Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

5. Қаржылық тұрақтылықтың қорытындыланған коэффициенті

СК- қарыз алушының баланс б/ша меншікті капиталы

ДО - қарыз алушының баланс б/ша ұзақ мерзімді міндеттемесі

Осы параметр баланстың ең тұрақты көздің есебінен орны толтыратын активтің бөлігін білдіреді. Коэффициенттің ұсынатын мағынасы 70-80%.

6. Капиталдандыру коэффициенті

7. Борыштық және сату мөлшерінің арақатынасының коэффициенті:

Жиынтық міндеттеме құрамына: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қарыз қаражаты кіреді.

Ұйымды несиелендіру нысандары

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын , халықтың жинақ ақшаларын сақтандыру , делдалдық , инвестициялық және сенімділік операцияларды орындайды.

Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрі субьектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.

Несиелік қатынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субьектілері үшін де , несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру – несие беруді білдіреді.

Несиелік қатынастардың, несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадығы несие жүйесі түсінігін құрайды.

Тар мағынадағы несие жүйесі – бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелернің желісі.

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің негізгі екі формасы – коммерциялық және банктік несие болады.

Коммерциялық несие бұл тауар өндірушінің басқа иауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып оны қарызға беруі. Әдетте комм-қ несиеде аудары векселі толтырылады.

Коммерциялық несиені қолдануда шектеулер бар, олар

  1. Бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен шектеледі,

  2. Бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып , коммерциялық несиенің көлемі қысқарады.

  3. Бұл несие бір бағытта қозғалады.

Банктік несие - бұл банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп , ақша түрінде берілетін несие.

Коммерциялық несие мен банктік несие арасында брнеше айырмашылықтары бар;

  1. Коммерциялық несие тауар түрінде берілсе ақша түрінде беріледі.

  2. Олар бір бірінен субьектілері , яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де қарыздар ретінде де кәсіпкер, ал банктік несиеде несие беруші – банк, ал қарыз алушы – кәсіпкер.

  3. Коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен жойылады,себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарынан уақытша бос ақшасын шоғырландырып, оны капиталға айналдырады.

  4. Бұл несиенің динамикасы да біркелкі емес, коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады.

Несиенің екі формасының да жағдайларына байланысты

Бірнеше түрге бөлінеді; тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, ипотекалық, халықаралық және т.б.

Тұтыну несиесі – ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату. Несие алушы – халық, ал несие беруші әр түрлі өндіріс орындары, банктер болуы мүмкін.

Лизинг несиесі – ол тауар түрінде берілетін несие. Лизинг деп маманданған қаржы

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___16_____

Сабақ тақырыбы Ұйымды несиелендіру нысандары

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәріс

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Жаңа тақырып Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындар, ұйымдар мен халықтың ақшалай есеп айырысулары мен төлемдерінің едәуір көлемі жүргізіледі, сондай ақ ол уақытша еркін ақша құралдарын , халықтың жинақ ақшаларын сақтандыру , делдалдық , инвестициялық және сенімділік операцияларды орындайды.

Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрі субьектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.