Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________

Ұйымның өнімді өндіруге кеткен және сатуға кеткен шығындар құрамы және құрылымы.

Ұйым шаруашылық қызмет процесінде ақшамен бағалануы мүмкін ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.

Шығынды өтеу қарастырылады,, ал шығысты өтеуді қарастырмайды.

Шығын мен шығыс айқын – бухгалтерлік, ал күңгірт экономикалық деп аталады.

Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі.

  1. Негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын шығын, ол ұйымның меншікті қаражаты мен пайдасының есебінен жүзеге асырылады.

  2. Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын, ол өнімді, жұмысты,қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі.

  3. Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығын, ол кәсіпорынның меншікті қаражатынан немесе пайдадан өтеледі.

  4. Біржолғы шығыс

Шығын орнын толтыру көзі бойынша төмендегілердің есебінен қаржыландырылатындарға бөлінеді;

  1. Меншікті және сырттан тартылған көз

  2. Бюджеттің және бюджеттен тыс қордың қаражаты

  3. Қарыз ресурстары

Шығын қабылданатын шешіміне орай мына түрлерге бөлінеді;

Жүктелме (міндетті) және баламалы (ықтимал), өндірістік және сауда

Сонымен бірге шығыстар былай бөлінеді;

  1. шартты-тұрақты (өндірістің және өнім ,жұмыс, қызмет сатудың мөлшерінен дербес) және шартты ауыспалы(осы мөлшерге тәуелді).

  2. Тікелей (өнімге тікелей әдіспен бөлінетін) және жанама (жанама әдіспен бөлінетін)

  3. Ағымдағы және күрделі

  4. Негізгі және қосалқы

  5. Бір элементтік және кешенді

  6. Нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді.

Ұйымның барлық шығысы өзіндік құнға кіретін мынадай шығын элементтеріне бөлінеді.

  1. Материалдық шығын

  2. Еңбекақы төлеу шығыны

  3. Әлеуметтік қажетке аударылатын аударымның шығыны

  4. Амортизациялық аударым

  5. Өзге де шығындар.

Кәсіпорынның нақты өнімінің белгіленген мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін экономикалық санатты – өнімнің өзіндік құны деп аталады.

Өзіндік құн былайша бөлінеді;

  1. Цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді

  2. Өндірістік, оған өнім шығарумен байланысты барлық шығынның жиынтығы кіреді

  3. Сауда, ол өнім өткізу жөніндегі шығынды біріктіреді.

  4. Толық, оған өнім өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын барлық шығын кіреді.

Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс процесінде тағайындалуы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі бойынша жіктеледі. Сондықтан өзіндік құн шығын баптары бойынша тікелей және жанама шығынға бөлініп есептелінеді.

Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты шығын анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады.

Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанама енгізіледі.

Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі.

Бірінші сатыда өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады.

Екінші кезеңде - жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік құнын алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы анықталады.

Алдағы кезеңнің шығысына ; жаңа өндірісті , құрылғыны, агрегатты игерумен байланысты шығыс, кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немесе жылдарда өнімнің өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады.

Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл ретте жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруіне нақтыланады. Аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі өзіндік құнды төмендетеді.

Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына өндірістен тыс шығыс – өнімді сатумен байланысты шығындар

жатады.

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___37___

Сабақ тақырыбы Ұйымның өнімді өндіруге кеткен және сатуға кеткен шығындар құрамы және құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Жаңа тақырып Ұйым шаруашылық қызмет процесінде ақшамен бағалануы мүмкін ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.

Шығынды өтеу қарастырылады,, ал шығысты өтеуді қарастырмайды.

Шығын мен шығыс айқын – бухгалтерлік, ал күңгірт экономикалық деп аталады.

Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі.

  1. Негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын шығын, ол ұйымның меншікті қаражаты мен пайдасының есебінен жүзеге асырылады.

  2. Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын, ол өнімді, жұмысты,қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі.

  3. Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығын, ол кәсіпорынның меншікті қаражатынан немесе пайдадан өтеледі.

  4. Біржолғы шығыс