Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

IV. Жаңа сабақты бекіту: Сұрақтар қою арқылы

Үй тапсырмасы: Дәрісті оқу

Білімді бағалау: Белсенді студенттерді бағалау

VII. Сабақты қорыту: тест беру арқылы

Мұғалімнің аты жөні __Сейтқадырова А.С._________ 2010ж.

(қолы) мерзімі күн

Ақшалай және қолма қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру

Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шар-қ субьектілері өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:

  1. Шот ашуға арналған өтініш

  2. Қойылатын қол мен мөртаңба белгісінің үлігісі бар карточка

  3. Субьектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы (қосымша 6 )

  4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі (қосымша 4 )

  5. Жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі ( қосымша 16)

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субьектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегіне осы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды.

Есеп айырысу шотын жабу оның иесінің өтініші бойынша:

А) есеп айырысу шотын ашу үшін тіпті болмағанда бір ғана бөлігінің болмауына (дербес бланстың бар болуы және т.б) әкеп соқтырған субьект қызметі сипатының өзгерісі кезінде

Ә) субьектіні құрған органның шешімі бойынша

Б) 3 ай бойы шотта қозғалыс болмаған кезде жүргізіледі.

Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ суббектіңн атауы өзгерген жағдайд шоттың иесі чек кітапшасын пайдаланылмаған чектерімен қоса банкке қайтаруға, олардың нөмірін көрсетуге және есеп айырысу шотындағы құжаттардың қалдығын растауға міндетті.

Есеп айырысу операцияларының есебі

ҚР-а қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі нысандары ұсынылады: төлем-тапсырмасы, чек, аккредитив, төлем-талап тапсырмасы, вексель, инкассалық өкім.

Төлем-тапсырмасымен есеп айырысу дегеніміз ақша берушінің тапсырмада көрсетілген соманы бейнефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. АҚ «Халық Банкінің Зейнетақы қорының» төлем тапсырмасы келесі 27 қосымшада көрсетілген.

Бейнефециар – аудару жасалған кезде ақша қаражатты алушы .

Төлем тапсырмалары:

1. Мерзімді

2. Мерзімінен бұрын (алдын-ала төлем)

3. Кейінге қалдырылыған болып келеді.

Чектермен есеп айырысу . Чек берудің төлемдерді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады.

Есеп айырысудың бұл нысаны бойынша шоттың иесі (чек беруші) өзінің шотынан сатып алушының (чек ұстаушы) шотына қаражаттың белігілі бір сомасын аудару жөнінде өзіне қызмет көрсететін банкке чек түрінде жазбаша тапсырма береді.

Чек кітапшасын ашу үшін банкке өтініш беріледі

Т.Рысқұлов атындығы Қазақ Экономикалық Университетінің Экономикалық колледжі

КҮНДЕЛІКТІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Күні________ пәні Ұйым қаржысы тобы Қаржы-01-04 Сабақ реті___13_____

Сабақ тақырыбы Ақшалай және қолма қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты: Тақырып бойынша талдау

Білімділік: Ұйым қаржысынан білімділікті арттыру

Дамытушылық: Студенттердің білім деңгейін дамыту

Тәрбиелік: Білімді тұлға тәрбиелеу

Сабақтың типі: Дәріс

Сабақтың әдісі Жаңа сабақты меңгеру әдісі

Сабақтың жабдықталуы, көрнектілі : Заңдар ж\е норматив актілері, заңдар, кестелер.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі : Амандасу, журнал толтыру, студенттерді түгендеу.

Үй тапсырмасын тексеру : сұрақтар қою арқылы.

Уақытша бос ақшаларды сақтау және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүргізу үшін шар-қ субьектілері өзі таңдаған банкте есеп айырысу шотын ашады.

Есеп айырысу шоты мынадай құжаттардың негізінде ашылады:

  1. Шот ашуға арналған өтініш

  2. Қойылатын қол мен мөртаңба белгісінің үлігісі бар карточка

  3. Субьектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы

  4. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі

  5. Жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі