Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________

Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық шығындар құнын анықтау

Кәсіпорынның нақты өнімінің белгіленген мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін экономикалық санатты – өнімнің өзіндік құны деп аталады.

Өзіндік құн былайша бөлінеді;

  1. Цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді

  2. Өндірістік, оған өнім шығарумен байланысты барлық шығынның жиынтығы кіреді

  3. Сауда, ол өнім өткізу жөніндегі шығынды біріктіреді.

  4. Толық, оған өнім өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын барлық шығын кіреді.

Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс процесінде тағайындалуы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі бойынша жіктеледі. Сондықтан өзіндік құн шығын баптары бойынша тікелей және жанама шығынға бөлініп есептелінеді.

Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты шығын анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады.

Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанам Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі.

Бірінші сатыда өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады.

Екінші кезеңде - жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік құнын алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы анықталады.

Алдағы кезеңнің шығысына ; жаңа өндірісті , құрылғыны, агрегатты игерумен байланысты шығыс, кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немесе жылдарда өнімнің өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады.

Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл ретте жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруіне нақтыланады. Аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі өзіндік құнды төмендетеді.

Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына өндірістен тыс шығыс – өнімді сатумен байланысты шығындар

жатады.

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___38___

Сабақ тақырыбы Өнімнің өзіндік құнына кіретін материалдық шығындар құнын анықтау

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: тәжерибелік сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Жаңа сабақ