Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать
  1. Қазақ акср – ның құрылуы және оның тарихи маңызы.

Қазақ кеңес ав­то­номи­ялық рес­публи­касы­ның құры­луы. 1920 жылғы 17 та­мыз­да РКФСР Ха­лық Ко­мис­сарлар Кеңесі Қырғыз рес­публи­касы ту­ралы Дек­рет жо­басын мақұлда­ды. 26 та­мыз­да БО­АК пен РКФСР Хал­ком Кеңесі РКФСР құра­мын­да «Қырғыз (Қазақ) Ав­то­номи­ялық Кеңестік Со­ци­алистік Рес­публи­касын құру ту­ралы» жар­лық қабыл­да­ды. Қазақ рес­публи­касы­на Се­мей, Ақмо­ла, Торғай және Орал гу­бер­ни­яла­ры, Маңғыс­тау уезі, За­кас­пий об­лы­сының Крас­но­водск уезіндегі 4-ші және 5-ші Адай бо­лыс­та­ры, Аст­ра­хань гу­бер­ни­ясын­дағы Си­немор бо­лысы, Бөкей ор­да­сы, 1-ші және 2-ші При­морье ок­ругта­рына шек­тес, қазақтар қоныс­танған бұрынғы қазы­налық жер­лер кірді. 1920 жылғы 22 қыркүйек­те Бүкіл Ре­сейлік Атқару Ко­митетінің жаңа дек­реті бойын­ша ҚАКСР-ның құра­мына Орын­бор гу­бер­ни­ясы енгізілді, ал Орын­бор қала­сы рес­публи­каның ас­та­насы бол­ды. 1920 жыл­дың 4–12 қаза­нын­да Қазақстан Кеңес­терінің құрыл­тай съезі бо­лып өтті. Съез­ге Қазақстан­ның бар­лық гу­бер­ни­яла­рынан 273 де­легат және Ал­тай гу­бер­ни­ясы қазақта­рының аты­нан 6 де­легат қатыс­ты. Құрыл­тай съезінде Ор­та­лық Атқару Ко­митеті (төрағасы С. М. Мен­де­шев) және Хал­ком Кеңесі (төрағасы В. Ра­дус-Зень­ко­вич) сай­лан­ды. Съезд Қырғыз (Қазақ) АКСР-і РКФСР-дің құра­мына кіретін жұмыс­шы­лар­дың, еңбекші қазақ халқының, ша­ру­алар­дың, ка­зак­тардың және қызыл әскер де­путат­та­ры кеңес­терінің ав­то­номи­ялық рес­публи­касы бо­лып құрылғанын мәлімдеді.

Билет № 5

  1. Қазақстан территориясындағы үйсін және қаңлылар.

Үйсін мәдениеті деп аталатын ескерткіштер негізінен Жетісуда шоғырланған.Үйсін мемлекеті өмір сүрді шамамен 700 жылдай. Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың Солтүстік-батыс өлкесінде; Шығыс Қазақстанда Тарбағатай тауының бөктерінде далалы өңірлерінде өз ізін қалдырған; Үйсін атауы Қытай жазбаларында б.з.б2 ғасырдан бастап кездеседі. 1 Үйсіндердің шығыс шеті Қытайдың солтүстік батысына Бесбалыққа дейін. 2 Батыстың Шу Талас өзендері мен Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылған. Қызыл аңғар Чигучен қаласы (Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстігі) Ежелгі Қытай хроникасы үйсіндердің екі астанасы жазғы жане қысқы астанасы болғанын жазады Халқы630мың Әскері188800. Мал шаруашылығы Үйсіндердің тұрмысында мал шаруашылығының маңызы зор болды. Жетісудың табиғаты оларға көп мал ұстауға мүмкіндік берді. Үйсіндер қой, жылқы,сиыр, қос өркешті түйе ешкі өсірген

Қағлылар б.з.б 3-2ғ.ғ-б.з5ғ

Қаңлы тайпаларының негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында орналасқан Жазба деректерде қаңлылардың Арыс Талас жағалауларында Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекараласы Ташкент аймағы Қаратау бөктерлерінен басталып Талас өзенінің дейін созылып жатыр. Астанасы Битянь Түркістан өңірі

Халқы 600мың 120мың отбасы. Әскер саны120мың. «Кангүй» «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктің бірі Қаңлы атауына ұқсас. Қытай тарихшысы Сыма Цянь «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты оның шекарасы басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған. Саяси тарихы Қытай деректерінде хабарлауынша қаңлылар күшейіп тұрған кезде олрға сарматтар мен алаңдар тәуелді болған. Б.з,б 46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен ғалымдар анықтап отыр. Басшысы-Хан. Елді басқаруға оның үш орынбасары уәзірлері көмектесіп отырған. Ру тайпа басшылары- көсемдер. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген. Қаңлы елі бес иелікке бөлінеді әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар құл етілді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]