Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

44. Ұйымның жалпы табысы және оның жіктелуі

45. Кіріс пен шығыс туралы есепке кіретін көрсеткіштер

Нарықтың қатынас жағдайында кез келген кәсіпорын негізгі (операциялық), негізгі емес (қаржылық және инвестициялық) және төтенше қызмет түрлерінен кіріс алуы мүмкін

Операциялық қызмет – заңды тұлғаның кіріс алатын негізгі қызметі және инвестициялық және қаржы қызметіне жатпайтын өзгеде қызметі. Аталмыш кәсіпорын осы қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылады.

Инвестициялық қызмет – ұзақ мерзімді актив сатып алу және сату , сондай ақ өтелетін қарыз беру және алу жөніндегі қызмет.

Қаржы қызметі – заңды тұлғаның нәтижесінде меншікті капиталдың және қарыз қаражаттың мөлшері мен құрамы өзгеретін қызметі

Кәсіпорынның өндірістік, өткізу, жабдықтау, қаржы және инвестициялық қызметтің түрлі қырлары қаржы нәтижелері көрсеткіштері жүйесінде аяқталып ақшалай бағаланады. Кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесінің қортындыланған ең маңызды көрсеткіштері «кіріс пен шығыс жөніндегі есеп» деген жылдық және тоқсандық есеп –қисап нысанында келтірілген.

Есеп ҚР ҚМ Бухгалтерлік есеп және есеп беру әдістемесі департаментінің 1997 жылғы 21 мамырдағы №7 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есеп қисапты жасау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жасалады.

Меншік нысанына қарамастан барлық кәсіпорынға арналған , кірісті қалыптастыруға негізделген , сондай ақ нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның шаруашылық механизімінің біріңғай моделі кәсіпорын қызметінің қаржы нәтижесін экономикалық талдаудың теориялық базасы болып табылады

Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізу моделінде бірқатар есеп бар. Кіріс пен шығыс туралы есепке келесі көрсеткіштер кіреді

    1. Даяр өнімді сатудан алынатын кіріс. Осы бап бойынша негізгі қызметтен алынған кіріс көрсетіледі

    2. Жалпы кіріс – өнімді сатудан алынған кіріс пен оның өзіндік құны арасындағыайырма ретінде анықталады

    3. Негізгі қызметтен алынған кіріс - деген сальдоланған қаржы нәтижесі және жалпы кіріс пен кезең шығыны арасындағы айырма ретінде анықталады.

    4. Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс - бұл айналымдағы емес активті беру, биржада айналыстағы бағалы қағазды қайта бағалау және т.б.

    5. Төтенше жағдайдан алынатын кіріс

    6. Таза кіріс – есепті кезеңде алған сальдоланған нәтижені білдіреді.

46. Өнімді сатудан алатын түсімді жоспарлау

47. Бухгалтерлік есептегі даяр өнімді бағалау түрлері

48. Негізгі қызметті сатудан алынған кіріс түрлері

49. Негізгі емес қызметтен алынған кіріске кіретіндер

Даяр өнім – негізгі және қосалқы цехтардың сатуға арналған өнімі. Даяр өнімнің өндірісі аяқталуы, жинап-толықтырылуы, сонымен бірге ол стандартқа немесе техникалық шартқа сәйкес келуі тиіс.

Даяр өнімге бөгде тарап үшін орындалған өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс пен қызмет, сондай-ақ меншік өндірістің сатуға арналған жартылай фабрикатының құны жатады. Өнім өндірісі мен оны сату жоспарын орындау субьектінің қызметін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып табылады.

Жинақтамалы есепте даяр өнім нақты өзіндік құн, талдамалы есепте – жоспарлы өзіндік құн немесе шартты баға болуы мүмкін тұрлаулы баға бойынша бағаланады. Өнімнің нақты және жоспарлы өзіндік құны немесе келісімді баға мен нақты өзіндік құн арасындағы айырма жеке есептелінеді.

Бухгалтерлік есепте даяр өнімді бағалаудың келесі түрі қолданылады.

    1. Өндірістік өзіндік құн, оған даяр өнім өндіруге жұмсалатын барлық өндірістік шығын кіреді

    2. Толық өзіндік құн, оған өндірістік өзіндік құн және коммерциялық шығыс кіреді.

