіркеу туралы шешім қабылдайды;

  • Қоғам тіркеушісін таңдайды;

  • Қоғам атынан мемлекеттік тіркеуге қол қою үшін өкілетті тұлғаны таңдайды;

  • ҚР заңнамасына сәйкес қоғам құрылтайшыларының жарғылық капитал төлемінің мүліктік бағасын анықтайтын тұлғаны таңдайды;

  • Қоғамның қаржылық-шаруашылығын жүргізетін және қызығушылығын үшінші тұлға алдында қоғам органдарын оқытуға дейін көрсететін тұлғаны таңдайды;

  • Қоғам жарғысын бекітеді.

Акцияны орналастырмас бұрын бірнеше құрылтайшылар жиналысы өткізу керек. Осыған орай шешімге толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін барлық жақ құрылтайшыларының қатысуымен жүзеге асырылады. Бірінші құрылтайшылар жиналысында әр құрылтайшы бір дауықа ие бола алады. Келесі құрылтайшылар жиналысында да егер ол туралы құрылтайшылар келісім-шартында көрсетілмесе, әр құрылтайшы бір ғана дауысқа ие. Құрылтайшылар жиналысының шешімі барлық құрылтайшылар қол қойған хаттамамен бекітіледі.

Қоғам жарғысы қоғамның заңды тұлға ретіндегі құқықтық статусын анықтайтын құжат болып табылады.

Жарғы мазмұны мынадай боуға тиіс:

  • Қоғамның толық және қысқартылған атауы;

  • Қоғамның атқарушы органының орналасқан жері;

  • Акционерлердің хұқықтары туралы, қоғамның жоғары дәрежелі акциясын куәландыратын хұқық көлемін қоса алғанда мәлімет;

  • Қоғам органдарының компетенциясы мен білім тәртібі;

  • Қоғам органдары қызметінің ұйымдасу тәртібі мыналармен қоса: жиналыс тәртібі, акционерлердің жалпы отырысының тәртібі және қоғамның әріптестік отырысы тәртібі;

  • Қоғам органдарының шешімінің тәртібі, соның ішінде көпшілік дауыспен білікті болып қабылданатын шешім сұрақтары тәртібі;

  • Қоғам қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдарында көрсетілген ақпарат беру тәртібі;

  • акционерлер мен міндетті тұлғалардың қоғамның аффилиирленген тұлғалары туралы ақпарат тәртібі;

  • егер қоғам коммерциялық емес ұйым болса, қоғамның коммерциялық емес екенін көрсету, дивиденттердің төленбегені туралы, дауыс беру шарасы және басқа да ҚР Заңы мен заңнамалық актілермен бекітілген талаптар;

  • қоғам қызметін тоқтату шарасы;

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен Заңына сәйкес басқа да жағдайлар. Қордың жарғысы 16 қосымшада көрсетілген.

Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың номиналды бағасымен төлеген акция қаражатымен қалыптасып және Қазақстан Республикасы валютасымен көрініс табады.

Қоғамның жарғылық капиталы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңда бекітілген талаптармен жүзеге асады.

Акциялардың алдын ала төлемі олардың мемлекеттік тіркелуінен кейін отыз күн ішінде жарғылық капиталдың ең аз мөлшерімен құрылтайшылар арқылы төленеді. Қоғамның жарғылық капиталының өсуі қоғамның жарияланған акцияларының орналасуына байланысты. Қоғамның жарғылық капиталының ең аз мөлшері 50 000 еселік айлық есептік көрсеткішке тең. Бұл ҚР Сәйкес қаржы жылдағы республикалық бюджет туралы заңымен бекітілген. Қоғам жай және ерекше акциялар шығаруға хұқылы.

Акция бөлінбейді. Егер акция бірнеше тұлға иелігіне жататын болса, олардың барлығы бір акционер болып акциямен кәуланға хұқықты пайдалана алады. Қазақстан Республикасы Заңнамалық актілермен мыналарға шектеу қойылуы мүмкін: Қоғам акцияларымен келісім жасау; Бір акционер иелегіндегі қоғамның акцияларының ең жоғары саны; Бір акционерге берілген қоғам акциясы бойынша ең жоғары дауыс саны. Қоғам басқа да құнды қағаздар шығаруға хұқылы. Оны шығарудың тәртібі мен талабы, ұсыну мен алып тастау ҚР заңнамасымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» 2003 жылғы 13мамырдағы Заңына сәйкес «Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық АҚ фирмалық атауы 2003 жылғы 11 тамызда өткен акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі бойынша, №17 хаттама, Қазақстан Халық Банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғам атауына ауыстырылды. АҚ Алматы қаласы Әділет басқармасында 2003 жылғы 2 қыркүйекете қайта тіркелді.

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___58___

Сабақ тақырыбы Түрлі ұйымдастырушылық-құқықтық нысандағы кәсіпорындардың қаржылық ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ

Сот алдында жауап беретін және сотқа шағымдана алатын, өз атынан жеке мүліктік емес және мүліктік құқығын жүзеге асыра алатын, сол мүліктерді өз қалауынша қолма-қол тұрғыда басқара алатын немесе шаруашылықты жүргізуге меншік құқығы бар ұйымдарды заңды тұлғалар деп атайды.

Филиалдар бұл заңды тұлғалардың тұрған жерінен тыс жерде орналасқан және оеың барлық немесе кейбір қызмет түрлерін жүзеге асыратын дараланған бөлімшелері болып табылады, оның ішінде өкілдік мәртебесі де кіреді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес коммерциялық ұйымдар тек келесідей түрлері құрылуы мүмкін:

  1. шаруашылық серіктестер;

  2. акционерлік қоғамдар;

  3. өндірістік кооперативтер;

  4. мемлекеттік кәсіпорындар.