Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________ 2010ж.

(қолы) мерзімі күні

Ұйымның айналым қорлары және олардың ақшалай түрі, айналым құралдары.

Өндіріс үрдісінде негізгі және айналым капиталы бір-бірімен тығыз байланысты. Негізгі қорды тиімді пайдалану айналым қаржыларын ұтымды пайдалануына ықпалын тигізеді, және де керісінше.

Айналым қаржылары бұл ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын жаңа өнімге толық көшірілетін бөлігі. Әдетте айналым құралы өзінің заттай түрін өзгертіп , өндіріс үрдісі аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

Өнеркәсәпте айналым қаржылары негізгі екі топқа - айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді.

Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып , еңбек бұйымын заттай түрде құрайды; оған шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат,аяқталып бітпеген өндіріс, алағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар,жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және т.б. Айналым қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшалай көрсеткіште сипатталады. Айналым қорларының құрамына дайын өнім,жөнелтілген бірақ әлі ақысы төленбеген тауарлар , банк есепшоттардағы және кассадағы ақша қаражаттары жатады.

Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне айысып отырады.

Айналам құралы мөлшерлік деңгейде мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.

Мөлшерленетін айналы құралына өндіріс запастарын құрайтын шикізат, материалдар,ыдыс, аяқталмаған өндіріс алдағы мерзімде жұмсалатын шығындар және т.б. жатады.

Өндірісте әліде болса өңдеуден өтпеген еңбек бұйымдарын шикізаттар деп айтамыз. Шикізат, материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгі материалға жаңа өнім құрамындағы басты затты сипаттайтын материалды жатқызамыз. Ал көмекші материалдарға жаңа өнімге керекті немесе техниканың жұмысы дұрыс атқарылуын қамтамасыз ететін заттарды жатқызамыз.

Аяқталмаған өндіріс – бұл еңбек бұйымы, өндіріс цехтарында дайындықта жатқан бұйымдар мен бөлшектер.

Айналым құралын мөлшерлеуде табиғи және ақшалай түрдегі көрсеткіштер қолданылады.

Ұйымдарда барлық материалдық ресурстарды пайдалану деңгейін анықтауға арналған жинақтаушы маңызды көрсеткіш – материал сиымдылығы (Мс) және оның кері көрсеткіші – өнімнің материал қайтарымдылығын (Мқ) көрсетеді.

Материал сиымдылығы және өнімнің материал қайтарымдылығы тауарлы өнім (Тө) көлеміне есептегенде төменгі формуламен анықталады.

Мш Тө

Мс = ---------------- М қ = -----------

Тө Мш

Сатылған өнім көлеміне (Сө) есептегенде

Мш Сө

Мс = ---------------- М қ = -----------

Сө Мш

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___30_____

Сабақ тақырыбы Ұйымның айналым қорлары және олардың ақшалай түрі, айналым құралдары.

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: дәріс

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Жаңа тақырып Өнеркәсәпте айналым қаржылары негізгі екі топқа - айналым құралы және айналым қорлары болып бөлінеді.

Айналым өндіріс қоры өндіріс шеңберінде болып , еңбек бұйымын заттай түрде құрайды; оған шикізат, негізгі және көмекші материалдар, отын және электроқуат,аяқталып бітпеген өндіріс, алағы мерзімде жұмсалатын шығын, құнсыз және тез тозатын бұйымдар,жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер және т.б. Айналым қорын есепке алғанда және жоспарлағанда табиғи және ақшалай көрсеткіште сипатталады. Айналым қорларының құрамына дайын өнім,жөнелтілген бірақ әлі ақысы төленбеген тауарлар , банк есепшоттардағы және кассадағы ақша қаражаттары жатады.

Айналым құралдары өндіріс саласында қызмет атқаруында үнемі айналымда болып, өндіріс шеңберінен айналым шеңберіне айысып отырады.