    3. Кәсіпорынның шартты бағасы бойынша

    4. Бөлшек сауда бағасы - кең салалы нарыққа түсетін және негізінен бөлшек сауда желісі мен өоғамдық тамақтандыру кәсіпорны арқылы сатылатын адамның жеке басы тұтынатын тауардың бағасы бойынша.

Кіріс бухгалтерлік есептің № 5 «кіріс» стандартына сәйкес саналады. Субьектінің негізгі және негізгі емес қызметінен алынған кіріс оның жиынтық кірісін құрайды.

Сатып алынған даяр өнім мен тауар сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс тараптар арасындағы шартта көзделген сату құны бойынша анықталады.

Сату құны деп сатып алушы актив үшін төлейтін немесе мәмілеге осы актив дайын дербес тараптар арасында айырбасталатын құн түсініледі.

Қызмет көрсету жөніндегі мәміленің нәтижесін дәл бағалау мүмкін болмаған жағдайда, кіріс өтелетін шығыс мөлшерінде ғана танылады.

Негізгі қызметтен алынатын кірістің есебін жүргізу «негізгі қызметтен алынған кіріс» деп аталатын бөлім шоттарында ұйымдастырылады. Осы топқа кірістің мына түрлері кіреді;

    1. Өнім сатудан , орындалған жұмыс пен тарапқа көрсетілген қызметті сатудан алынған кіріс .

    2. Сатып алынған тауарды сатудан алынған кіріс

    3. Құрылыс –монтаж, жобалау-іздестіру, геологиялық барлау,ғылыми іздестіру және т.б жұмысты сатудан алынған кіріс

    4. Жүкті және жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызметтен алынған кіріс

    5. Мүлікті жалға беруден алынған кіріс

    6. Байланыс кәсіпорынның қызметінен алынған кіріс

    7. Сақтандыру компаниясының қызметінен алынған кіріс

    8. Негізгі қызметтен алынған өзге кіріс

Негізгі емес қызметтен алынған кіріске мыналар кіреді;

    1. Материалдық емес активті сатудан алынған кіріс

    2. Негізгі құралды сатудан алынған кіріс

    3. Бағалы қағазды сатудан алынған кіріс

    4. Акциялар бойынша дивидент мен пайыз түріндегі кіріс

    5. Бағамдағы айырмадан алынған кіріс

    6. Атқарушы билік органының субсидиясы

    7. Негізгі емес қызметтен алынған өзге кірістер.

Төтенше жағдайдан және тоқтатылған операциядан алынған кіріс құрамына мыналар кіреді;

    1. Табиғи апаттан алынған кіріс

    2. Табиғи апаттың өтелмейтін залалы

    3. Тоқтатылған операциялардан алынған кіріс

    4. Төтенше жағдайдан алынған кіріс

50. Пайдалылық көрсеткіштер жүйесі, оны анықтау әдістері мен арттыру жолдары

51. Өнім пайдалылығының көрсеткіші

52. Капитал пайдалылығының көрсеткіші

53. Қолма-қол ақшалай қаражат ағынының негізінде есептелген көрсеткіш

Пайдалылық көрсеткіштері – ол кәсіпорын қаржысының нәтижесін және оның қызметінің тиімділігінің салыстырмалы көрсеткіші болып табылады. Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның табыстылығын түрлі тұрғыдан өлшейді және экономикалық процеске, нарықтық алмасуға қатысушысының мүддесіне сәйкес топтастырылады.

Пайдалылық көрсеткіші кәсіпорын пайда қалыптастыратын факторлық ортаның маңызды сипаттамасы ретінде болады. Сол себептен ол кәсіпорын қаржысының жай күйін салыстырып талдайтын және бағалайтын міндетті элемент ретінде саналады. Өндірісті талдауда пайдалылық көрсеткіші инвестициялық саясат пен баға белгілеу құралы ретінде пайдаланылады.

Пайдалылықтың негізгі көрсеткіштерін төмендегідей топтастыруға болады;

  1. Өнім пайдалылығының көрсеткіші

  2. Капитал (актив) пайдалылығының көрсеткіші

  3. Қолма-қол ақшалай қаражат ағынының негізінде есептелген көрсеткіш.

