Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

41. Шығынды жоспарлаудың негізгі сатылары

Жоспарлау – ағымдағы шығынды басқарудың негізгі әдісі болып табылады. Жоспарлауда алдағы кезең шығынын және оның мөлшерінің орынды құрылымын белгілеу басты мақсат ретінде қойылады. Ағымдағы шығынды жоспарлаудың негізгі нысаны бюджеттендіру болып табылады. Жоспарлы бюджет жалпы ұйым бойынша, жекелеген бөлімшелер мен жауапкершілік орталықтарына бөлініп жасалады. Шығын бюджеті ағымдағы қызметтің кіріс және шығыс жоспарына енгізіледі.

Пайдалану шығынын жоспарлау дың негізгі сатылары;

  1. Есепті кезеңнің шығынын талдау

  2. Жоспарлау үшін қажетті бастапқы база дайындау

  3. Шығынның мөлшері мен құрылымына ықпал ететін факторлардың өзгеру болжамы

  4. Бұйым түрлеріне жоспарлы калькуляция жасау

  5. Жауапкершілік орталықтарының жоспарлы бюджетін әзірлеу

  6. Жалпы кәсіпорын бойынша жиынтық жоспар әзірлеу жатады

42. Артық шығын құрамына кіретін шығындар, тұрақты және ауыспалы шығындар

Операциялық талдау процесінде өндірістік циклдың қалыпты барысында қарастырылмаған артық шығынның пайда болу себебіне ерекше назар аударылады. Артық шығын құрамына мына шығын кіреді.

    1. Шикізаттың , материалдың және энергия ресурсының нормативтен тыс шығыны.

    2. Еңбекақы төленетін қаражаттың артық шығыны.

    3. Материалдық құндылықтың артық запасын ұстауға жұмсалған шығын

    4. Амортизациялық саясаттың өзгеруі

    5. Салық салу ставкасының және бюджеттен тыс қорға төленетін жарна тарифінің деңгейі.

    6. Сатып алынатын материалдық ресурстың, қуат көзінің баға деңгейінің және көлік тасымалы тарифінің өзгеруі

    7. Ағымдағы шығынның мөлшеріне айтарлықтай ықпал ететін өзге факторлар.

Өзіндік құнды басқару жүйесі немесе кәсіпорынды басқару жүйесі деп те аталатын тікелей шығынның есебін жүргізудің «директ-костинг» жүйесі пайданы оңтайландыру мен шығынды талдаудың теориялық базасы болып табылады.

Осы жүйеде өндіріс мөлшерінің өзгеруіне орай өндіріске жұмсалатын шығын ауыспалы және тұрақты шығынға бөлінеді.

Өндіріс мөлшері өзгерсе мөлшері өзгеретін шығын ауыспалы деп аталады, оған шикізат пен материалға жұмсалатын шығын, негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық мақсатқа жұмсалатын отын мен энергия және басқа да шығын жатады. Осы ауыспалы шығын үйлесімді, үдемелі және азаймалы шығынға бөлінеді.

Тұрақты шығынға өндіріс мөлшері өзгермейтін шығын – мысалы жалгерлік ақы, несие пайдалану пайызы, негізгі қорға есептелген амортизация, кәсіпорын фирма басшылары еңбекақысының кейбір түрлері және басқа да шығын жатқызылады.

43. Өнім мөлшерінің өзгеруіне шығынның әсерлену дәрежесі

Шығынның көптеген түрлері жартылай ауыспалы сипатта болғандықтан , шығын тұрақтыға және ауыспалыға шартты түрде бөлінетінін атап өту қажет.

Өнім мөлшерінің өзгеруіне шығынның әсерлену дәрежесін шығынның әсерлену коэффициентінің көмегімен бағалауға болады. Аталмыш коэффициент келесі формула бойынша есептеледі.

Z

К = ____ мұнда

N

K – өндіріс көлемінің өзгеруіне шығынның әсерлену коэффициенті

Z - шығынның кезең ішіндегі өзгеруі

N – өндіріс көлемінің өзгеруі.

Тұрақты және ауыспалы шығынның өнім өндірісі мөлшеріне байланысты әсерленуі

Шығынның әсерлену коэффициентінің мағынасы

Шығынның сипаты

К=0

Тұрақты

0>K<1

Азаймалы ауыспалы

K = 1

Үйлесімді ауыспалы

K>1

Үдемелі ауыспалы

Өзіндік құнды төмендетуді және кәсіпорынның пайдасын арттыруды қамтамасыз ету үшін азаймалы шығыстың төмендеу қарқыны үдемелі және үйлесімді шығынның өсу қарқынынан асуы тиіс.

Тұрақты шығын пайдалы шығынның және өндірістік процесте пайдаланылмайтын пайдасыз шығынның сомасын білдіреді.

Zc = Zпайдалы+Zпайдасыз

Пайдалы және пайдасыз шығынның мөлшерін өндірілетін өнімнің барынша жоғары ( Nmax) және нақты мөлшері( Nтиім) жөнінде деректерді пайдаланып есептеуге болады.

Zc

Zпайдасыз=( Nmax- Nтиім)* ----------

Nmax

Zc

Zпайдалы = Nтиім* ----------

Nmax