Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

3)Кумулятивті әдіс.

Кумулятивті әдіс- латын тілінен аударғанда өсу, жиналу деген мағынаны білдіреді.

Кумулятивті әдіс деп айтылуының себебі осы әдіс бойынша негізгі құралдарға амортизациялық аударым сомасын есептейтін формуланың алымы негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің қалған жылдар санына тең болып, ал бөлімі ол активтің пайдаланатын барлық жылдар мерзімі сандарының қосындысына тең болуына байанысты. Бұл формула мына түрде жазылады:

А А = Қалған жылдар саны * (бастапқы құн – қалдық құн)

Пайдаланатын жыл

сандарының қосындысы

Станоктың пайдалану мерзімі 5 (бес) жыл деп алсақ, онда станоктың пайдаланатын жыл сандарының қосындысы 15-ке (он бес) тең, яғни (1+2+3+4+5). Бұл 15 саны кумулятивтік сан. Әр жыл үшін есептік көрсеркіш коэффициенті өзгеріп отырады, яғни

бірінші жылы 5/15

екінші жылы 4/15

үшінші жылы 3/15

төртінші жылы 2/15

бесінші жылы 1/15 –ге тең болады.

Станоктың бастапқы құны 2 000 000 (екі миллион) теңге, қалдық құны 200 000 (екі жүз) теңге болған жағдайда оның амортизацияланатын аударым мөлшері 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңгені құрайды (2 000 000 - 200 000). Ал жылдық амортизациялық аударым мөлшері былайша анықталады:

    1. жыл АА = 5/15 * (2 000 000 – 200 000) = 600 000

    2. жыл АА = 4/15 * (2 000 000 – 200 000) = 480 000

    3. жыл АА = 3/15 * (2 000 000 – 200 000) = 360 000

    4. жыл АА = 2/15 * (2 000 000 – 200 000) = 240 000

    5. жыл АА = 1/15 * (2 000 000 – 200 000) = 120 000

Сандардың қосындысын, яғни кумулятивтік санын неғұрлым жылдам анықтап табу үшін мына формула қолданылады:

мұндағы,

S – сандардың қосындысы;

N – негізгі құралдардың пайдалану мерзімі (жыл).

Біздің мысалымыз бойынша

егер негізгі құралдардың пайдалану мерзімі 10 жыл болатын болса, кумулятивтік сан 55-ке тең болады.

Кумулятивтік әдісімен негізгі құралдарға амортизациялық аударым есептеу кестесі

Мерзімі

Бастапқы құны

Амортизацияның

жылдық сомасы

Жинақталған

тозу сомасы

Қалдық құны

Айға есептелген амортизация сомасы

Сатып алынған кездегі

1-ші ж/аяғында

2-ші ж/аяғында

3-ші ж/аяғында

4-ші ж/аяғында

5-ші ж/аяғында

2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000

2 000 000

----------------

5/15*1 800 000 = 600 000

4/15*1 800 000 = 480 000

3/15*1 800 000 = 360 000

2/15*1 800 000 = 240 000

1/15*1 800 000 = 120 000

------------

600 000

1 080 000

1 440 000

1 680 000

1 800 000

2 000 000

1 400 000

920 000

560 000

320 000

200 000

-----------

50 000

40 000

30 000

20 000

10 000

Дт7210 Кт2420 50 000