Көрсеткіштің бірінші тобы кәсіпорынның есеп – қисабының көрсетілетін пайда (кіріс) көрсеткішінің пайдалылық деңгейін есептеу негізінде қалыптастырады

Мысалы;

R = Негізгі қызметтен алынатын кіріс

Сату мөлшері

R = Қалыпты қызметтен алынған кіріс

Сату мөлшері

R = Қалыпты қызмет-н салық салынғанға дейін ал-н кіріс

Сату мөлшері

R = Қалыпты қызмет-н салық салынғанған кейін ал-н кіріс

Сату мөлшері

R = Таза кіріс

Сату мөлшері

Осы көрсеткіш базистік() және есепті() өнімінің кезеңнің өнімінің пайдалылығын сипаттайды. Мысалы, өнімнің пайда мен сату жөніндегі пайдалылығы;

Rб = Rо = немесе Rб =Nб - Cб

Nб Nо Nб

Rо =Nо – Cо R =Rо-Rб мұнда Rо, Rб – есепті және базисті

Nо кезеңде сатудан алынған тиісінше пайда

Nо, Nб- өнімді сату

Cо, Cб – өнімнің өзіндік құны

R – пайдалылықтың талданатын кезеңде өзгеруі

Пайдалылық көрсеткіштерінің екінші тобы авансыланған қаражат мөлшері мен сипатының өзгеруіне байланысты пайдалылықтың барлық деңгейін есептеу негізінде қарастырылады; Кәсіпорынның барлық активі; инвестициялық капитал; акционерлік капитал. Мысалы

R = Таза кіріс

Барлық актив

R = Таза кіріс

Инвестициялық капитал

R = Таза кіріс

Акционерлік капитал

R = Таза кіріс

Меншікті капитал

Осы көрсеткіш бойынша пайдалылық деңгейінің үйлеспеуі кәсіпорынның қаржы тұтқасын ұзақ мерзімді несие мен басқа да қарыз қаражаттың табыстылығын арттыру үшін қалай пайдаланатынын көрсетеді.

Аталмыш көрсеткіш өте қолайлы және қатысушылардың мүдделеріне жауап береді.

Атап өтілген көрсеткіштің қайсысы болмасын фактордан тәуелдігіне орай оңай модельденеді. Анық тәуелділікті қарастырғанда

R = Таза кіріс = Таза кіріс * Сату мөлшері

Барлық актив сату мөлшері Барлық актив

Бұл формула пайдалылықты арттыру жолын тікелей көрсетеді, яғни сатудық табыстылығы төмен болған жағдайда өндірістік актив айналымын жылдамдатуға тырысу қажеттілігін көрсетеді.

Пайдалылық көрсеткішінің үшінші тобы бірінші және екінші топқа жататын көрсеткіш сияқты пайдалылық деңгейін есептеу негізінде қалыптастырылады, алайда таза кірістің орнына есепте ақшалай қаражаттың таза түсімі пайдаланылады, мысалы;

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Сату мөлшері

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Барлық актив

R = Ақша қаражатының таза түсімі

Меншікті актив

Аталмыш көрсеткіш кәсіпорынның қолында бар өндірістік әлеуетін пайдаланып кредиторларды, қарыз алушылар мен акционерлерді қолма-қол ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету мүмкіндік дәрежесін білдіреді.

Пайдалылық көрсеткіш санының көп болуына байланысты оларды арттырудың балама жолдары іздестіріледі. Әрбір бастапқы көрсеткіш түрлі дәрежеде егжей-тегжейленіп факторлар жүйесіне айналады, ал өндіріс резерві осы жүйенің шектерінде анықталып бағаланады.

Пайдалылықты арттыру жолдарын талдау кезінде сыртқы және ішкі факторлардың ықпалын бөлудің маңызы зор.

Өнім мен ресурс бағасы, тұтынылатын ресурс мөлшері мен өнім өндірісінің көлемі, сатудан алынған пайда мен сатудың пайдалылығы сияқты көрсеткіштер өзара тығыз функционалдық байланыста.

293