Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

38. Айналым фазалары және әрбір фазадағы қаржылар рөлі

Айналым капиталы – ұйым капиталының өзінің ағымдағы активтеріне салынған бөлігі.

Айналым қаражаты өзіне тән ерекшелікпен жоғары жылдамдықпен айналады. Өндіріс процесіндегі айналым қаражатының атқаратын функционалдық рөлі негізгі капиталдың рөлінен ерекшеленеді. Айналым қаражаты өндіріс процессінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.

Айналым капиталының мүліктік элементтері әрбір өндірістік циклде тұтынылады. Ол өнімнің құнына толықтай енгізіледі.

Капиталдың ауыспалы айналымы дайындау (сатып алу), өндірістік және өткізу деген үш кезеңді қамтиды.

Кез келген бизнесті бастау үшін қолма қол ақшаның біраз сомасы қажет, осы сома өндіріске арналған (немесе сатуға арналған тауар) белгіленген ресурстың мөлшеріне айналады.

Айналым капиталы сатып алу нәтижесінде ақшалай нысаннан өндірістік нысанға өтеді. Өндіріс кезеңінде ресурс тауарға, жұмысқа немесе қызметке айналады. Осы сатының нәтижесінде айналым капиталы өндірістік нысаннан тауарлық нысанға өтеді.

Ақшалай қаражаттың айналым кезеңін кәсіпорын балансындағы ақпарат пен кіріс және шығыс жөніндегі есептегі ақпарат бойынша есептеуге болады. Бұл үшін келесі көрсеткіштер есептеледі

  1. Шикізат пен материал запасының айналымдылығы

  2. Кредиторлық берешектің айналымдылығы

  3. Даяр өнім запасының айналымдылығы

  4. Дебиторлық берешектің айналымдылығы

  5. Ақшалай қаражаттың айналым кезеңі

Айналым капталының элементтері өндіріс саласынан айналым аясына үздіксіз өтіп, өндіріске қайтадан оралады. Айналым капиталының бөлігі өндіріс саласында, ал басқа бөлігі – айналыс саласында үнемі болады. Сондықтан кәсіпорынның айналым капиталының құрамы мен мөлшері өндіріс қажеттілігімен ғана емес, айналыс қажеттілігімен де байланысты.

39. Ұйымның өнімді өндіруге және сатуға кеткен шығындары

40. Өнімнің өзіндік құны

Ұйым шаруашылық қызмет процесінде ақшамен бағалануы мүмкін ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.

Шығынды өтеу қарастырылады,, ал шығысты өтеуді қарастырмайды.

Шығын мен шығыс айқын – бухгалтерлік, ал күңгірт экономикалық деп аталады.

Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі.

  1. Негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын шығын, ол ұйымның меншікті қаражаты мен пайдасының есебінен жүзеге асырылады.

  2. Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын, ол өнімді, жұмысты,қызметті сатудан түсетін түсіммен өтеледі.

  3. Әлеуметтік-мәдени бағдарламаларға жұмсалатын шығын, ол кәсіпорынның меншікті қаражатынан немесе пайдадан өтеледі.

  4. Біржолғы шығыс

Шығын орнын толтыру көзі бойынша төмендегілердің есебінен қаржыландырылатындарға бөлінеді;

  1. Меншікті және сырттан тартылған көз

  2. Бюджеттің және бюджеттен тыс қордың қаражаты

  3. Қарыз ресурстары

Шығын қабылданатын шешіміне орай мына түрлерге бөлінеді;

Жүктелме (міндетті) және баламалы (ықтимал), өндірістік және сауда

Сонымен бірге шығыстар былай бөлінеді;

  1. шартты-тұрақты (өндірістің және өнім ,жұмыс, қызмет сатудың мөлшерінен дербес) және шартты ауыспалы(осы мөлшерге тәуелді).

  2. Тікелей (өнімге тікелей әдіспен бөлінетін) және жанама (жанама әдіспен бөлінетін)

  3. Ағымдағы және күрделі

  4. Негізгі және қосалқы

  5. Бір элементтік және кешенді

  6. Нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді.

Ұйымның барлық шығысы өзіндік құнға кіретін мынадай шығын элементтеріне бөлінеді.

  1. Материалдық шығын

  2. Еңбекақы төлеу шығыны

  3. Әлеуметтік қажетке аударылатын аударымның шығыны

  4. Амортизациялық аударым

  5. Өзге де шығындар.

Кәсіпорынның нақты өнімінің белгіленген мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін экономикалық санатты – өнімнің өзіндік құны деп аталады.

Өзіндік құн былайша бөлінеді;

  1. Цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді

  2. Өндірістік, оған өнім шығарумен байланысты барлық шығынның жиынтығы кіреді

  3. Сауда, ол өнім өткізу жөніндегі шығынды біріктіреді.

  4. Толық, оған өнім өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын барлық шығын кіреді.

Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс процесінде тағайындалуы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі бойынша жіктеледі. Сондықтан өзіндік құн шығын баптары бойынша тікелей және жанама шығынға бөлініп есептелінеді.

Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты шығын анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады.

Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанам Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі.

Бірінші сатыда өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады.

Екінші кезеңде - жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік құнын алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы анықталады.

Алдағы кезеңнің шығысына ; жаңа өндірісті , құрылғыны, агрегатты игерумен байланысты шығыс, кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немесе жылдарда өнімнің өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады.

Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл ретте жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруіне нақтыланады. Аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі өзіндік құнды төмендетеді.

Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына өндірістен тыс шығыс – өнімді сатумен байланысты шығындар

жатады.