Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать

Билет № 4

  1. Ерте Темір дәірі.

Бастаулары осы металды қолданумен сәйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б. I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мәнді ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды. Темір дәуірі – адамзат тарихында қола дәуірін алмастырған, аса маңызды әлеуметтік-экономикалық, саяси, демографиялық, технологиялық өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең. Бастаулары темір металын игерумен және оны кеңінен қолданумен сәйкес келетін бұл кезеңді ғылым тарихында «темір дәуірі» деген тұрақты атаумен белгілеуді алғаш рет 19 ғ-дың ортасында К. Томсен (Дания) ұсынды. Біздің заманымыздан бұрын 1-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезең арасында темір адамзаттың заттық мәдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындағы барлық мәнді ашылымдар осы металмен байланысты. Дегенмен, темір ұзақ уақыт бойы аз таралған әрі қымбат металл болып қала берді. Тек б.з.б. 1-мыңжылдықта ғана темір металлургиясын қолданысқа кеңінен ендіру қолға алынды. Қазіргі заманда да темір еңбек құралдары жасалатын бірден-бір маңызды металл болып қалуда, сондықтан қазіргі дәуір де темір ғасырына жатады. Осы себептен, тарихи-археологиялық кезеңдемеде «ерте темір дәуірі», одан кейінгі кезеңге қатысты «орта ғасырлар дәуірі» деген атаулар қолданылады. Темір ерекше металл. Оның балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа соқпайды. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына жатады.

Сақ тайпаларының тарихы мен саясаты.

Алғашқы қауым­дық қаты­нас­тар ыды­рап, әске­ри де­мок­ра­тия құры­лысы­ның пай­да бо­ла бас­таған ке­зеңі. Бүкіл тай­па мүше­лері сай­лаған тай­па көсемі – бас қол­басшы бол­ды. Олар тай­па­ны да басқарып отыр­ды. Әр көсем өз тай­па­сының қару­мен, азық-түлікпен қам­та­масыз етілуін қадағала­ды, тай­па аты­нан келіссөз жүргізіп не­месе келісімге келіп отыр­ды. Тай­па одақта­рының көсем­дері ру мен тай­па ара­сын­да жайылым және көшу­ге қажетті жер бөлу ісімен ай­на­лысып, осы жер­лерді пай­да­лану ере­жесін анықта­ды. Со­нымен қатар олар жер да­уын шешіп, ру­лар мен тай­па­лар ара­сын­да қақтығыс ту­ып кет­пеуін қадағала­ды. Сақ әйел­дері қоғам­дық өмірге бел­се­не қатыс­ты және ер­кектер­мен бірге соғыс­ты. Тіптен олар­дың кейбіре­улері тай­па көсем­дері бо­лып та сай­лан­ды Әске­ри де­мок­ра­тия тап­тық қоғамға өту ке­зеңі бол­ды. Де­мек, сақтар мем­ле­кет құру ісінің та­бал­ды­рығын­да тұрды. Бұл құбы­лыс оты­рықшы ха­лықтарға қараған­да, көшпелілер­де кешірек пай­да бол­ды. Сай­ла­нып қойылған көсем­дердің қолы­на аза­мат­тық және әске­ри билік шоғыр­ланды, әске­ри жа­сақтар құрыл­ды. Сақ бірлестігін хан басқар­ды. Әрбір тай­па бірлестігің өз ха­ны бол­ды. Хан мұра­герлік жол­мен сай­лан­ды. Егер хан өлсе, оның ор­ны­на ұлы, ал кәме­лет­ке тол­маған не­месе мүлде бол­маған жағдай­да хан­ның ең сенімді әйел­дерінің бірі ел басқар­ды. Хан ел­ба­сы, ел мен жердің иесі, бас қол­басшы са­налған. Хан­ның жа­нын­да ірі-ірі тай­па бас­шы­лары және әйгілі ба­тыр-қол­басшы­лар­дан тұра­тын хан кеңесі жұмыс атқарған. Маңызы бар мәсе­лелер ха­лық жи­налы­сын­да талқыла­нып, оған әйел­дер де қатыс­ты. Малға же­ке меншік пай­да бол­ды. Соғыс негізінен тай­па көсем­дері үшін пай­да­лы еді. Осы­лай мүлік теңсіздігі шықты. Тұтқын­дар құлға ай­нал­ды­рылып, үй ша­ру­ашы­лығын­да жұмыс істеді. Бұл ке­зеңдегі құлдар­дың көбі ер адам­дар бол­ды. Сақ қоғамын­да өмір сүрген адам­дардың үш то­бы ерек­ше­ленді: жа­уын­герлер, абыз­дар және басқа қауым адам­да­ры (мал­шы­лар мен егіншілер). Әрбір қоғам­дық топ­тың дәстүрлі өз түсі бол­ды. Жа­уын­герлердікі – қызыл, абыз­дардікі – ақ, өзге­лердікі – са­ры және көк. Ша­ру­ашы­лығы. Сақтар, негізінен, мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Мал ша­ру­ашы­лығының 3 түрі бол­ды: көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы Ба­тыс және Ор­та­лық Қазақстан­да өріс ал­ды. қыс­тық және жаз­дық қоныс­тарды қажет ететін жар­ты­лай көшпелі мал ша­ру­ашы­лығы — Ал­тай, Тянь-Шань та­ула­рын­да, Жетісу, Шығыс Қазақстан­да көп та­рады. оты­рықшы мал ша­ру­ашы­лығы (жар­ты­лай егіншілікпен ай­на­лысқан). Ша­ру­ашы­лықтың мұндай түрі Оңтүстік Қазақстан­дағы Сыр­да­рия, Ке­лес, Шу өзен­дерінің аңғарын­да да­мыды. Сақтар жылқы, қой, түйені өте көп өсірді, ал ірі қара (си­ыр) са­ны аз бол­ды. Сыр­да­рия өзенінің аңғарын­да егін ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыс­ты. Би­дай, та­ры, қара­бидай өсірді. Егінді ка­нал арқылы су­ар­ды.Сақ за­манын­да доңғалақты көлік түрлері да­мыған. Мұндай ар­ба­ларға өгіз, ат және түйелер жегілген. Соғыс және аңшы­лыққа ар­налған күй­ме­лер, негізінен, екі доңғалақты болған. Сақ тай­па­лары қосалқы кәсіп ретінде аңшы­лықпен және ба­лық аула­умен ай­на­лысқан.Сақтар­дың өнері мен са­уда­сы. Сақтар­да кейіннен қолөнер мен са­уда да­ми бас­та­ды. Ше­бер­лер ер-тұрман, әше­кей, най­за, сем­сер, қан­жар т. б. жа­саған.Қолөнер жақсы да­мыды. Мыс, ал­тын, күміс, қорғасын т. б. ме­тал­дарды көп пай­да­ланған. Со­нымен қатар теріден, ағаш­тан, қыш­тан ыдыс­тар жа­саған.Сақ тай­па­лары Сібір, Еуро­па, Ал­тай және Шығыс ел­дерімен бай­ла­ныс жа­сады. Са­уда Жібек жо­лы және б. з. б. 1 мыңжыл­дықтағы «Да­ла жо­лы» арқылы да­мыды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]