Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпоры история.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.03 Mб
Скачать
  1. Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар (қазіргі кезеңдегі).

1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүние жүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. Сол жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан, Түркиядан, Ираннан және ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 жылғы 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. Форумда негізінен мынандай мәселелер қаралды: 1. Жаңа көзқарас тұрғысынан интернационализм мен тату көршілік қатынас жағдайлары талқыланды. 2. Президенттің Бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығы алғаш рет академик М. Сүлейменовке, халық жазушысы Д. Снегинге, жазушы, аудармашы Г. Бельгерге тапсырылды.

Билет № 24

  1. XiVғ. Соңындағы Ақсақ – Темір мен Дешті – Қыпшақ тайпаларының өзара қатынастары.

«Қыпшақ» атауы ең бірінші рет 760 жылы ежелгі түріктің руникалық ескерткіштерінде аталады. Мұсылман деректерінде қыпшақтар тұңғыш рет араб географы Ибн Хордабектің (IX ғ.) жылнамалық жинағында ұшырасады.

  1. Көшпелі өзбектер мемлекет. Өзбек ұлысының этникалық компаненттері.

Әбілхайыр хандығы, Көшпелі өзбектер мемлекеті - орта ғасырлардағы қып-шақ мемлекеті. Әбілхайыр хандығы 1428 жылдан 1468 жылға дейін өмір сүрді. Деш-ті Қыпшақтағы (Ақ Ордада) Жошы үрпақтары арасын-дағы өзара соғыстарға байла-нысты Шайбани әулетінің саяси басымдыққа қол жет-кізуі нәтижесінде қүрылған. 1428 жылы Ақ Орда ханы Барақтың өлімінен соң, Әбіл-хайыр хан таққа отырды. Әбілхайыр хандығы батысын-дағы Жайықтан шығысын-дағы Балқашқа дейінгі, оңтүстігіндегі Арал мен Сыр-дарияның төменгі ағысынан, солтүстігіндегі Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейін-гі аумақты алып жатты. Хан-дықтың астанасы алғашында Батыс Сібірдегі Тура (Тара, Чимги Тура) болып, кейін, 1446 жылы, Сыр бойындағы Сығанаққа көшірілді. Әбіл-хайыр хандығы қүрамында қоңырат, маңғыт, үйсін, найман, қосшы, күрлеуіт, қарлүқ, таңғүт, үиғыр, таи-мас, бүркіт, қият, кенегес тайпалары болды. Әскер қүрамында қыпшақтар, ой-раттар, мажарлар да қызмет еткен. Әбілхайыр хандығын-да аталың (көкілташ), диуан, қази, инақ, наиб, әмир-и шикар, жасауыл, михман-даруға, худай, мубашир, басқақ сияңты лауазым ие-лері маңызды рол атқарды. Хандық қүрамындағы Иасы, Отырар, Сығанақ, Үзген, та-ғы басқа қалаларда қолөнер, сауда-саттық, егіншілік, дәс-түрлі мал шаруашылығы да-мыды. 1457-1459 жылдары Керей мен Жәнібектің Әбіл-хайыр ханнан бөлінуі Әбіл-хайыр хандығының ыдыра-уына әкеліп соқтырды. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болғаннан кейін мемлекет жеке үлыстарға, иеліктерге ыдырап кетті.

  1. Жоңғар хандығының күшеюі. «Ақтабан шұбырынды...» жылдары.

Жоңғар Шапқыншылығы, жоңғар-қазақ соғыстары (Отан соғысы деп те аталады) – Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, 18 ғасырдың 50-жылдарына дейін оның аумағына ойраттардың бірде өршелене, бірде беті қайта жасаған шапқыншылықтары. Қазақ халқы ойраттарды алғашқыда қалмақтар, кейін жоңғарлар деп атаған (қ. Жоңғар хандығы). 15 ғасырдың 50-жылдары ойраттардың қалмақ тайпасының билеушісі Үз-Темір тайшы өздерімен іргелес жатқан қазақ даласына шабуыл ұйымдастырады. Дешті Қыпшаққа баса-көктеп кіріп, Ақ Орданы ойрандады. Сыр бойына жетіп, қазақ ұлыстарын оңтүстік-шығысқа қарай ығыстырып, Түркістанды, Ташкентті басып алды. Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]