Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________

Бизнес жоспардың негізгі қаржылық көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

Осы жоспардың негізгі көрсеткіштері ретінде: өнім (тауарлар, қызметтер) өндірісінің көлемі; өнімді сатудан түскен табыстар сомасы мен деңгейі; өндіріс пен айналымның жалпы шығындарының сомасы мен деңгейі; негізгі салық төлемдерінің қойылымы мен сомасы; кәсіпорынның салық салынатын және таза табыс сомасы.

Сондай-ақ, ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығындалу жоспарын өңдеу кәсіпорынның қаржылық қызметін ағымдағы жоспарлаудың аса маңызды қадамы болып табылады. Осы жоспарды өңдеудің мақсаты – барлық жоспарланатын кезең ішінде кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сол себептен осы жоспардың көрсеткіштері жиі кезекте, тек тоқсан сайын ғана емес, ай сайынғы бөлу бойынша да есептелінеді.

Ақша қаражаттарының келуіп түсуі мен шығындалуының өңделінетін жоспары екі бөлімнен тұрады, олар әр тоқсан (а й) кескінінде өзара теңдестірілуі тиіс. «Ақша қаражаттарының түсуі» бөлімінде өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) сатудан, басқа мүлікті сатудан, мерзімі өтіп кеткен дебиторлық борышкерлікті алудан және өзге де көздерден ақша активтерін тарту жоспарланады. «Ақша қаражаттарын шығындау» бөлімінде ақша қаражаттарын шикізатты, материалдар мен тауарларды; құндылығы төмен және жылдам тозатын пәнденір сатып алуға; негізгі қорларды жалға алу және ұстау үшін және өзге мақсаттарда пайдалану қарастырылады. Төлемдердің мерзімі өтіп кеткені үшін жоғары қаржылық жауапкершілікті есепке ала отырып, жоспарлаған кезде ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығындалуының сәйкес келуін ғана емес, сонымен бірге, есептік шотта, басқа шоттарда және кәсіпорын кассасында еркін ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі белгілі бір қорлардың болуын да қарастыру керек.

Кәсіпорынның баланстық жоспары оның активтері мен пассивтері құрамының болжамын көрсетеді және ол кәсіпорындағы ағымдық қаржылық жоспарлаудың бір бөлігі болып табылады. Баланстық жоспарлауды өңдеу мақсаты – бөлек активтердің өсу мүмкіндігін анықтау және кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін оның капиталының оңтайлы қаржылық құрылымын қалыптастыру болып табылады.

Баланстық жоспарды өңдеу барысында кәсіпорын балансы бөлімдерінің ірілендірілген жобасы қолданылады, ол осы кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанының (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және т.б.) ерекшелігіне қатысты бухгалтерлік есептің талаптарын көрсетеді. Активтерді жоспарлаған кезде олардың айналмалы және айналымнан тыс түрлерінің ара қатынасы оңтайландырылады, ал айналмалылардың құрамында - өтімділік деңгейі бойынша олардың жеке топтары. Пассивтерді жоспарлаған кезде жеке және қарыз қаражаттарының ара қатынасы оңтайландырылады, ал қарыз қаражаттарының құрамында – қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелері.

Қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану жоспары кәсіпорынның ағымдағы қаржылық жоспарлауының бір бөлігі болып табылады, оны өңдеудің мақсаты – кәсіпорынның жоспарланатын кезең ішіндегі стратегиялық дамуын қамтамасыз ететін қаржы ресурстарын аккумуляциялау және мақсатты бағытталған шығындау болып табылады.

Өңделінетін жоспар өзара теңдестірілген екі бөлімнен тұрады. «Қаржы ресурстарының қалыптасу көздері» бөлімінде келесі көрсеткіштер бөлінеді: өңдірістік дамуға бағытталатын таза табыс сомасы; амортизациялық аударым сомасы; жеке қаржы ресурстарының қалыптасуының өзге көздері; тартылатын ұзақ мерзімді несиелер мен қары сомасы; тартылатын қысқа мерзімді кредиеттер мен қарыздар сомасы және өзгелері. «Қаржы ресурстарын пайдалану бағыттары» бөлімінде келесідей көрсеткіштері бөлінеді: айналымнан тыс активтерге капитал салымдары; айналым активтерінің өсуін қаржыландыру; материалдық емес активтерге салымдар; ұзақ мерзімді қаржы салымдарының өсуі және басқалары.

