Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции йым аржы.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.21 Mб
Скачать

25. Ұйымның негізгі қорларының құрамы мен құрылымы

26. Өндірістік қордың белсенді бөлігі

27. Өндірістік қордың енжарлы бөлігі

Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипттамаларының бірі болып табылады деп айтуға болады.

Барлық аталған негізгі өндірістік қор (НӨҚ) белсенді (активті) немесе енжарлы (пассивті) болып екіге бөлінуі мүмкін.

Белсенді бөлікке кәсіпорын мен саланың өндірістік қуатын, техникалық деңгейін белгілейтін, «өнімді жасайтын» негізгі қорлар жатады. Белсенді бөлігі басым түсетін негізгі өндірістік қорлар едәуір озық құрылымды болып табылады.

Кең мағынасында негізгі қорлардың белсенді бөлігіне еңбек затына кез келген түрде әсер етуші және осы үдерісті қамтамасыз етуші еңбек құралдары жатады. Бұл топтың негізін машиналар мен құрал жабдықтар, сонымен бірге жабдықтар мен бақылау - өлшеу құралдары да құрайды.

Бірақ, негізгі қорлар құрылымы оның жекелеген элементтерінің ара- қатынасымен ғана емес, олардың өзгеру қарқынымен де анықталады. Негізгі қорлар құрылымының өзгеруінде белгілі бір заңдылықтар орын алады.

Енжарлы бөлігіне өндіріске жағдай жасайтын, бірақ тікелей «өнім өндіруші» болып табылмайтын негізгі қорлар жатады. Бұл бөлікке әдетте ғимараттар мен құрылымдар, көбінесе өткізгіз құрылғылар, көлік құралдары және т.б. жатады.

Негізгі қордың белсенді бөлігі үлесінің өсуінің тікелей нәтижесі – өнім шығарудың артуы және кәсіпорынның қызметтік көрсеткіштерінің жақсара түсуі. Ғылымы-техникалық серпілістіктің үдеуі мен бірге негізгі қорлардың белсенді бөлігінің жалпы өнеркәсіп бойынша да, жеке салалар бойынша да жоғарлауалысы күшейіп кетеді. Жаңа кәсіпорындарда негізгі қорлардағы құрал-жабдықтар құнының меншікті үлесі ескі кәсіпорындарға қарағанда жоғары болатыны мәлім.

Қорлардың енжарлы бөлігін талдауды да естен шығармау керек. Кейбір жекелеген жағдайларда өндірістік қорлардың енжарлы бөлігі өсуі мүмкін. Бұл ерекше өндірістік жағдайларды талап ететін (мысалы, тазалығы,т ылғалдылығы ауа температурасы бойынша), демек жаңа өндірістік ғимараттар салуға жұмсалатын шығындарды күрт жоғарлататын өнім түрін өндіре бастағанда орын алуы мүмкін. Енжарлы бөліктің өсімі кейде әлеуметтік талаптарға сәйкес ескі кәсіпорынды қайта жаңғырту ісіне қомақты күрделі салым жасау есебінен жүреді.

28. Ұйымның негізгі капиталы.

Негізгі капитал деп материалдық өндіріс саласында сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни 1 жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа , көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.

Негізгі капиталға жататындар; жылжымайтын мүлік, машина мен құрал жабдықтар, өткізгіш тетікте, өлшеуіш машиналар мен техникалар және олардың бағдарламалық құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, жұмыскер және өнім беретін мал басы, арнайы саймандар және өзге де негізгі капитал.

Көлеміне немесе бағасына қарамастан пайдалану мерзімі 1 жылдан аспайтын өндіріс құралдары және кәсіпорынның қоймаларындағы дайын өнімдер болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамындағы құрастыруды қажет ететін жабдықтар негізгі капиталдың құрамына жатпайды.

Ұйымның негізгі капиталының есебі БЕС – ке сәйкес ұйымдастырылады. Осы стандарт НК есебін жүргізудің , субьектіге жататын меншік құқығын , шаруашылық пен оралымдық басқару жүйесін анықтайды.

Барлық негізгі қорлар экономикалық белгілеріне қарай саралануы мүмкін.Олардың ішіндегі маңыздылары – қызметтік міндеті, тозу қарқыны, қызмет ету мерзімі, пайдалану дәрежесі және т.б.

Негізгі капиталға негізгі қор , сондай-ақ жұмсалып бітпеген ұзақ мерзімді инвестициялар, материалдық емес активтер және ұзақ мерзімді қаржы инвестициялары кіреді.

Негізгі қорлардың белсенді бөлігінің өсуі еңбек өнімділігі мен өндіріс тиімділігін көтерудің басты резерві болып табылады.

Негізгі қорлар құрылымы ұйымның географиялық орналасуына да байланысты. Кәсіпорынның көлемі негізгі қорлар құрылымына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Негізгі қорлар құрылымына өндірісті ұйымдастыру түрі де әсер етеді.