3. Қаржылық қызметті оперативті жоспарлау бюджеттер жүйесін өңдеуде қорытындылады. Бюджет қысқа мерзімді (1 жылға дейін) оперативті қаржылық жоспар болып табылады, ол қаржылық қызметтің бөлек аспектілері, жеке шаруашылық операциялар немесе инвестициялық жобалар бойынша қаражаттардың шығындалуы мен келіп түсуін көрсетеді.

Бюджетті өңдеу екі негізгі міндеттерді шешуге бағытталады:

1) шығындар көлемі мен құрылымын анықтау;

2) осы шығындарды әртүрлі көздерден қаржы ресурстарымен жабуды қамтамасыз ету.

Оперативтік қаржылық жоспарлау тәжірибесінде бюджеттердің екі түрі қолданылады:

- капиталды шығындар және қаражаттардың келіп түсу бюджеті;

- ағымдық ақша шығындары мен түсімдерінің бюджеті.

Капиталды шығындар және қаражаттардың келіп түсу бюджеті (қысқалық үшін — капиталды бюджет) — бұл жаңа құрылыспен, нысанды қайта соғумен және модернизациялаумен байланысты нақты инвестициялауды жүзеге асыру қадамында өңделінетін бюджет.

Ағымдық ақша шығындары мен түсімдерінің бюджеті (ағымдық бюджет) — бұл бөлек шаруашылық операциялар бойынша немесе жалпы алғанда, бөлек қысқа мерзімді кезеңдер кескінінде (негізгі шаруашылық қызмет бойынша түсімдер мен шығындар жоспарын нақтылау тәртібінде) кәсіпорынның шаруашылық қызметі бойынша өңделінетін бюджет.

Капитал бюджеті екі бөлімнен тұрады: капитал шығындары және қаражаттардың келіп түсуі. Капитал шығындары ұзақ мерзімді айналымнан тыс активтерін иемденуге жұмсалған шығындары болып табылады. Оларға, әдетте, құрылысқа енгізілген ғимараттар мен жайлардың бастапқы құнын жатқызады (немесе оларды соғу бойынша қадамдық шығындары); машиналар мен құрал-жабдықтардың жаңа түрлерінің құны; сатып алынатын материалдық емес активтердің құны (патенттердің, «ноу-хау» және басқалары) және т.б. Капитал бюджетін өңдеген кезде қаражаттардың келіп түсуі жеке көздер кескінінде ақша қаражаттарының (инвестициялық ресурстардың) жоспарланатын ағымынан тұрады.

Ағымдық бюджет сондай-ақ, екі бөлімнен тұрады: ағымдық шаруашылық қызметтен болатын ағымдық шығындар мен табыстардан. Ағымдық шығындар өндіріс немесе айналым шығындары болып табылады. Ағымдық шаруашылық қызметтер түсетін табыстар негізінен, өнімді (тауарларды, қызметтерді, жұмыстарды) сату есебінен қалыптасады.

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___57___

Сабақ тақврыбы Бизнес жоспардың негізгі қаржылық көрсеткіштерін есептеу әдістемесі

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: тәжерибелік сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ Осы жоспардың негізгі көрсеткіштері ретінде: өнім (тауарлар, қызметтер) өндірісінің көлемі; өнімді сатудан түскен табыстар сомасы мен деңгейі; өндіріс пен айналымның жалпы шығындарының сомасы мен деңгейі; негізгі салық төлемдерінің қойылымы мен сомасы; кәсіпорынның салық салынатын және таза табыс сомасы.

Сондай-ақ, ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығындалу жоспарын өңдеу кәсіпорынның қаржылық қызметін ағымдағы жоспарлаудың аса маңызды қадамы болып табылады. Осы жоспарды өңдеудің мақсаты – барлық жоспарланатын кезең ішінде кәсіпорынның тұрақты төлем қабілеттілігін қамтамасыз ету болып табылады. Сол себептен осы жоспардың көрсеткіштері жиі кезекте, тек тоқсан сайын ғана емес, ай сайынғы бөлу бойынша да есептелінеді.